Ақпаратты ерекшелеудің тәсілдері мен ережелері
Барлық ақпарат элементтері (мәтін, сурет, диаграмма, сұлба, кесте) фонда анық көрінуі үшін:
Жиектемелер (суреттерді, кестелерді безендіру);
Көлеңкелер (фоннан мәтінді ерекшелеу);
Бояулар, штрихтар (ақпараттық блок дизайнының негізі);
Бағыттағыштар (сұлбалар мен блоктарды безендіру);
Ақпараттық блоктағы негізгі сөздерді ерекшелеу керек (түсі, шрифті т.б.)
Ерекшелеу кезінде ерекшеленген элеменнттер слайдтағы мәтіннен 1/3-1/2 көлемінен аспауы керек.
Маңызды деректер үшін суреттер, диаграммалар, сұлбалар қолданылады.
Слайдтарды безендіру
Презентацияның біркелкі стилі
Барлық презентация бірдей стильде болуы тиіс.
Стильге жатады:
жалпы сұлба: ақпараттық блоктарды орналастыру тәсілі;
слайдтың түрлі түсті дизайны;
фонның түсі, қолданбалы элементтер;
шрифт түрлері (түсі, көлемі), ақпаратты жеткізуде қолданылатын мәтіндер (тақырыбы, нгеізгі мәтін, тізімдер, сілтемелер);
көрнекіліктерді, сұлбаларды, диаграммаларды, кестелерді безендіру тәсілдері.
Оқу материалын жеткізудің құрылымы мен түрлерін қамтамасыз ету.
Барлық слайдтағы сұлбалар түсі бірдей болуы керек. Бұл білім алушылар үшін слайдтың жүйелілігін көрсетеді.
Презентацияны безендіру кезінде үш түрлі түс пен үш түрлі шрифтіні қолданбаған жөн.
Қосымша ақпараттар негізгі ақпараттан маңызды болмауы керек.
Стиль элементтерін таңдаған кезде экраннан оқыған кезде ыңғайлы болуы тиіс (түстердің үйлесімділігі, мәтін көлемі т.б.).
Түстерді қолдану ережесі
Оқу презентацияларын жасау кезінде адамдардың түстерді қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Олардың маңызды түрлеріне мыналар жатады:
жылы түстер ретінде: қызыл, сарғыш қызыл, сары;
салқын түстер тыныштандырып, ұйқылы жағдай тудырады: күлгін, көк, көгілдір, жасыл;
бейтарап түстер: ашық қызғылт, сұрғылт, сарғыш жасыл, қоңыр;
екі түстің үйлесімділігі түстің белгісі мен түстің фоны – көрермендерге жайлылық тудырып, ал кейбір түстер көзді шаршатып, стресске де әкелуі мүмкін (мысалы, қызыл фондағы жасыл әріптер, көк фондағы қызыл әріптер);
шрифт пен фон түстерінің үйлесімділігі: күрең көк түстегі ақ, ақ түстегі қара, көк түстегі сары.
Презентациядағы түстерді пайдалану бойынша келесі нұсқаулықты құрастыруға болады:
Бір слайдта негізгі үш түстен артық қолданбаған жөн: біреуі фонға, біреуі тақырыпқа, біреуі мәтінге.
Презентацияға түстердің сұлбасын құру төмендегідей таңдаудан басталады:
негізгі үш түс: фон – мәтін –тақырып.
басты үш түсті анықтау, мәтінді және гиперсілтемені анықтау үшін.
фон мен мәтінге кереғар түстер қолдану керек: мәтін жақсы көрініп, оқылуы керек.
Гиперсілтемелердің түсіне мән берген жөн: олардың түсі мәтіннің түсінен ерекшеленіп тұруы тиіс.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу презентацияларында қолдануға болмайды:
бір электрондық бетте төрт түстен артық;
қызыл фон;
таңбалар мен фонның сәйкестігі 1:3 болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |