Проблемы языкознания



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

 
 
       
 
 
 
 
 
 
 
Рисунок 1 - Группы общих просторечных наименований в составе ЛСГ  
с архисемой «лицо» 
Лицо 
 
Пол лица 
Отношения  
с лицом 
Известность  
лица 
Женский 
Любой 
Мужской 
Дружеские 
Прияте
льские 
Неизвест 
ное 
Эмоционал
ьное 
воздействи
е на лицо 
Фамильяр
ное 
pal 
babe 
 
guy 
buddy 
chum 
pal  
babe 
guy 
buddy 
chum 
pal 
buddy 
chum 
pal 
babe 
 
buddy 
chum 
pal 
 
buddy 
chum 
pal  
babe 
 
buddy  
babe 
 

100 
 
Таким  образом,  интегральные  семы  представленных  в  данном  разделе  имен 
существительных  (кроме  guy)  обозначают  «лицо,  с  которым  говорящий  находится  в 
дружеских  отношениях»  и  «лицо,  по  отношению  к  которому  говорящий  демонстрирует 
фамильярность». При этом включение в архисему дополнительных значений «дружеские 
отношения»  и  «фамильярность»  ведет  к  расширению  понятия  «лицо».  Именно  это  и 
отличает  архисему  рассмотренных  наименований  от  архисемы  общеупотребительных  
имен существительных person, man, woman, girl, boy при использовании которых с целью 
указания  на  дружеские  отношения  с  обозначаемым  ими  лицом  или  на  фамильярное 
отношение  к  нему  требуется  употребление  дополнительных  лексем.  В  просторечии 
произошло  перемещение  потенциальной  семы  в  архисему.  Данный  факт  связан  с 
номинативной функцией просторечной лексики: «расширение известного семантического 
объема  в  ненормативной  языковой  единице»  [13,  212].  Поскольку  семы  «дружеские 
отношения»  и  «фамильярность»  входят  в  состав  лексемы,  обозначающей  лицо,   для  их 
актуализации   не  требуется  дополнительных  лексем.  Указанные  семы  реализуются  при 
употреблении одной лексемы. 
В отличие от указанных сем, интегральная сема, обозначающая «лицо любого пола» 
и  объединяющая  все  проанализированные  лексемы,  не  может  рассматриваться  как 
отличительная  особенность  общих  просторечных  наименований,  т.к.  не  является 
свойственной  только  им.  Дифференциальная  сема  «лицо  любого  пола»  входит  в  состав 
значений общеупотребительных наименований лица person и man. 
 
Список литературы 
1
 
Потанина  О.Ю.  Лексико-семантические  особенности  просторечия  в  сказках 
Л.С.Петрушевской  (на  примере  глаголов  движения)  //  http://www.science-education.ru/107-
7742 
2
 
Попова З.Д., Стернин И.А. Лексическая система языка. – Воронеж: Изд-во Воронеж. 
ун-та, 1984. – 147 с. 
3
 
Мультитран // http://www.multitran.ru 
4
 
Oxford Dictionaries // http://www.oxforddictionaries.com 
5
 
Merriam Webster Online: Dictionary and Thesaurus // http://www.merriam-webster.com 
6
 
Macmillan Dictionary // http://www.macmillandictionary.com 
7
 
Dictionary.com // http://dictionary.reference.com 
8
 
The Free Dictionary // http://www.thefreedictionary.com 
9
 
The Online Slang Dictionary // http://onlineslangdictionary.com 
10
 
Предложения 
со 
словом 
«court» 
// 
Англо-русский 
разговорник 
// 
http://topenwords.ru/word/eng-ru/court/ 
11
 
Oddly 
Specific 
Types 
of 
Guy. 
Drake 
is, 
According 
to 
Twitter 
// 
http://www.buzzfeed.com/erinchack/oddly-specific-types-of-a-guy-drake-is-according-to-twitt 
12
 
Фокс,  Гай.  Материал  из  Википедии 
–  свободной  энциклопедии  // 
http://ru.wikipedia.org 
13
 
Ермакова  О.П.  Номинация  в  просторечии  //  Городское  просторечие:  проблемы 
изучения. – М.: Наука, 1994. – С. 130-140. 
 
Мақалада 
жақтың 
жалпы 
атаулары 
олардың 
лексика-семантикалық 
ерекшеліктерінің  айқындалуы  мақсатымен    зерделенеді.  Зерттеу  компонентті, 
контекстуалды  және  семантикалық  әдістер  кӛмегімен  жүргізіледі.  Талдауға  «жақ» 
архисемасы бар лексика-семантикалық топқа кіретін 5 қарапайым лексема түседі. Берілген 
атаулар  оларда  айқындалған  семалар  бойынша  топтарға  біріктіріледі.  Оларды 
біріктіретін (интегралды) семалар нақтыланады.  
 
The  article  examines  general  naming  units  of  a  person  for  the  purpose  of  identifying  their 
lexical and semantic features. The study is  conducted by means of  the  component,  contextual and 

101 
 
comparative  analysis.  Five  vernacular  lexical  units  pertaining  to  the  LSG  with  the  archiseme 
"person"  are  analyzed.  These  naming  units  are  grouped  together  by  the  identified  semes.  The 
integral semes common for them are clarified. 
 
 
 
ҼОЖ 811. 512. 122 '276       
          Ж.Т. Нурканова  
Қазақ гуманитарлық заң университеті 
Астана, Қазақстан  
 
СЫН ДӘРЕЖЕСІНІҢ КӚРСЕТКІШТЕРІ – ҚОСАРЛЫ СӚЗДЕРДІҢ КӚПТІК 
ЖӘНЕ АЗДЫҚТАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Мақалада  сын  дәрежесінің  кӛрсеткіштері  –  кӛптік  және  аздықтағы  қолданысы, 
олардың  қазақы  ұлттық  әлемнің  тілдік  бейнесін  берудегі  қызметі  сӛз  болады.  Автор  бұл 
түсініктердің  мазмұнын  қосарлы  сӛздерде  қолданысын  мысалға  ала  отырып  түсіндіреді, 
сондай-ақ  осы  ұғымдардың  кӛптік  және  аздық  мағынаны  беруін,  олардың  мағыналық 
ӛрістерін талдайды. 
 
Тірек  сӛздер:  кӛлем  ӛлшемдері,  салмақ  ӛлшемдері,  ұлттық  менталитет,  әлемнің 
тілдік бейнесі, мағыналық ӛріс. 
 
Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің 
бастысы  да  тіл.  Халқымыздың  ұлттық  санасын,  сапалық  белгілерін  айқындай  түсетін  неше 
алуан ҽдет  – ғұрып,  салт  – сана, мінез  – құлық,  қасиет  – қалыбы тілдік танымында тікелей 
кҿрініс тапқан. Ҿмірдің барлық  саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен  кҿзге түсетін, 
тілімзге бейнеліде мҽнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер 
–  ана  тіліміздің  ҿзіндік  ерекшеліктерін  кҿрсететін  тұлғалар.  Олар  тіл  элементтері  ішінде 
ҿзінің ұлттық нақышы мен кҿзге түседі. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  синкретті  түбірлермен  қатар  есім  жҽне  етістік  сыңарлар 
туындады  сҿздер  де  баршылық.  Кҿрме,  айтыс,  егеу  секілді  есім  жҽне  етістік  сыңарлары 
туынды сҿздер жасауға қатысатын ма, ме, ба, бе, па, пе, ыс, іс, с, у жұрнақтарын А.Ысқақов 
омоним қосымшалар деп таниды. «ма,ме, ба, бе, па, пе омоним қосымшалары зат есімдерде 
де (қырма сақал, терме басу, елірме күлкі т.б.), етістіктің болымсыз түрінде де (кеспе, кҿрме, 
терме т.б.) кездеседі», «ыс, іс, с жұрнақтары етістіктен ҽрі зат есім, ҽрі сын есім тудыруымен 
қатар, етістіктің ортақ етіс формасы ретінде де қызмет етеді. «ыс, іс, с жұрнақтары арқылы 
етістіктерден  туатын  есім  кҿбінесе  заттық  ұғымның  атауы  (қимыл  атауы)  (айтыс,  желіс, 
айқас, ..., таныс, дағдарыс т.б.) жҽне мекен – орын атаулары мен қимыл – іс атаулары (ҿріс, 
егіс  ...,  құрылыс  т.б.)  есебінде  жұмсалады»,  «  у  қосымшасыныңда  да  қызмет  ҿрісі  аса  кең. 
Мысалы,  бұл  форма  арқылы  зат  есімдер  де  (асу,  ауру,  қашу  т.б.),  сын  есімдер  де  (жүдеу, 
қату,  бітеу  т.б.),  сондай-ақ  қимыл-ҽрекет  атауы  формалары  да  (оқу,  байқау,  жылу  т.б.) 
туады» дейді ғалым. Ҽ. Тҿлеуов те бұл қосымшаларды омоним деп отырып, туынды сҿздің 
есім,  етістік  болу  құбылысын  сҿз  мағынасының  кеңеюмен  де  байланыстырады.  «Сабақты, 
салт  етістіктерге  ыс,  іс,  с  қосылып,  іс  істеуші  бір  ғана  субъектінің  ҿзі  болмай,  кемінде  екі 
субъектінің  арасында  болатын  қарым-қатынасты  білдіретін  ортақ  етіс  тудырса  (ақын 
айтысты,  бала  күресті),  осы  тұлғалы  форма  жоғарыдағы  түбірлі  сҿзге  қосылуы  арқылы 
белгілі  бір  нҽрсенің  қимыл  процесін  кҿрсететін  зат  есім  тудырады:  сүйіс,  ұсыныс.  Мұндай 
түбірлері бір жҽне ҽр түрлі қосымша қосылуы арқылы ортақ етіс пен туынды зат есім болып, 
ҽр  түрлі  мағыналы  сҿз  жасалуы  –  сҿз  мағынасының  кеңеюі»,  «Тіл  құбылыстарының  даму 
процесін  ескеретін  болсақ,  онда  етістіктен  зат  есім  тудыратын  саба-у,  еге-у,  жама-у,  боя-у, 
тұса-у,  тіре-у,  қаша-у  сҿздері  жалпылық  зат  атауларының  атын  білдірсе,  сол  сияқты  мына 

102 
 
сҿздердің  мағыналары  ҽрі  қимыл  процесі,  ҽрі  жалпы  мҽнді  заттық  атаулар  болуы  –  сҿз 
мағынасының кеңеюінен. Тұсау берік. Жабудың арасында»  - дейді  ғалым. Автор сондай-ақ 
ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтарынан да дҽл осы қалыпта таниды. 
Сын  есімдер  де  зат  есім  сияқты  жеке  сҿз  табы  болып  танылуында  сҿздерді 
топтастырудағы үш түрлі принципке толық сҽйкес келеді. Сын есімдердің үш принципке сай 
ерекшеліктерінің  болуымен  қатар,  бұлардың  одан  д  басқа  ҿзіндік  сипаты  бар  екендігі 
мысалдар  талдауда  нақтыланады.  Сондықтан  да  сҿз  таптарының  ішінде  сын  есімдердің 
алатын орны зор екендігі жұмыстың ҿзектілігін кҿрсетеді. 
Сын  есімнің  семантикалық  мағынасы  оның  мофологиялық  ерекшеліктерінен  де, 
синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын кҿрініп отырады.  
Морфологиялық  сипаттары  жағынан  да  сын  есімнің  ҿзіне  ғана  тҽн,  ҿзге  есімдерден 
басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше 
болса,  зат  есімге  тіркесіп  негізгі  қызметін  атқарғанда  сын  есім  ешқандай  ҿзгеріске 
ұшырамайды:  анықталатын  зат  есім  кҿптік,  септік,  тҽуелдік  формаларының  кайсысында 
қолданылса да, оиы анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды 
да. Сын есім ҿз семантикалық  ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, 
кҿлем т. б.) жағыиан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, 
еш уақытта да тҽуелденбейді, кҿптелмейді жҽне септелмейді.  
 Зат  есімге  тҽн  кептік,  тҽуелдік,  септік  жалғаулары  зат  есімнің  де,  сын  есімнің  де 
қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық омоним сҿздерге (мысалы: салқын, кҿк, суық, 
жарық,  жүйрік,  терең  т.  б.)  қажетінше  жалғана  бе-рулерімен  катар,  белгілі  бір  контексте 
қолданылу  ыңғайына  қарай  субстантивтеиетін  сын  есімдерге  (мысалы:  үлкенге  үлкенше, 
кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — ҿлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын есім-
де  кҿптік,  тҽуелдік,  септік_категориялары  болмағынымен,  оның  ҿзіне  тҽн  ерекше  шырай 
категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің-зат есімнен бҿлінерлік, ҿз алдьша дербес 
категория екеніне дҽлел. 
Ғ. Мұсабаев күшейткіш буынды сын есімдерді талдау барысында соларға ұқсас «ағыл –
тегіл, кӛл –кӛсір » қосарлы келген сҿздерді шырай категориясына жатпайтынын айтқаны ҿте 
орынды,  олар  шырай  формалары  емес,  олар  күшейтпелі  сын  дҽрежесін  білдіретін  жеке 
лексикалық тұлғалар екенін дұрыс пайымдаған. Мысалы, 
1.  Ақаңның  тіліндей  ағыл-тегіл  бай  тіл  соңыра  Мұхаңда  болса  болғанды,  ал  ӛңге 
қазақтың бірінде болған жоқ (З. Қабдол).  
2.  Маңдайынан  ағыл  –тегіл  аққан  тер  бетімді  жуып,  иегімнен  тамшылап,  ӛңіріме 
сорғалайды (О. Бҿкей).  
3.  Жетітӛбенің  күнбатыс  жақ  астымен  қара  сеңдей  ағыл  –тегіл  ауыл  жаққа  ӛтіп 
бара жатқан қолды кӛрді (Д. Досжан).  
4.  Бір  күні  Тәңірберген  Ебейсіннің  кӛл-  кӛсір  дүниемен  қалаға  жүргелі  жатқанын 
есітті (Ҽ. Нұрпейісов). 
К. Ісметовтың фразеологиялық сҿздігінде «ағыл- тегіл, кӛл- кӛсір » қосарланған сҿздері 
молшылықты, байлықты бір сҿзбен айтқанда  кҿптік мағынасын білдіреді.  
Қосарлы  ағыл-  тегіл  сҿзі  бай  сын  есіммен  тіркесе  келіп,  тіл  байлығының  жоғарғы 
дҽрежесін бейнелі түрде кҿрсетіп тұрса, келесі қолданыста сҿйлеуші ойының ағу үдерісінің 
жоғарғы  дҽрежедегі  интенсивтілігі  мен  динамикасын  айқындап  тұр.  Сол  сияқты  кӛл-  кӛсір 
қосарлы  сҿзі  дүние  зат  есімінің  молдық  сын-  сипатымен  қоса,  оның  жоғарғы  дҽрежесін 
білдіруге  қолданылған.  Бұл  сҿздердің  бірінші  компоненттерінің  ҿзіндік  семантикалық 
қалыптары  сақталған,  екінші  компоненттері  тұлғалық  ҿзгеріске  ұшырағанымен,  тегіл    < 
тӛгіл; кӛсір< кӛсіл образдық сипаттағы жоғарғы сын дҽрежесінің кҿрсеткіштеріне айналған. 
Бұндай  сҿздердің  жай  сҿздерден  жҽне  де  күшейткіш  буындары  бар  сҿздерден  айырмасы, 
олардың ішкі формасында метафоралық сипаттағы айқын түрдегі ұлттық таным мен пайым 
жатады. [1, 176]. 
1.
 
Қалампырдың  істің  немен  тынарына  жетпейтін  кӛзі,  кейбір  оңаша  шақтарда, 
жасқа толып, ағыл-тегіл жылап алады. (С. Мұқанов). 

103 
 
2.  Жылан  екі  кӛзінен  қанды  жасын  сорғалатып,  ағыл-  тегіл  жылайды.  (Қазақ  
ертегілері). 
Қосарлы ағыл –тегіл сҿзі негізінде кҿбінесе жылауға байланысты қолданылған болар, 
кҿз жасын тҿкті мҽнінде қосарлы тұлғада қимыл-сын дҽрежесін күшейте түсіп,  «кҿз жасын 
кҿл қылды » мағынасын кҿрсетіп тұр [2, 127]. Екінші айтылымда осы қосарлы сҿз ҿз алдына 
жеке  қолданылып,  жылаудың  жоғарыда  айтқан  мҽнін  беріп  тұр.  Ағыл  –тегілдегі  екінші 
компоненттің  тӛгілден  ҿзгергенін  [3,  67]  мынандай  қолданыс  дҽйектесе  керек  : 
Президентпен  кездесуде  болғанына  тасып  –тӛгіле  қуанып,  жай-  жайына  студенттер 
қауымы  тарқасты  (Жас  Алаш).  Алайда  ,  ол  ағыл-  тегіл  алғашқы  мағынасынан  шығып, 
қолданыс  барысында  метафорланып  эмотивтік  мҽнде  басқа  сҿз  таптарымен  тіркесіп, 
мағыналық,  тұлға  аясын  кеңейтеді:  Мысалы,    Оған  шет  елдер  қару-  жарақты  ағыл-  тегіл 
тӛгіп  жатыр  екен  деген  лақапты  осы  ауылдың  үстінен  ӛткен-  кеткен  қайдағы  біреулер 
айтатын  (Ә.  Нұрпейісов).  2.  Арпалысқан  адам-ағыстың  ортасындаы  биойнақ  қайраңдап 
қалған кеме секілді, кеменің үсті толған, быжынаған ағыл –тегіл жастар (О. Бҿкей).  
Бұл  қолданыстарда  күшейтпелі  қосарлы  сҿз  қолдану  ауқымын  кеңейтіп,  ішкі 
формасындағы бейнелі сипаты арқылы метафорланған [4, 293]. 
Осыған ұқсас ас та-тӛк қосарлы сҿзі ерекше күшейткіштер қатарына жатады. Негізгі 
бұйрық  рай  тұлғасындағы  бұл  күшейткіш  сынның  аса  жоғарғы  дҽрежесін  динамикалық 
сипатта  экспрессивті  түрде  білдіреді.  Мысалы,  Бұрын  соңды  ондай  молшылықты  Әтір 
кӛрмеген.  Қалаға  барып  қайтқалы  қайнысының  ас  та-тӛк  байлығын  аузының  суы  құрып,  
бірнеше күн абысын- ажындарына айтып, жыр қылды (Т. Байтасов). 
Байлықтың аса молдығын ас та-тӛк арқылы білдіре отырып, оны аузының суы құрып 
тұрақты  образды  тіркес  арқылы  ҿрнектеп,  қазақылық  кҿңіл  –күй  мен  мінезді,  оның  ауыл 
ҽйеліне тҽн таным болмысын жазушы кҿркем бейнелеген.  
Осындай  қосарлы  күшейткіштер  ішінде  жиі  қолданыста  болатындары  ұшан  –теңіз, 
ұлан –асыр, ұлан –ғайыр, ұлан –байтақ, телегей -теңіз т.б.Мысалы,  
1.  Мұндай  жасқа  келген  адамның,  әрине,  кӛргені,  басынан  ӛткізгені  ұшан  –теңіз. 
(Ғ.Есімов).  
2.  Сол  күні  қаһан  елінде  ұлан  –асыр  жиын  болып,  үлкен  айналма  бәйге  шабылды. 
(Д.Досжан).  
3. Әкем Иса тӛбесі кӛкке екі- ақ елі жетпей ұлан –асыр қуанып жүр (О. Бҿкей).  
4. Осыншалық ұлан –байтақ даланы жалғыз иемденіп, Отырар, Тараз, Сығанақ секілді 
қала салып, алыс –жақынмен байланыс жасай бастаған еді. (Д. Досжан). 
5. Жеңіс! Бір –бірінен сүйінші сұрап, алаӛкпе болып жүгірген ауыл адамдары қолда бар 
малын сойып, ұлан –асыр той тойлады. (О. Бҿкей).  
Қуанудың ҿте жоғары дҽрежесін кҿрсетуге қолданылған ұлан –асыр «тӛбесі кӛкке екі-
ақ  елі  жету  »  фразеологиялық  тіркесі  арқылы  нақтылана  күшейтіліп  бейнеленген.  Бұл 
қатарға    кҿптікті  білдіретін  телегей  –теңіз,  ұзыннан  –ұзақ  жатқызуға  болады.  Осы  сияқты 
күрделі  сҿздердің  жасалу  жолын  Н.  Оралбаева  «қосарлану  тҽсілі  »  деп  атаған  еді 
(Карбелашвили  С.,  Казем-Бек  А.,  Сыздықова  Р).  Осы  терминді  жоғарыдағы  күрделі 
сҿздердің  бір  компонентінің  (ағыл  –тегілдегі)  –  тегіл  мағынасының  кҿмескіленуі  арқылы 
күшейткіш  –  функционалды  элементке  айналып,    кҿптік  мағынасын  білдіретін  биік  –биік, 
үлкен –үлкен тҽрізді нағыз қос сҿздерден айыру үшін қолданған жҿн сияқты.  
Кҿптік категориясында сынның салыстырмасыз жоғарғы дҽрежесін қос сҿздер арқылы 
кҿрсету тҽсілі жиі кездеседі. Мысалы,      
1.
 
Сол даладан кӛз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ –ұзақ қарайды (М.Ҽуезов). 
2.
 
Күмпиген  –күмпиген  нән  саусақтар  долы  дыбысты  кӛсіп  –кӛсіп  тӛгіп  жатыр  (Ҽ. 
Кекілбаев). 
3.
 
Әлі ай тумаған, жол шетіндегі бүдірлі бұталар ғана ақырын – ақырын қараңдайды 
(І. Есенберлин). 
4.
 
Бүгінгі  шелектеп  жауған  кӛктемі  жаңбырдан  кейін,  Асанның  үсті  су  –су  болып,  
жатақханасына әзер жетті (Т. Байтасов).   

104 
 
Кҿптік категориясының тілдегі ҿнімді тҽсілдерінің бірі  – сын есімдер мен үстеулердің 
қосарланып  келуі  арқылы  сынның  жоғарғы    дҽрежесін  кҿрсету.  1-ші,  3-ші  сҿйлемдердегі 
ұзақ –ұзақ, ақырын –ақырын үстеулері қимыл сын дҽрежесін кҿрсетеді. 4-ші сҿйлемдегі үсті 
су –су дегендегі су –су сын есімі сапалық сынның жоғарғы дҽрежесін білдіреді. Қосарлы сын 
есім  мен  үстеулердің  сын  дҽрежесінің  маңызды  бір  тілдік  кҿрсеткіштері  болатынын 
азербайжан  тілі  грамматикасы  ерекше  кҿрсетеді  екен  [5,  413].  Ал  2-ші  сҿйлемдегі  кӛсіп  –
кӛсіп  қосарлы  кҿсемшелері  қимыл сынның интенсивтілігін даралай кҿрсетеді.  
Кҿптік жҽне  аздық категориясында тіркесті күрделі сын есімдер кҿптеп қолданылады. 
Е.  Жанпейісов  күрделі  сын  есімдердің  «тіркесті  күрделі  сындардың  тілден  кең  орын  » 
алатынын айтады [6, 784]. Ғалымның пайымдауынша, мұндай сын есімдер күрделі сынның 
мағынасын  білдіреді.  Осы  ауқымды  күрделі  сын  есімдердің  ішінде  сынның  жоғарғы 
дҽрежесін  кҿрсететіндері  де  жиі  қолданыста  болады,  мысалы,  ұлан  байтақ  (ұлан  –  асырға 
ұқсас) тҽрізді тіркесті күрделі сын есімдермен қатар, «тірек сыңар қызметінде – дай жұрнақы 
туынды  сындар  ҿте  жиі  қолданылады  »  [7,  134]:  түпсіз  терең,  жардай  семіз,  еңгезердей 
үлкен,  қаңбақтай  жеңіл,  абажадай  үлкен  т.б.  «тірек  сыңарының  мағынасын  күшейтіп 
тұрады, ... сапа сынының мҽні күшейтіледі »,  
1.
 
Орналасқан  күннің  ертеңіне  есік  алдында  абажадай  күбі  шелектің  жанында  үріп 
ауызға салғандай бір бойжеткен тұр (Қ. Исабаев). 
2.
 
Кішкене  түймедей  кӛздерін  нағашымның  қызара  бӛрткен  ұлан  байтақ  жүзіне 
әлденеше мәрте кӛз жүгіртіп, әлденеше мәрте аударып әкетті (Ҽ. Кекілбаев).  
3.
 
Ал  Барақ  сұлтан  болса,  Әбілқайыр  айтқандай,  хан  ордасынан  әжептәуір  ұзап 
барып,  ымырт  үйіріле  Церен-  Доржи  тобынан  ӛзінің  сенімді  еңгезердей  үлкен  жігіттерін 
бӛліп алып, кейін қайтқан (І. Есенберлин).  
Жоғарыда Е. Жанпейісов келтірген « – дай жұрнақты туынды қатыстық сын есімдер » 
басқа  қырынан  қарағанда  салыстырмалы  –  компаративтік  фразеологизмдер  деп  те 
қарастырылады.  Т.  Қоңыров  –  дай  жұрнағымен  келген  құрылымдарды  «устойчивые 
компаративные  конструкции  »  деп  атап  осындайлардың  бес  типінің  алғашқы  екеуіне 
жатқызады [8, 151]. Ғ. Мұсабаев бұл жұрнақтың зат есімдерге, т.б. сҿздерге жалғана отырып, 
сындық  мағына  туғызып,  анықтауыштық  қызметте  ұқсату  мағынасын  білдіретінін  баса 
айтады [9,182]. А.Ысқақов, С. Исаев  –дай жұрнағынесімдерден сын есім тудыратын ҿнімді 
сҿзжасамдық қосымша деп таниды. Ол кҿбіне- кҿп белгілі бір сын есіммен тіркесе келіп, сол 
сынның  сипатын,  дҽрежесін,  атап  айтқанда,  жоғарғы  сатысын  айқындайды  (  үп  –үлкен-1, 
қаңбақтай жеңіл- 2, оттай ыстық -3,  удай қымбат -4.) Алғашқы екі қолданыстағы - дай 
жұрнақты  сын  есімнің  күшейтпелі  буынды  сын  есіммен  (үп  –үлкен,  жеп  –жеңіл)  тіркесуі 
жоғарғы дҽрежедегі толымды сынды одан да үдете, образды метафорлы түрде бейнелейді, ол 
Т.Қоңыровтың  тұжырымдауынша  «дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың  ұқсастығының 
конкретті  суретін    жасайды  »  [10,  256].  Удай  ащы  тіркесті  сын  дҽмнің  ащылығы  умен 
теңдестіріліп,  ӛте  ащы  мағынасын  ішкі  семантикалық  байланыстан  нақтылап  ашып 
кҿрсетсе,  удай  қымбат  сынында  удың  бастапқы  мағынасы  ауыс  түрінде,  яғни  ҿте  жоғарғы  
кҿптік жҽне  аздық сын дҽрежесін білдіреді, оның үстінде оның коннотативтік мағынасы бұл 
форманы  функционалды  күшейткіш  дҽрежесіне  жеткізеді,  сол  арқылы  осы  тілдің  иесінің 
бейнелі  дүниетанымдық  ерекшелігін,  жанымен  түйсінер  түйсігін  аса  сенімді  деңгейде 
айшықтайды.  Сонысымен  де  осындай  тілдік  қолданыстар  түйсінген  дүниенің  анық-  айқын 
бейнесін беруге құзырлы. – дай жұрнақты сын есімнің сҿз таптық статусын оның жеке- дара 
анықталатын  зат  есіммен  тіркесе  алу  мүмкіншілігі  ашып  кҿрсетсе  керек:  абажадай  күбі, 
еңгезердей үлкен жігіттері  тіркестерінде сын есімдер:абажадай (кебеженің үлкен түрі [11, 
32]  –  даладай,  ӛте  үлкен    кҿптік  мағынасын  білдірсе,  еңгезердей  («ені-  кез  -ер  »)  (297,72)  - 
ӛте үлкен  кҿптік түймедей кішкене  аздық мҽнінде қолданылады.  
Қазақ  тілінде  Е.Жанпейісовтың  пайымдауынша,  біріккен  күрделі  сын  есімдер  сан 
жағынан  онша  кҿп  емес  [12,  780].  Алайда  тілдегі    кҿптік  категориясының  қолданысында 
күшейткіштік  мҽнде  қолданылатын  сын  есімдер  қазақ  тілінде  бар.  Мысалы,  зіл  батпан, 
зілмауыр,  қара- құрым, тақыр кедей, , қара тер, қас қағым, қу кедей, сіріңке қара, қу дала, 

105 
 
қу медиен  т.б. Бұл сҿздер негізінен біртұтастықтағы мағынаны білдіреді, олардың алдыңғы  
компоненттері соңғы компоненттердің мағынасына күшейткіштік үстеме мағына қосып тұр, 
сондықтан  да  олар  біртұтас  сҿз,  біріккен  сҿз  ретінде  біріктіріліп  жазылуы  тиіс  [13,  174]. 
Мысалы  кҿркем  ҽдебиетте  осындай  сҿздерді  бірде  бірге,  бірде  бҿлек  жазып  жүрген 
жағдайлар  кездеседі.  Бұл  күшейткіш  компоненттер  басқа  тілдерде  жиі  қолданылатын  аса 
жоғарғы  сын  дҽрежесін  білдіретін,  кейінгі  кезде  қазақ  тілінде  де  қолданыла  бастаған 
суперкүшейткішіндей бірге жазылуы керекті [14, 176].  
1.
 
Қарақұрым  қол әп  –сәтте қоғадай жапырылып жоқ  болды да, келесі  мезетте ат 
үстіне ӛрттей қаулап қайта кӛтеріледі (Д. Досжан).  
2.
 
Қудалада ӛзіңді еш серіксіз, жалғыз сезінген қиын- ақ. (Д. Досжан). 
3.
 
Сондай  халде  келген  орыстың  тақыркедейлері  тұрмыс  жасауға  қаншалық 
азаптанғанын,  үйді  қалай  салғанын,  егінді  қалай  сеуіп,  астықты  қалай  жинағанын 
Нұрмағанбет кӛзімен кӛрді (С. Мұқанов). 
Тұжырымдай  келе,  қазақ  тілінде    кҿптік  категориясындағы  біріккен  күрделі  сын 
есімдер  сынның  жоғарғы  дҽрежесінің  ҽр  түрлі  сатысын  білдірудің  бір  тҽсілі  деп  тануымыз 
керек.   
Кҿптік категориясында ӛте, аса, тым функционалды форманттар яғни күшейтпелі сын 
дҽрежесінің  кҿрсеткіштері  жиі  қолданылады.  Күшейтпелі  шырайдың  Қазақ  грамматикасы 
кҿрсеткен  екінші  түрі  туралы  қазақ  тіл  мамандарының  пікірлері  түрліше  болып  келеді. 
Күшейткіш үстеулер: «аса, ӛте, тым, тым-ақ, тіпті, тіптен, нағыз, ең, орасан, керемет » 
арқылы  «асырмалы  шырай  жасалады»,  -дейді  А.  Ысқақов,  ал  Ғ.  Мұсабаев  осы  қатардан 
орасан  тҽрізді  сҿздердің  сын  есім  алдында  келіп,  сапаны  күшейтетінін,  «бірақ  салыстыру 
мағынасы  жоқ  »  екенін  айтып,  ҿз  алдына  лексикалық  мҽні  бар  жеке  сҿз  деу  керектігін 
айтады. Ол жоғарыда келтірілген қатардағы күшейтпелі үстеулермен жасалған формаларды 
үдетпелі шырай деп атайды [15, 229].  
Күшейткіш  үстеулердің  ішіндегі  Қазақ  грамматикасы  кҿрсеткендей,  күшейткіш 
дҽреженің мҽнін жалпылап білдіретіндері жҽне де жиі қолданыс табатындары ӛте, аса, тым 
функционалды форманттар.  
Нағыз,  орасан,  керемет  күшейткіш  лексемалары  сынның  жоғарғы  дҽрежесін  ҽр  түрлі 
модустық  мҽндермен  қабаттастыра  айқындайды.  Бұл  соңғылардың  қатары  тілде  кҿптеп 
саналады. Күшейтпелі сын дҽрежесін кҿрсететін ӛте, аса, тым функционалды форманттары 
осы  дҽреженің  ҽртүрлі  сатыларын  саралайды,  сонымен  бірге  олардың  жиі  қлданысында 
кҿптеген ұқсастықтар бар. Мысалы:  
1.  Ақыры  кӛргені  ӛте  кӛп,  тоқығаны  ӛте  мол,  ақылы  дария  Ғаббасқа  тоқтаған 
(Д.Досжан).  
2.  Содан  кейін  барып  ақын  Бүркіт  ӛте  аз  жылдың  ішінде  кӛзге  түсті,  ауызға  ілікті 
(І.Есенберлин ).  
3. Аса ақылды патшалар мен қолбасшылар ақындар мен тарихшыларды құрметтеуге 
ӛте зор кӛңіл бӛлген (Ұ. Есдҽулет).  
4.  Қазақ  әйелдерінің  соның  ішінде  ауыл  әйелдерінің  кӛтеретін  жүгі  ӛте  ауыр 
(Қазақстан ҽйелдері).  
Ӛте  күшейткіші  салыстырмасыз  сынның  жоғарғы  дҽрежесін  білдіреді.  Ол 
анықтауыштық,  есім  баяндауыш  қызметіндегі  сын  есімге,  немесе  үстеуге  тіркесіп,  солар 
білдіретін  сынның,  белгінің  жоғарғы  дҽрежесін  ашады.  Бұл  күшейткіш  ҿзі  кҿрсететін 
жоғарғы дҽреженің ҿз ішіндегі жіктелуін айқындай түседі: кӛп, ӛте кӛп (1 )- аз, ӛте аз (2 ) –
жоғарғы дҽрежеге жеткізе сипаттаса, ауыр, ӛте ауыр(3 )- жоғарғы дҽрежені айрықша екпінде 
ерекшелеп тұр, ӛте зор (4) – жоғарғы дҽрежедегі сын білдіретін зор сынды үдетіп тұр.  
1.
 
Мана  оның  айтуынша,  қазақтан  алынатын  алым  –салық  тым  кӛбейе  түскен 
кӛрінеді (С. Мұқанов).  
2.
 
 Шешеме  ұруына  араша  бергенмен,  әкемнің  бұл  ашуы  тіпті  ұзаққа  дейін  тараған 
жоқ (С.Мұқанов).  
3.
 
 Олардың жылқы жӛніндегі дауы аса талайға созылды (Жұлдыз). 

106 
 
4.
 
Осы  хабардан  кейін  Іле  қойнауындағы  жоңғарлардың  мына  сегіз  ауылы  тіптен 
қопарыла кӛтерілісті (І. Есенберлин). 
5.
 
Бірақ, бұл кезде Мұхамед Шайбани керемет күшейіп алған еді (І. Есенберлин). 
6.
 
Батыр  атағын  беруді  талап  еткен  хаттар  тиісті  орындарға,  журнал 
редакциясына және авторға орасан кӛп толассыз түсіп жатты (Парасат).  
7.
 
 Екі  жаққа  бӛлінген  топтарынан  басқа,  Құнанбайдың  артындағы  нӛпірдің  ӛзі  де 
аса тым мол. ( М. Ҽуезов).  
Аса  күшейткіші  ӛте  күшейткішіндей  қолданыс  аясында  қызмет  етеді  Айырмасын 
күшейтпелі  сын  дҽрежесінің  асырмалық  сатысын  білдіруінен  пайымдаймыз.  Ол  да  ӛте 
сияқты  ҿз  аясында  танылған  сынның  дҽрежесін  іштей  жіктейді.    Аса  тым  [16,  247б.  ].  
күшейткішімен  тіркесе  келіп,  М.М.Копыленконың  жіктеуіндегідей    үлкен  кӛптіктегі 
асырмалықтың  шегіне  меңзейді,  сонымен  бірге  сҿйлеушінің  коммуникативтік  пиғылын- 
интенциясын айқындайды. [17, 256]. Атап айтқанда, тыңдаушысын сҿзіне сендіруге бейілді 
екенін аша түседі. 
Сонымен қатар метафорланып қолданылатын мынандай тҽсілдер:  терең қайғы,  дария 
ақыл, нар тұлға,  жойқын  ерлік, апай тҿс, ұланғайыр байлық, сұрапыл  жылдамдық,  шалқар 
шабыт, ұлан кеңістік, жолбарыс жүрек,  тауқұдірет сын,тасшайнар қайсарлық идиомаларға 
айналып,  кҿптік  категориясындағы  сынның  аса  бір  жоғарғы  дҽрежесін  бейнелі  түрде 
сипаттайды.                               
Қорыта  айтқанда,  заттың  сапалық  кҿптік  пен  аздығы,  кҿптік,  аздық  функционалды  - 
семантикалық  ҿрісінің  семантикалық  құрылымы  болып  табылады  да,  тілдің  ҽр  түрлі 
деңгейлік құралдары арқылы білдіріледі.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет