Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір ЕБҚЕ балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – ЕБҚЕ балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. ЕБҚЕ жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму ЕБҚЕ жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.
ЕБҚЕ балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? ЕБҚЕ жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жандүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ержолова Ж.А., Сакаева А.Н. Психолого-медико-педагогическая консультация в условиях развития инклюзивного образования: практика и актуальные вопросы // Инклюзивное образование: теория, практика, опыт. Материалы международной научно-практической конференции. Национальная академия образования им. И. Алтынсарина. - Нур-Султан: НАО им. И. Алтынсарина, 2021-2022. – С. 263-266
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың оқыту үдерісіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу. Әдістемелік ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 216 б.
Материалы всемирной конференций «Саламанская декларация о принципах, политике и практической деятельности в сфере -образования лиц с особыми потребностями». - Испания, Саламанка, 1994.- 7-10 июня
Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы.
Р.Б. Каримова «Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в РК» // Журнал «Открытая школа».2019
Дефектология – 2008- №3. 10. Г.Б.Алипкалиева «Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі ЕБҚЕ балаларды әлеуметтендіру».