Өнер – бұл мимезис, имитация (грек тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto» - «еліктеу). Әуелгі кезде «мимезис» шарап ішу құдайы Диониске табынушылықпен байланысты көне грек абыздардың ритуалды билерін белгілеген. Пифагоршылар музыканы «аспандағы әуендердің үйлесімділігіне еліктеу» деп түсінген. Мимезис теориясын Платон және Аристотель дамытқан.
Өнердің шығу тегі туралы биологиялық теория
Биологиялық теория бойынша, «адамның өнерге қабілеті табиғи эволюция жолымен қалыптасып, туа біткен қабілетке айналды» Өнер - «әшекейлеу инстинктіні» жүзеге асыру, басқа жынысты өзіне қарату тәсілі деп түсіндіреді Ч. Дарвин, О. Вейнигер, К. Грос және т.б.
Бұл теория З.Фрейд пен К.Юнг ілімдерінің ықпалында пайда болған: «өнер шығармасының мазмұнында адамның қиялынан туындаған бейнелер жатыр, ал, көркем шығармашылық - «либидо» (жыныстық құштарлықтың) көрінісі. Бұл теория бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы өрнектер бейсаналықта жатқан жыныстық тілектердің көрінісі, кез-келген көркем бейне - жыныстық органдардың символы деп түсіндіреді
«Өнердің шығу тегі – ойын» теориясы
Бұл теорияның негізін қалаушылар – Ф. Шиллер, Г.Спенсер, Г.Аллен, К.Гросс, К. Ланге: «өнердің шығу себебі – бос уақыттың болуы және адамның еңбекте жойылмаған қүш-қуатын өзіне ұнайтын ермекке жұмсау қажеттілікте. Ойын ретіндегі өнер – «еліктеу». Мәдениет туралы, сонымен бірге, өнер туралы ойын концепциясын біртұтас түрде тұжырымдаған Голландияның тарихшысы Йохан Хейзинга «Homo ludens» («Ойыншы адам») атты еңбегінде