Презентация тақырыбы: Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім сапасын арттыру



бет5/9
Дата08.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#55808
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕБҚЕБББА

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды педагог-ассистентпен қолдау қажеттілігі баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты анықталады. Штаттық кестеде педагог-ассистенттің (тьютордың) болмауы және инклюзивтік сыныпта мұғалім көмекшісінің аса қажеттілігі жағдайында педагогикалық ұжымдар қазіргі уақытта аталмыш мәселені шешуде әртүрлі шешімдер табуда.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды педагог-ассистентпен қолдау қажеттілігі баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты анықталады. Штаттық кестеде педагог-ассистенттің (тьютордың) болмауы және инклюзивтік сыныпта мұғалім көмекшісінің аса қажеттілігі жағдайында педагогикалық ұжымдар қазіргі уақытта аталмыш мәселені шешуде әртүрлі шешімдер табуда.

Педагог-ассистент сабақта көмек көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар үзіліс кезінде де көмектеседі. Әдетте, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы қолдау қажеттілігі, сонымен қатар қолдау аралығы ПМПК ұсыныстарында көрсетіледі. Сонымен қатар баланы педагог-ассистентпен қолдау қажеттілігі туралы шешім психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен қабылдануы тиіс. Баланы мектепте оқытуға бейімдеу шамасына қарай педагог-ассистент көмегінің көлемі қысқартылу мүмкін. Уақыт өте келе бала педагог-ассистенттің көмегіне белгілі бір уақыт аралығында ғана жүгінетін болады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында, бақылау жұмысын жазарда немесе жаңа жағдайларға тап болғанда жүгінеді.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жасалған, айқындалған моделі келесі қағидаттармен сипатталады:

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жасалған, айқындалған моделі келесі қағидаттармен сипатталады:

  • - жүйелілік – әртүрлі бағыттағы: балаларға, мұғалімдерге, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету процесінде іске асады (баланың білім алуындағы шынайы жағдайларда көрсетіледі, оқушының қиналған тұстарын, әлеуетті мүмкіндіктерін, мықты жақтарын айқындайды. Осылардың бәрін ескере келе психологиялық-педагогикалық қолдаудың жүйесі модельделіп айқындалады);
  • - кешенділік – педагогпен, психологпен, логопедпен, ата-анамен балаға көрсетілетін кешенді көмек деп түсініледі. Мұндайда ол бала қызметінің барлық аяларын (танымдық, эмоциялық-жігерлік, қозғалыс) қамтиды, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар оңтайландырылады, оқуда жетістіктерге жетуді және тұлғааралық байланыстарды жақсартуды қадағалауға мүмкіндік береді;
  • - интегративтілік – әртүрлі (психотерапиялық және психологиялықпедагогикалық) әдістердің, әдістемелердің, тәсілдердің, дидактикалық және психотерапиялық амалдардың интеграциясын кӛздейді (білім беру ортасын ғана емес, сонымен қатар микроәлеуметтік ортаны да қамтиды); - баланың ерекше қажеттіліктері басымдықтары
  • – баланың оқудағы қиындықтарының себептерін анықтау, білу, және оның ерекше қажеттіліктерін айналма жолдар ретінде пайдалану үшін есепке алу (білім беру процесін ұйымдастырудың арнайы шарттарында қажет етіледі);
  • - үздіксіздік – баланың мүмкіндіктері мен қабілеттерін ерте анықтау, барлық оқу кезеңі бойы, яғни білім берудің барлық сатыларында психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру қажеттілігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет