Презентация Тақырыбы: Қалқанша без, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар


Қызметі: Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады



бет2/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#83512
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
279929.pptx

Қызметі:

  • Қызметі:
  • 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

    2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

    3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.

    4) без өндіретін трикольцитонин кальций мөлшерін реттейді

Аурулары

  • Микседема (грек. myxa – шырышты сұйық және oіdema – ісік) – қалқанша без қызметінің әлсіреуінен немесе мүлдем жойылуынан пайда болатын сырқат. Микседеманың туа бітетін (жиі) және жүре пайда болатын түрлері болады. Туа бітетін Микседема ұрықтың жатыр ішінде даму барысында әр түрлі инфекцияға (мысысалы, мерез ауруы) шалдығуынан немесе ұрықтың дұрыс дамымауы салдарынан қалқанша бездің дұрыс жетілмеуінен болады. Ал жүре пайда болатын Микседема қалқанша бездің жедел және созылмалы қабынуларынан, жарақатынан, немесе әр түрлі себептермен қалқанша безді хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін оның функционалдық жетіспеушілігінен дамиды.
  • Аурудың белгілері. Микседеманың негізгі белгісі, ол тері астына шырышты сұйықтықтың жиналуынан туатын ісіну (аурудың аты осы белгіге негізделген). Ісік көбінесе тері астын, тіл, бет, мойын, кеуде тұсын қамтиды. Микседемамен ауырған адамның шашы түседі, қан қысымы төмендейді, жүрек соғуы (пульс) сирейді. Микседемаға шалдыққан ауру адамдар бірте-бірте ақыл - есінен айырылып, олардың жыныстық рефлекстері де төмен дәрежеде болады.
  • Емдеу. Микседеманы емдеу үшін ауру адам қалқанша без шығаратын гормондарды (тиреоидин, дииодтирозин, т.б.) тұрақты түрде қолдануы керек. Бұл шара ауруды толық емдемегеннен, кейбір белгілерінің жойылуына әсер етеді де, ауру адамның жалпы жағдайын біршама жақсартады.

Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын жемсау, яғни зоб ауруы – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін. Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Зоб ауруының пайда болуына тұқымқуалаушылық, түрлі инфекциялар, дұрыс та­мақ­танбау, уақытылы дұрыс ұйық­тамау, ағзаның әлсіреуі, депрессия, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады.

  • Аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын жемсау, яғни зоб ауруы – қалқанша безінің зораюынан туындайтын тамақтағы ісік немесе түйін. Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Зоб ауруының пайда болуына тұқымқуалаушылық, түрлі инфекциялар, дұрыс та­мақ­танбау, уақытылы дұрыс ұйық­тамау, ағзаның әлсіреуі, депрессия, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады.
  • Аурудың белгілері. Зобқа ұшыраған адамның есте сақтау қабілеті күрт төмендеп, әлсіз, әлжуаз күйге түсіп, шашы уыстап түсіп, терлегіш және тырнағы сынғыш келеді. Ең басты белгісі шектен тыс ашушаңдық. Қол-басы қалтырап, көзі шарасынан шығып кете жаздайды.
  • Зобты болдырмаудың бірден-бір жолы – құрамында йодталған тұзды тағамдарды жиі қолдану болып табылады.
  • Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар(кретинизм) болып туылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет