«Жаратушыға ұқсатуды» айыптау. Бұл тыйым салу Мухаммед-пайғамбардың хадистерінде айтылған: «Әрине, адамның және Құдайдың суретін салғандар, Құдай Соты күні азап шегеді. Оларға айтылады: «Өздерің жасағандарыңды, тірілтіңдер» «Құдай Соты күні бітім жасау қабілеті жағынан өздерін Құдайға ұқсататындар ең ауыр азап шегеді» Бұл тыйым салу нәтижесінде сәулет өнері, каллиграфия, мозаика, миниатюра, өрнектер салынған керамика, көркем шыны, кілем тоқу өнері гүлденіп шықты
әл-Фарабидің өнер философиясы
Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітап-та» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Әуеннің үйлесімділігі дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді ажыратады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған. Абу Насыр ибн Мухаммед әл-Фараби (870-950)
Омар Хайямның өнер философиясы
Омар Хайям (1048-1131), фарсы философы Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады. Омар Хайям кез-келген жағдайда адам болуға шақырады
Ибн-Рушдтың өнер философиясы
Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне назар аударады: ол «кең әлеуметті» тура жолға салуға пайдалы, адамдарды дұрыс қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман қылықтардан бас тартқызады. Поэзия мен риториканың айырмашылығы мынада: егер біріншісі «ол қандай» десе, екіншісі «ол не болып табылады» дейді. Риторикамен салыстырғанда, поэзияда рационалдық дәлелдердің орнын бейнелер алады. Сондықтан, поэзия сөзінің ақиқат пен жалғандыққа ешқандай қатысы жоқ