Рефераттыорындауға қойылатын талаптар Реферат ғылыми жұмыс болып табылады, себебі онда ғылыми зерттеудің элементтері болады. Осыған байланысты рефератты ресімдеуге де басқа ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады.
Барлық ғылыми жұмыстарды ресімдеу ережесі бүкіл білім-ғылым саласы үшін стандартты болып табылады және мемлекеттік стандарттармен реттеледі. Рефераттар үшін мынадай талаптар орындалуы керек: жалпы талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді дұрыс әрі анық ресімдеу, библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен атауларды дұрыс қолдану. Аталған ережелерді кейін оған уақыт кетірмес үшін бірден есте сақтаған жөн.
Рефератты ресімдеу ережелері Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (факультеттің), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жөні, қала және реферат жазылған жыл көрсетілетін жұмыстың титулдық беттен басталатынын естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер нөмірленіп, рефераттың мазмұны жазылады.
Рефераттың жалпы көлемі 15-20 беттенаспауы керек. Абзац 1,25 см. болуы тиіс.
Парақтың жиегі сол жағы - 3 см., оң жағы - 1,5 см., төменгі жағы - 2 см., жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек. Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні Microsoft Word редакторында терілсе, Times New Roman шрифтін қолдану ұсынылады. Шрифт мөлшері - 14 пт.
Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі бөлім, бөлімдер, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тарау мен оған дейінгі мәтіннің арасы, сондай-ақ тарау мен параграфтың арасының қашықтығы 1 интервалды құрайды.
Ортаға жазылатын тақырыптан кейін нүкте қойылмайды. Тақырыптың асты сызылмайды.
Рефераттың титулдық беті рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық бетке нөмір қойылмайды.
Әдебиет тізімі Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиеттер дереккөзі ГОСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде көрсетіледі.
Рефераттағы әдебиет тізімінің саны – 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде көрсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.