Презентацияны жақсы қабылдау үшін түстердің сәйкестігі, стиль мен безендірілу әсемдігі үлкен рөл атқарады.
Қарғындылығы
Слайдтар мен анимациялық эффектілердің ауысуы кезінде жақсы қабылданатындай қарғын таңдаған жөн. Экраннан ақпаратты қабылдау ерекшелігін, жас ерекшілігі мен дайындығын ескере отырып, әрбір слайдтағы ақпаратты меңгеруге уақыт бөлу керек.
Презентацияға қойылатын жалпы талаптар. Презентацияның құрылымы
Презентацияныңқұрылымы Презентация слайдтардан тұрады. Бір ережені дұрыс ұстанған жөн: бір слайд – бір ой. Егер презентацияда тезис пен бірнеше дәлел келтірілсе ол сенімдірек шығады.
Слайдта отыз сөз бен бес тараудан артық қолданбау керек.
Тақырыбын мазмұнды, шрифт көлемі – 18 пт.аспауы тиіс.
Әдетте презентация мазмұнының жоспары төмендегідей болады:
Алғашқыбеті(титул). Бірінші слайдта презентациянның атауы, автор туралы ақпарат беріледі.
Мазмұны. Бұл жерде презентацияның жоспары, негізгі тараулары, қарастырылатын сұрақтар жазылады.
Тараудың тақырыбы.
Қысқашаақпарат.
Үшінші және төртінші тараулар қажетінше қайталанады. Бұл жерде: тезис – дәлел – қорытынды сақталуы керек.
Шешімдер.
Шешім бөлек слайдта анық көрсетілуі қажет.
Назарларыңызғарахмет. Бұл жерде де автордың нақты ақпараты жазылуы керек.
Сіз айтқыңыз келгеннің барлығын слайдқа салу міндетті емес. Бұл жерге тек аудитория жақсы қабылдайтын тезистер, термин сөздер, суреттер, сұлбалар, диаграммалар болғаны жөн.
Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар
Презентацияны рәсімдеу кезінде екі блок ереже көрсетіледі:
Ақпартты таныстыру.
Слайдтардың безендірілуі.
Презентацияны сапалы құру үшін оны безендіруге қойылатын бірнеше талаптарды ұстану қажет.