Қатысым теориясы және мәдениетаралық коммуникацияны модельдеудегі(үлгілеудегі) қазіргі бағыттар.
Қатысымның түрлері мен функциялары.
Сөз жағдаяты-қатысымның бірлігі және қызметі ретінде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика: учебное пособие для преподавателей и студентов. – 4-е изд.- М.: Филоматис: Издательство «Омега-Л», 2015. -480с.
Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика: учеб. пособие для студ. лингво. ун-в и фак. ин.яз. высш. пед. учеб. заведений / Гальскова Н.Д., Гез Н.И. -7-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2015.-336с.
Harmer J. The Practice of English Language Teaching. Pearson Longman, New York, 2015. – 448 p.
Қағазбаев Ж. Шетел тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. – Карағанды: КарМУ баспасы, 2015. - 95 б.
Қатысым – сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс.
Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші:
оқылым
жазылым
айтылым
тыңдалымның
Іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Қатысым арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Қатысым (общение) айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі.
адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Осындай пікір алмасу ауызша немесе жазба түрде іске асып, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мүмкіндік туғызады.