Презентация Тақырыбы: Шоттар және олардың түрлері Shymkent 2022 Орындаған: Сапыбек Мадина,Сапарәлі Жәнел Тобы: Эф20 5кт



бет2/2
Дата10.10.2022
өлшемі2,77 Mb.
#42267
түріПрезентация
1   2
1-кесте. Активтік шот

Дебет

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашлық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебет бойынша айнлып – кредит бойынша айналым)

Сонымен, актив шот бойынша көрсетілетін: шоттың дебет жағы бойынша – операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша – қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.
2-кесте. Пассивтік шот

Дебет

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + кредит бойынша айналым – дебет бойынша айналым)
  • Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:
  • v Шоттың кредиттік жағы бойынша операцияларын басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
  • v Шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.

Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақталып қорытылған көрсеткіштері болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі. Аналитикалық шоттар есептің тиісті объектілеріне түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады. Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы сомасына тиісінше тең болуға тиіс.
Шаруашылық операцияларының әсерінен кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің құрамында болатын екі жақты өзгерістер бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді, яғни кәсіпорында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік шоттарда екі жақты көрініс табады. Ол екі жақты жазу әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Екі жақты жазу деп – орындалған шаруашылық операциясының бір мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табуын, яғни бір шоттың дебетінде екіншісінің кредитінде жазылуын айтады. Мысалы: есеп айырысу шотынан 10000 теңге банктің қысқа мерзімді несиесі қайтарылды. Бұл сома есеп айырысу шотының кредитіне, ал банк несиесі шотының дебетіне жазылады. Кәсіпорында орындалған әрбір шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісінің көмегімен шоттарға жазу кезінде сол шоттардың арасында өзара байланыс пайда болады.Бұл байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайд, ал екі жақты жазудың көмегімен бір-бірімен өзара байланысқан шоттарды коррепонденцияланушы шоттар дейді. Шоттар корреспонденциясы қарапайым және күрделі болады. Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір шот дебеттеліп, екінші шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын қарапайым корреспонденция деп атайды. Мысалы, есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақша алынды.
Мысалы, есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақша алынды. Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір шот дебеттеліп, бірнеше шоттар кредиттелетін немесе керісінше, бірнеше шоттар дебеттеліп бір шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын күрделі корреспонденция деп атайды. Мысалы: негізгі өндіріске кәсіпорын қоймасынан шикізаттар мен қосалқы бөлшектер босатылды. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп- шоттарды олардың экономикалық мазмұны бойынша жіктеу негізінде жасалынған бухгалтерлік есеп шоттарының жүйеленген тізімі. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 8 бөлімнен тұрады: Қысқа мерзімді активтер; Ұзақ мерзімді активтер; Қысқа мерзімді міндеттемелер; Ұзақ мерзімді міндеттемелер; Капитал және резервтер; Табыстар; Шығыстар; Өндірістік есеп шоттары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет