Презентация «Жалпы тәжірибелік дәрігер 1»



бет3/13
Дата27.09.2024
өлшемі0,96 Mb.
#145933
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ГИПОГАЛАКТИЯ АЛДЫН АЛУ


Гипогалактия болмас үшін сүт безін тіліп алудан, зақымданудан , стресстік жағдайлардан сақтанып жүру. Ана өз-өзіне ыңғайлы жағдай жасауы тиіс. Ананың дұрыс күтінуі – бала денсаулығының басты кепілі!
Құнарлы тамақтану, күн тәртібі мен демалуды қамтамасыз ету.
Баланы емізуге сүт безін дайындау керек, сүт безі тінінің қатаюын және емізікше мен ареоланың жоғары серпімділігін қалыптастыру үшін механикалық әдістерді қолданып массаж жасау.

Гипогалактия емі

Дәрісіз емі:

  • Емізгеннен кейін және омырауды сауғаннан кейін сүт безін ыстық суумен жуу . Су температурасы 45 градус болу керек. Бірмезетте орталықтан шетке және жоғарыдан төмен қарай массаж жасаймыз. Массажды әрбір сүт безіне 10 минут бойы күніне 2 рет жүргізу керек . (Есте сақтаңыздар! Массажды мастит және айқын лакторрея кезінде жасауға болмайды!)

Физиотерапиялық әдістер:

  • Сүт безін ультракүлгін сәулелендіру (1/4 – 1 биодозаға дейін, 10 күн бойы );
  • Ультражоғары жиілікті электромагнитті алаңмен өңдеу (10 минуттан 10 күн бойы);
  • Никотин қышқылымен электроферез;
  • «Солюкс» лампасымен жылыту (5 минуттан 30 минутқа дейін), күнделікті ем уақытын 5 минутқа ұзарту, курс 5-10 күн.
  • Сүт безіне парафин аппликациялары
  • Вибрациялық массажды диатермиямен кезектесіп отыру
  • Ине рефлексотерапия

Гипогалактияның дәрілік емі

Дәрілік емді кешенді түрде жүргіземіз. Кешенді 7-10 күнге тағайындаймыз, қажет болса қайтадан тағайындауға болады.

  • Бірінші кешен:
  • ◾апилак 0,01 г-нан 3 рет тіл астына толық сорылғанша;
  • ◾«Гендевит» (30 жасқа дейінгі әйелдерде) немесе «ундевит» (30 жастан асқан әйелдерде) күніне 1 дражеден 2 рет, тамақтан соң;ң
  • ◾Е дәрумені күніне 3 рет, бір рет қабылдағанда — салмағы 60 кг дейінгі әйелдерге 0,1 гр, 60 кг артық салмаққа 0,2 гр
  • ◾Глютамин қышқылы 1,0 грамнан күніне 3 рет, тамақтанудан 20 минуттан кейін . Есте сақтаңыздар! Таблетканы шайнамау керек.
  • ◾Никотин қышқылының (PP дәруменінің ) жеке дозасы таңдалынады. (0,05-0,1 гр) тамақтан соң күніне 4 рет, баланы емізуге 15-30 минут қалғанда ішу керек.
  • ◾Никотин қышқылының дозасы дұрыс болып келесі белгілер байқалғанда саналады: Дәріні қабылағаннан кейін омырауда сүттің құйылуы сезімі пайда болса. Олай болмаса, оны 0,025 г немесе бір реттік дозасы 0,1 г жеткенге дейін жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет