Бұлшықеттер - бұлшықет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды
Бұлшықетталшықтары -миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибрилла (миоциттер) бұлшықеттердің ең күшті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Тін (лат. textus, грек. hіstos),биологияда– адам мен жануарлар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас клеткалар жүйесі. Тіннің құрамына клеткатіршілігі өнімдері – клеткаралық заттар мен құрылымдар да кіреді.