Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 б жм қабылдаған: Тоймбетова К. А


Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы



бет6/7
Дата18.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#118305
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы
Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының қалыпты морфофункциялық жағдайын қолдау регенерация арқылы қамтамасыз етіледі. Талшықтың ескі бұзылып жатқан талшықтары жаңа құрылымдарға алмастырыдлады.


жасушаішілік регенерация
жасушалық регенерация
Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерация механизмі
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары.
Бірыңғай салалы бұлшықет (гладкая мышца); (musculus visceralis; лат. musculus — бұлшық ет, viscera — ішкі) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бүлшықет.
Бірыңғай салалы бұлшықетті екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет үлпасының жасушалары —миоциттер құрайды. Миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық (эндомизий) арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді.
Бірыңғай салалы бұлшықет құрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады. Оның паренхимасын миоциттер, ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралықтар құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет — эмбриондық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі. Бұлшықетті вегетативті (автономды) жүйке жүйесі жүйкелендіреді. Сондықтан, бірыңғай салалы бұлшықет — автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғаларының жиырылып, қызмет атқаруын қамтамасыз етеді

Бұлшық еттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі
Постнаталды кезеңде бұлшық ет талшықтарының ақырғы қалыптасуы аяқталады. Диаметрі үлкейгендіктен олар тығыздалады. Ұзындығы мен жуандығы өсуі есебінен бұлшық ет тінінің көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет тіндерінің ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және жасушалық ат бөліктерінде байқалады. Яғни базальды мембранасы қалыңдайды, миофибрилдердің ұйымдасуы бұзылады, олар көлденең жолақтығынан айырыларды, жеке фрагменттерге ыдырайды, Z-сызық ыдырап кетеді. Митохондрияларда өзгеріске ұшырайды, олар сарколемманың астында жинақталып, гипертрофияға немесе керісінше дегенерацияға ұшырайды. Миосателлитоциттер бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігінен бөлініп шығып, жайылып өсіп келе жатқан дәнекер тінді қабатшаға өтіп кетеді.Жасқа байланысты өзгерістердің салдарынан бұлшықеттің қалпына келу қарқыны төмендейді, бұлшық еттің тұтқырлығы мен серпінділігі төмендейді және тез шаршағыш келеді.
Физикалық жүктеме кезінде жаттықтыру арқылы бұлшық етке түсетін жүктеме көлемін өсірген жағдайда, бұлшық ет талшықтарыны, диаметрі үлкейіпсаны да өседі. Сөйтіп бұлшық ет массасы ұлғаяды. Бұл өзгерістер нәтижесінде саркоплазмада митохондрия саны көбейіп, миосателлитоциттердің пролиферацияланып, дифференцияланады.Ал Гипокинез(аз қимылдау) салдарынан бұлшық ет талшықтарының диаметрі төмендейді, жиырылғыш тірек аппараты бұзылады, нәтижесінде бұлшық ет массасы азаяды(атрофия).

Қорытынды

Адам ағзасының сүйектен кейінге негізі болып саналатын бұлшықет тіндері. Олардың дамуы, жаңаруы үздіксіз жүріп отыратын процесс. Тірек-қимыл жүйесінің негізіне құраушылардың бірі болып табылатын бұл тін дененің ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептік шығу, жатырдың жиырылуы (босану) т.б. қозғалыс-қимылдар ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері арқылы жүзеге асады. Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне құрамындағы жасушалары – миоциттері мен талшықтарының ұзынша пішіні, бұлардың құрамындағы арнайы органеллалары – миофибриллалары мен миофиламенттері жатады. Жас организмде бұлшық ет қалыпты қызмет атқару үшін оны шынықтырып отыру керек.Сол кезде бұлшық еттің қайта қалпына келу қасиеті жоғарылап шымырлай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет