-Гиперсілтемелердіңкереғарлығы (гиперсілтеменің үш күйі болатындығын ескеру керек: таңдалған, гиперсілтемені әлі қолданбаған, гиперсілтемені қолданған, барлық күйде гиперсілтеменің түсіне мән беру қажет);
Презентацияның көлемі оның мақсатына, қолданылуына өте маңызды (жаңа материалды игеру, практикалық сабақтар, аттестаттау, дәріс және т.б.), білім алушылардың контингентіне де байланысты (жасы, дайындығы т.б.).
Жалпы алғанда презентацияның көлемі 8-10 слайдтан аз болмауы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, оқу презентациясының көлемі 20 слайдтан аспағаны жөн (немесе 12-15 шамасында). Егер слайд тым көп болса көрерменді зеріктіріп жібереді.
Ұзақ дәрістертерге арналған танымдық сипаттағы материалы көп презентациялар бұл қатарға енбейді. Алайда бұл кезде презентацияның көлемі 50-60 слайдтан астауы керек, бір слайдқа бір минут, мазмұнына екі минут есептеледі.
Қолжетімділік
Білім алушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейін ескерген жөн. Әрбір сөзді, сөйлемді, образды теңеулер арқылы қолданылған түсініктерді меңгергендігін қамтамасыз ету. Барлық жаңа терминдерге түсініктеме берілуі тиіс.
Ғылымилығы
Барлық ережелер, анықтамалар, шешімдер ғылыми негізде жасалуы керек. Түрлі суреттер нақты деректерге кедергі келтірмеуі тиіс.
Экраннан ақпараттың қабылдану ерекшелігін ескеру
Презентацияларда мәтіндерді аз қолданып, оның орнына сұлбалар, диаграммалар, суреттер, фотолар, анимациялар, фильмнен үзінділер қолданған жөн.
Слайдтағы мәтінді көрермен дұрыс қабылдамайды. Сондықтан презентацияларда (әсіресе, гуманитарлық бағыттарда) мәтінді тек
атаулар, қысқа нақыл сөздер ретінде қолдану керек. Сандарды көп қолданбаған жөн.
Презентация элементтері мен олардың жалғасының болуы мағызды. Суреттерді, анимацияларды, видео үзіктерді кезектестіріп қолдану керек. Күтпеген және алуан түрлі анимацияларды тиімді қолданған дұрыс.