Презентация Тақырыбы: Қалқанша без, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар



бет4/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#83512
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
279929.pptx

Қалқанша жанындағы бездер

  • Қалқанша жанындағы бездер (glandula parathyroidea) аса үлкен емес эпителилі құрылым, саны 4, салмағы 20-50мг.Олардың орташа шамалары: ұзындығы 6мм, ені 4мм, қалыңдығы 2мм. Бездер өте жақсы тамырланған. Қалқанша жанындағы бездер бөлетін гормон паратгормон деп аталады.
  • Қызметі. Ол организмнің тірегі – қаңқаның жасалуына және қорғаныс қызметін атқару үшін қажет. Организмде кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Ол қозу мен жиырылу үрдістерін байланыстырады, көптеген ферменттердің белсенділігін реттеуде маңызды орын алады.

Паратгормон жетіспесе немесе алып тастаса, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфор мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы артады да бұлшықеттер сіресіп қалады.

  • Паратгормон жетіспесе немесе алып тастаса, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфор мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы артады да бұлшықеттер сіресіп қалады.
  • Паратгормон шамадан артық бөлінсе, сүйекте кальций азаяды. Сүйектер қисайып, сыңғыш келеді. Қантамырларда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады.
  • Бездерді алып тастаған жағдайда, сіресіп тартылу әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.

Бүйрекүсті безінің құрылысы мен қызметі

  • Бүйрекүсті безі (glandula suprarenalis) бүйректердің жоғарғы жағында орналасатын жұп ағза. Оның массасы 4 г – ға жуық. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады.
  • Қызметі. Милы заты қанға симпатикалық жүйенің тонусын сақта, тамырды тартылту қасиеті бар норадреналин мен адреналин бөледі. Қыртысты заты су, тұз, белок және көмірсу алмасуына әсер ететін гормондар – стреойдтар бөліп шығарады.

Аурулары

  • Аддисон дерті (morbus Addіsonі; басқаша — қола ауруы — бүйрек үсті безінің 9/10 бөлігі істен шығуы). Ол туберкулез ауруы (50-85%), аутоиммундық атрофия және басқа паталогиялық процестерден пайда болатын аурулар (амилоидоз, гистоплазмоз, рак метастаздары т.б.) әсерінен өршиді. Аддисон дертімен көбіне 20-40 жас аралығындағы адамдар ауырады.
  • Аурудың белгілері. Ауру өте баяу басталып, теріде, терінің шырышты қабатында қола түстес дақтар пайда болады. Қан қысымы күрт төмендейді, электролиттер алмасуы бұзылады.
  • Алдын алу шаралары. Аддисон дертін қоздырушы кеселдерді емдеу, ауруға қарсы гидрокортизон, кортизон, преднизолон дәрілерін беру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет