Әлеуметтік қатысым
Адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере отырып құрылатын тілдік қарым-қатынас – әлеуметтік қатысым болып табылады. Мұнда сөйлеуші адамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік роліне, атқарып отырған қызметіне, жасына, жолына т.б. қарап тілдеседі. Қазақ тілін үйренушілерге мұны да білудің өмірлік қажеттігі бар.
Дербестік қатысым
Оқытушы мен оқушының тең дәрежеде, бірін-бірі құрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік қатынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады. Сондықтан мұндай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең жақсы ұстаз болатындығына сенуге болады.
Оқыту, үйретуге қатысты:
Тікелей Жанама
Тікелей және жанама қатысым екі түрлі жолмен жүзеге асады. Содан қатысымның екі түрлі қолдану жолы келіп шығады:
Ауызша
Жазбаша
Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Ауызша қатысымға тән ерекшеліктер:
1. Дауыс ырғағының әсері.
2. Қосалқы қимылдың /ым, ишарат, дене қозғалысы, бет-әлпеттің өзгерісі және т.б./ жан-жақтылығы.
3. Сөйлегенде үннің қарқындылығы /темп/.
4. Тілдесушімен екі арада болатын байланыс /контракт/.
5. Сөйлеу кезінде кідіріс, үзіліс, жиілік, баяу, қатты т.б. сол сияқты амалдарды дұрыс сақтау.
6. Мазмұн мен мағынаның айқын, түсінікті болуы.
Жазбаша қатысымның ерекшеліктері:
1. Сөйлемнің құрылысына ерекше назар аудару.
2. Сөздерді таңдап қолдану.
3. Ойды асықпай, ойланып-толғанып, жоспарлап, жүйелеп жеткізу.
4. Тыныс белгілерді дұрыс қою.
ҚАТЫСЫМ функциялары
Ақпараттық
Реттеу
Эмоционалды бағалау
Әдеп
- әдебиеттерде қырық шақты анықтамасы бар;
- іс-әрекет негізінде сұхбаттасушылардың бір-біріне әсер етер жағдаяттар жиынтығы;
- пікірлер көптігі оның көпқырлы ұғым екеніне дәлел;
- пікірлер бір-бірін толықтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |