Мәдениетаралық қатысым екі құрамдас бөліктен - тіл мен мәдениеттен тұрады.
Қатысым – адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатар бір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі т.б. жағынан ықпал етуі. Бұл – қоғамда қызмет етіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзара әсері.
Қатысым арқылы болатын әсер әр түрлі болуы мүмкін:
- жағымды не жағымсыз әсер;
- ашық не жасырын әсер;
- тікелей не аралық әсер;
- негізгі не қосалқы әсер;
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты қатысым түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды мынадай деп жіктеуге болады:
Ресми
Бейресми
Қалыптасқан
Кәсіби /мамандыққа қарай/
Әлеуметтік
Дербестік
2. Қатысымның түрлері мен функциялары.
Ресми қатысым
Тіл үйренушілерге ресми қарым-қатынастың элементтерін үйрету, ондағы сөз қолданыстарды, жағдаяттарды, ресми материалдарға қатысты меңгерту.
Бейресми қатысым
Оқушыларды ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл – өмірде болатын кез келген жағдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.
Қалыптасқан /формальді/ қатысым
Әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне қарай – бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқан өзіндік рөлі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлесуді қалыптасқан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана болады, аға не әкпе болады, бұл – күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі заңды.
Кәсіби қатысым
Тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдік қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай құруға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |