Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш. Қарағанды



бет9/14
Дата10.04.2023
өлшемі48,36 Kb.
#81277
түріПрезентация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған философия ғылымдард-emirsaba.org

Л.Б.Альбертидің өнер философиясы



Ренессанс дәуіріндегі XVғ. өнер философиясының орталығында итальяндық ойшыл-гуманистт Леон Баттиста Альбертидің ілімі тұрған: «Сұлулық» – бұл барлық бөліктердің қатаң ұйқасқан гармониясы (үйлесімділігі)». «Сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдармен қатар Альберти «абыройлылық», «нәзіктік», «пайдалылық» деген ұғымдарды қолданады. Ол ұсынған үйлесімді тұлға идеалы сол кездегі Италияның сурет өнеріндегі, графика мен мүсін өнеріндегі кейіптерде жүзеге асырылған. Альберти сәулетшінің өнерін өте жоғары бағалаған. «Сәулет өнері туралы он кітаптарда» ол үйлердің, көшелердің, алаңдардың әдемі сыртқы келбетімен ерекшеленетін кемел қаланы суреттеп берген.
«Сурет өнері туралы» трактатта Л.Б. Альберти сурет өнерін табиғатқа ұқсас бола алатын асыл өнер деп сипаттайды. Сурет әдемілігінің құрамдас бөліктері: силуэт, композиция ((орналасу тәртібі) және жарық – дейді.
Леон Баттиста
Альберти 
(1404-1472)

Леонардо да Винчи өнер туралы



Леонардо да Винчи сурет өнерін бірінші орындағы өнер деп есептейді. Сурет өнері барлық өнерлерден гөрі ең көрнекі, және де ең интеллектуалды өнер, яғни ғылымға тең. Сондықтан Леонардо сурет өнерін мүсін өнерінен жоғары қояды. Леонардо суреткердің ақылын құдайдың ақылына теңестіреді, өйткені жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін өктем түрде және еркін сипаттайды(Леонардо да Винчи Сурет салу өнері туралы трактат)
Леонардо да Винчи
(1452-1519)
Құпиялы кешкі ас (1498 т. )

А.Дюрердің өнер философиясы



Дюрер пікірінше, сұлулық заңдарын математика тұрғысынан есептеп шығару мүмкін емес, олар бір адамның қиялына емес, табиғаттан берілген шын нәрсеге негізделеді.«Өйткені, әрине, өнер табиғатта жасырынады; кім оны одан іздеп тауып алса, сол оған ие болады». Өнердің екі тең нүктелерден есебін бастайды : шын дүние мен ақыл-ой.
Дюрер «ғажайып іс жасаушы» бейнелерді Құдайға теңестіруге қарсы шыққан «иконаға қарсы күресушілерді» жақтаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет