Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 б жм қабылдаған: Тоймбетова К. А



бет3/7
Дата18.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#118305
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
278407.pptx (1)

Көлденең жолақты ет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus ) — қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрекет ұлпасы болып екіге бөлінеді. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы (лат. textus muscularis striatus sceletalis) — қаңқаның, тілдің, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы бөлігінің, көмекейдің, көз алмасының, құлақтың, көкеттің бұлшықеттерін құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасының ет талшықтары миосимпласттардан тұрады. Миосимпласт сыртынан сарколеммамен қапталған. Сарколемма өз кезегінде екі қабат қабықтан: сыртқы негіздік жарғақтан және ішкі плазмолеммадан тұрады. Бұлшықет талшықтарының сопақша келген мыңдаган ядролары миосимпласт цитоплазмасының шеткі жағында, сарколемманың астында жатады. Ал миосимпласттың жалпы органеллалары ядролардың маңайында орналасады. Миосимпласттарда агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олар бір-бірімен өзара ілмектері арқылы жалғасып, байланысып жатады. Бұларды саркоплазмалық тор деп атайды. Митохондриялар миофибриллалардың аралықтарында орналасады. Миосимпласт саркоплазмасында энергия көзінің қызметін атқаратын гликоген дәншелері, липидтердің майда тамшылары және тыныс алу пигменті — миоглобин болады. Бұлшықет талшықтарының арнайы органеллалары — миофибриллалар миосимпласт ядроларын саркоплазмага қарай шетке ығыстырып, цитоплазма орталығының көп бөлігін алып жатады. Олар ет талшығының ұзын бойын бойлай орналасады. Миофибриллалардың орташа диаметрі 1-2 мкм. Миофибриллалар ретімен және кезегімен орналасқан жиырылғыш протеиндер — актин және миозин жіпшелерінен құралған
Жүрек бұлшықет ұлпасы (сердечная мышечная ткань); (лат. textus muscularis cordis textus — ұлпа, muscularis - Бұлшық ет, cor - жүрек) — жүректің ортаңғы қабығы — миокардты түзеді. Жүрек Бұлшықет ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі (висцеральды) жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады. Ұлпа — пішіні цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден құралған. Олардың сопақ ақшыл боялған ядросы жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады[1]. Жиырылу процесін іс жүзіне асыратын, актин және миозин миофиламенттерінен құралған протеиндік жіпшелер — миофибриллалар жасуша цитоплазмасының шеткі жағында ұзынынан орын тебеді. Кардиомиоциттер үштарындағы арнайы тұйықтаушы аймақтары арқылы өзара байланысып, аралық дискілер түзеді. Бүған қоса олар бүйір өсінділері арқылы да жалғасып, тор тәріздес құрылым түзеді. Осының нәтижесінде миокард кардиомиоциттері бір мезгілде жиырылады
Қаңқалық бұлшық ет тіні
Адам массасының 25-50% құрайды.Ол скелеттік мускулатураның құүрылымдық құрамдасы сонымен қатар тіл, өңеш бөліктерінде де құралған.
Г и с т о г е н е з і
Жалпы организмдегі бүкіл қаңқа бұлшықеттері бір жерден яғни,мезодерманың дозалді бөлігі сомиттердің ортаңғы бөлігі-миотомдардан дамиды. Қаңқа бұлшықет тінінің гистогенезі 4 сатыдан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет