Презентация Тақырыбы: Қалқанша без, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар



бет5/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#83512
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Кушинг синдромы

  • Кортизолөндіруші бүйрек үсті безі ісіктерінің ықпалынан дамитын Кушинг синдромы-ның этиологиясы әлі күнге дейін белгісіз (кортикостерома, қатерлі кортикостерома).КС кезінде мүшелер мен ағзаларда дамитын түрлі өзгерістердің патогенезі негізінде алдымен кортизолдың артық өндірілуі жатыр. Кортизол физиологиялық емес концентрацияда ақуыздық құрылымдарға, тіндер матрицаларына (сүйек, бұлшықет, миокард, тері, ішкі ағзалар) катаболикалық әсер көрсетеді, нәтижесінде оларда біртіндеп айқын дистрофиялық және атрофиялық өзгерістер дами бастайды.
  • Аурудың белгілері. Науқастардың 90%-ында семіздік дамиды. Май жасушалары диспластикалы жиналады (кушингоидты семіру түрі): іште, мойында, бетте (қошқыл-қызыл түсті, кейде цианозды («матронизм») ай тәріздес бет-әлпеті) және желкеде жиналуы(«климакстік төмпек»). Білектің сыртқы бетінде май тіндері мен тері айқын жұқарады, ал семіздіктің басқа түрлерінде бұндай өзгеріс дамымайды. Тіпті ауыр науқастарда семіздік болмаса да, тері асты шел май қабатының біркелкі таралмағаны көрінеді. Терісі жұқа, айқын қантамырлар суреті мрамор тәріздес түр береді, құрғақ, кей жерінде ошақты тершеңдік байқалады, тез қабыршақталады.

Қорытынды

  • Эндокринддік бездер бөлетін гормондар ағзаның өсуі, даму, жүйке жүйесі реттеу үшін маңызы зор. Қанда аз мөлшерде болатынына қарамастан, гормондардың физиологиялық әсері өте күшті. Эндокриндік бездер ағзада болып жатқан үдерістердің барлығына қатысады. Сондықтанда адам өмірі үшін бұл бездердің маңызы зор. Адам денесінде бұл гормондардыңқалыптылығы бұзылған жағдайда адам өліп кетуіде мүмкін. Сондықтанда гормондардың қалыптылығын сақтау үшін дұрыс тамақтанып,құрамында йод, кальций, фосфор көптеп кездесетін тағамдармен тамақтану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет