Өнер философиясының мәселелері адамның психикасы мен психология мәселелерімен тығыз байланысты
Көркем шығармашылықтың субъектісі
Бұл - жасаушы, суретші; егер өзінің жасампаз қасиеттері ең жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол - гений. Ол суреттерде, фрескаларда, мүсіндерде, музыкада, әдебиетте әсемдікке ұмтылысты білдіреді Оның дарындылығы, таланты – оның көркем әрекетінің алғышарты. Оның шығармашылы-ғының стимулы - қиялында қалыптасқан бейнелерді сезімдермен қабылданатын түрде бейнелеп жеткі-зуге рухани қажеттілік
Антикалық мәдениеттегі өнер
Антика мәдениетінде өнер мимезис (еліктеу) деп түсіндіріледі. Мүсін және сурет салу, қолданбалы өнерде, әдемі және үйлесімді дамыған азамат, ерлік көрсеткен жаунгер, патриот бейнеленген. Оның атлетикалық жаттыққан денесінің сұлу-лығы оның рухани байлығымен, әдептілігінің тазалығымен тіркеседі. Грек сүретшілер адам денесінің құрылымын, оның мүшелерінің үйлесімділігін, әсіресе, Олимппиялық ойын кезіндегі қимылда-рының пластикасын зерттеп бейнелеген.
гедонизм: «сұлулық – бұл көзге және құлаққа жағымды нәрсе» Софистер әсемдіктің көзі деп «дүние емес, бір нәрсенің сұлулығын қабылдауға қабілеті бар адам», - деп санаған. Өнер софистер үшін «елес, иллюзия, сағым, «алдап көтермелейтін өтірікті» жасау. Өнердегі образдарды (бітімдерді, кейіптерді) адам жасағандықтан, олар дүниенің бейнесі емес»
Сократ өнер туралы
Сократтың пікірінше, «өнер - бұл құбылыстарды жәй көшіру емес, ол дүниені еліктеу арқылы бейнелеу. Суретші дүниені зерттеп, көптеген жалқы заттардың белгілерін таңдап, жинақтап, жалпылайды. Осындай әрекет арқылы өзгертілген табиғат идеалға дейін көтеріледі. Сократ өнерде адамның рухани қасиеттерін, яғни түрі-түсі де, пропорциясы да болмайтын жанның қалпысын бейнелеу мүмкін бе? - деген сұрақ қояды. Сократ өнер философиясына «калокагатия» ұғымын (грекше: «калос» – «әдемі; «кагатос» – «ізгі») еңгізді