Бұл мақалада бір-бірне ұқсас этникалық және гендерлік сәйкестіктер арасындағы
байланыс қарастырылған және олардың этноаралық ара-қатынастағы ұстанымдары
кӛрсетілген. Автор аталған сәйкестіктерді жүйелі құбылыс ретінде талдап, ерекшелігін
және арасындағы сабақтастықты белгілейді де, олардың этноаралық ара-қатынас
арасындағы болған оқиғаларды суреттейді. Зерттеушінің ойынша, бұл екі сәйкестік
арасындағы ерекшелік , осы екеунің этноаралық дербестігі бұларды онтологиялық құбылыс
ретінде айтуға мүмкіндік береді.
The article examines the correlation of two types of identity, ethnic and gender, and reveals
their positions in interethnic communication. The author analyzes these types of identities as system
phenomena, determines their specificity and interrelation, and describes the cases of their
manifestation in interethnic communication. In the researcher’s opinion, the specificity of the
phenomena described makes it possible to speak about the independent status of interethnic
communication as an ontological phenomenon.
132
ҼҾЖ 802/809 (5К)
Ж.С. Таласпаева, Г.К. Синбаева, Ж.Т. Қадыров
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
Петропавл, Қазақстан
КӚРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭВФЕМИСТІК ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Бұл мақалада эвфемизмдердің табу, дисфемизм, перифразбен байланысы
сипатталады. Кӛркем мәтінде эвфемистік қолданыстардың прагматика мәселесі және
синоним тудыратын ой-пікірлер айтылады. Эвфемистік мағынаның кӛркем мәтінде
қолданылу ерекшеліктері мен қызметін айқындау – эвфемия құбылысының тағы бір қырын
ашуға кӛмектеседі.
Түйін сӛздер: эвфемизм, табу, дисфемизм, перифраз, прагматика, кӛркем мәтін,
синоним.
Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мҽселесі – ҽлі де толық айқындалмаған құбылыс.
Эвфемизмдер кез келген халықтың тілінінен орын алады. Түркі тілдес қазақ тілінде де
эвфемизмдер молынан, сан түрлі болып қолданылады жҽне кейбір сҿздердің эвфемистік
мағынада қолдануына байланысты айырмашылықтар да жоқ емес. Түркі тілдерінде, соның
ішінде қазақ тілінде эвфемия құбылысын ғалым Ҽ. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің
нысанына алып, табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға жатқызады: «Кез келген
этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны
сияқты табу мен эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын
этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дҽстүрлі наным-сенімдер, мифтер, ҽдет-ғұрыптар,
салт-дҽстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мҽдениетімен байланысты этикалық нормалар
тұрады» [1, 117]. Ғалым бұл сҿздердің қыр-сырын ашуда этнография мен лингвистика
ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің
этнолингвистикалық бағытта айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын
этнолингвистикалық жүйе жҽне этномҽдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дҽстүрлі
моральдық-этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді
топтастырып кҿрсетеді, яғни ҿлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге, саяси
эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік метафора,
эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ, эвфемистік ирония
түрлері мен ҿзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Эвфемизмдердің мұншама түрлерінің ҿзі
академик В.В. Виноградов пікірінше: «Рухани мҽдениеттің кҿтерілуі тілдегі ҿзгерістерде
кҿріне отырып, сонымен бірге сҿзге, кҿркем шығармашылық туындыларына айрықша талап
пен мүдделілік те тудырады. Ҿмірдің түбегейлі жаңаруы дҽуірінде филологияның – тіл мен
ҽдебиет, халықтың сҿз мҽдениеті, сондай-ақ ҽдеби шығармаларды талдау ҽдістемесі
жҿніндегі ғылымның қоғамдық рҿлі ерекше маңызды да ықпалды бола түспек» [2, 78] –
деген тұжырымда терең болжам жатыр. Қазіргі таңда тіл, тіл мҽдениеті, ғылымға деген
талап, жауап-жауапкершілік, ықылас-қызығушылық, мүдделілік шынында да күн сайын
артуда. Осы тілдік, қазақ ділдігінің бір мҽселесі эвфемизмдік қолданыстарда жатқанын
ҿмірдің ҿзі дҽлелдеп отыр.
Жалпы тіл білімінде эвфемизмнің пайда болу жолы табу сҿздердің қолданысымен
байланысты деген пікір орныққан. Табу дегеніміз – тыйым сҿз ретінде қолданылады, тек
ұғымға салынатын тыйым емес, сол ұғымның тілдегі атауына, яғни сҿзге салынатын тыйым
екені мҽлім. Бұл орайда Ҽ. Ахметов ҿз еңбегінде «... табу мен эвфемизмдердің арасындағы
байланысты себеп пен салдар деп қараған жҿн. Ҿйткені эвфемизмдерді тудыратын – табу.
Сондықтан да олар бірінсіз бірі жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді тудырып қана
қоймай, оларға үнемі ҿз орнын беріп, ҿзі солардың тасасына бой жасырады» [1, 76] деп,
133
эвфемизм құбылысының тілдік табиғаты мен ҽлеуметтік сипатын айқындауға мүмкіндік
беретін іргелі тұжырым жасайды.
Сондай-ақ табу мен эвфемизмдердің тілмен бірге туып, бірге жасайтын бір-бірімен
ажырамас құбылыс екенін кҿрсетеді [1, 10].
Ҽ. Хасенов «Тіл білімі» деген еңбегінде «Эвфемизм – бір затты не құбылысты я
болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы; адамның кҿңіліне келмейтіндей,
жұқалап, жайдарылап, майдалап, іштей ренжіп тұрса да, рахаттана баяндағандай айта білу
тҽсілі», деп түсіндіреді [3, 154]. Адамзат, табиғат т.б. болсын жалпы тіршілік иелері дейтін
болсақ (жанды, жансыз) қарама-қарсы екі құбылыстан тұрады түн жҽне күн бар дегендей.Тіл
де осы заңдылыққа бағынады, ҽрі оның кҿрінісі. Ғалымдардың табу мен эвфемизмдер бірін-
бірі толықтыратын тілдік амалдар дегенде, олардың сан не сапа жағынан ҿсуі бұларға қарсы
мҽндес дисфемизмдердің ҽсерін естен шығарму керек. Кез келген эвфемизмдердің
дисфемистік қолданысы (тіпті контекстік мағынада болсын) болуы – осының айғағы.
Айталық, «оттама» деген қарапайым дисфемизмнің «кҿп сҿйлеу», «сҿзіне ие болу» т.б.
толып жатқан эвфемизмдік қолданыстары бар. Сонда диалектиканың қарама-қайшылық
заңының нҽтижесі дамуға ҽкеледі деген қағидасына сай сайып келгенде эвфемизм мен
дисфемизмдер ғасырлар ҿткен сайын тілдік байлықты толықтыра түседі. Сондықтан бұл екі
тілдік құбылыстың (эвфемистік, дисфемистік) қатар ҿмір сүруі қай тілде болмасын – тілдік
заңдылық.
Кейбір еңбектерде табу, эвфемизм сҿздер сҿйлеу тілі лексикасына жатқызылып бір-
біріне мағыналары жақын, мҽндес терминдер тұрғысынан сипатталады: «Сҿйлеу тілі
лексикасына стильдік бояуы жағынан табу сҿздер мен эвфемизмдер де жатады. Табу,
эвфемизм – бір-біріне мағыналары жақын, мҽндес терминдер. Ҽлдебір, діни нанымға, ескі
ҽдет-ғұрыпқа байланысты айтуға болмайтын, сондай-ақ цензуралық ретпен де қолдануға
тыйым салынған табу (эвфемизм) деп атайды. Бір жағдайда, хабарды тура айтпай, тұспалдап
жеткізетін сҿздер де табу (эвфемизм) делінеді. Ҿйткені стиль тұрғысынан алғанда, тура
сҿзден гҿрі (яғни ашық түрде, тура айтуға қарағанда) оны ауыстырған тұспал сҿздің ҿзі
ұтымды. Табу мен эвфемизмнің кҿбіне-кҿп сҿйлеу стилі мен кҿркем ҽдебиетте
қолданылатын олардың осы ерекшелігімен тығыз байланысты» [4, 45-46].
Негізінен эвфемизмдер мен табу сҿздердің бірлігі (ұқсастығы) мен айырым белгілері
бар. Бұл екі термин түптеп келгенде бір тілдік құбылысқа жатады. Басқаша айтқанда, табу
да, эвфемизмдер де кез келген нҽрсені жұмсартып, ойды жеткізудегі сыпайы тілдік
қолданымдар деген бағытта бірлікте болады. Ал нақты стильдік үрдістерде екі түрлі
мақсатты кҿздейді, бірі (табу) наным-сенімге, салт-дҽстүрді ұстанс, екіншісі (эвфемизмдер)
тікелей тілдік мҽдениетке қатысты болып келетінін ғалымдар атап кҿрсетеді. «Бір затты,
құбылысты ҿз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен байланысты емес.
Сҿздің ұғымы дҿрекілеу, қолайсыздау, кҿңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір
сҿз бір сҿзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сҿздің орнына сол
ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сҿздер айтылады. Мұндай
құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған
сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен ҽдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі
қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы ҿскелең халқымыздың қалыптасқан
этикалық жҽне эстетикалық нормаларының күнделікті нақ кҿріністері деп есептеледі.
Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі
мақсаттан шыққан» [5, 125-12] деп, эвфемизмді құбылыс ретінде қарастырып, оның ҿзіндік
еркшеліктерін кҿрсетеді.
Б. Сағындықұлы «...табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі
екі түрлі мақсаттан шыққан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған
сенімге емес, сыпайыгершілік пен ҽдептілікке негізделеді» – деген пікірді негізге ала
отырып, «...ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жоқ.
Ҽлеуметтік саладағы құбылыс – жаргондар мен арголар да бір сҿзді екінші сҿзбен алмастыра
алады. Эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспейді» [6, 87-88] деп, эвфемизм
134
құбылысының семантикалық табиғатына баса назар аударады. Бұл айтылғандар эвфемизм
мен табудың ара жігін ажыратудағы негізгі тұжырым екенін байқаймыз. Дегенмен ғалымның
пікіріне қосыла отырып, мына секілді толықтыруларды айтуға болады. Ҽңгіме бір сҿзді
екінші сҿзбен ауыстыруда емес, бір жағынан солай кҿріну де ықтимал. Біздің тақырыбымыз
бойынша кез келген сҿздерді екінші бір сҿзбен (автор кҿрсетіп отырған жаргон не арголар
т.б. секілді) ауыстыра салу емес, керісінше тілдің эволюциялық даму барысында белгілі бір
бағытта сҿз қолданылуларда іштей табиғи байланыста болады. Айталық үлкен тілдік
құбылыс бағыттарына кҿмекші екінші бір бағыттар қосарлана жүреді де, келешекте олар
диференциалданып ҿз алдына жеке тілдік заңдылық құрайды. Біз сҿз етіп отырған эвфемизм
бұл үлкен, ауқымды (сыпайылап, астарлап жеткізу амалын ұстанған) бағыт болып табылады
да, ал табу сол екінші тілдік амалмен жеткізілетін, тұспалдап немесе тыйым салынған, киелі
сҿздерді жалпы халықтық қолданылудағы сҿздермен ауыстыру мақсатындағы тілдік
тұлғалар болып табылады. Осы тұста ҽрине эвфемизм мен табу арасында еш байланыс жоқ
деу, асығыс пікір деген ойдамыз. Бұлардың табиғи байланыстары қалай болған күнде де
екінші бір сҿзбен жеткізу амалында жатыр. Сонда бұлар (эвфемизмдер мен табу) бір
бағыттағы екі түрлі мақсатты кҿрсететін сҿз ауыстыру амалдары болмақ. Айталық «қатын»
деп айтудың орнына тіл мҽдениетінен хабары бар, ҽдеби тілдік норманы сақтай білетін
азаматтардың «жұбайым», «ҿмірлік жолдасым», «жарым» т. б. дегенмен салыстырыңыз.
Қазіргі таңда тіл мҽдениетінде ҽдептілікті, сыпайылықты ескерген адам «ҽйел», «ҽйелім» деп
те қолданбайтыны бҽрімізге белгілі. Заман ҿткен сайын бұл сҿз де тұрпайлық мағынаға,
қолданымға айналып отыр. Ал автор сҿз етіп отырған жаргон сҿздер мен арголар да сҿз
ауыстыру қабілетіне келсек, ҽрине бұл – ауыстыру бағытындағы құптарлық пікір. Дегенмен
мұндай тілдік талдауларда ҽдеби тілдік норманы ескеру бірінші қажеттілік екенін ұмытуға
болмайды. Бұл терминдер (жаргон, арго) табиғатына енетін сҿздер біріншіден – ҽдеби
нормаға жатпайды, екіншіден – ҿміршең сҿздер емес. Олар жуық арада жоғалып немесе бұл
құбылыстардан шығып, жалпыхалықтық сҿздерге айналып отырады. Мысалы, кезінде
студенттер арасындағы «құлап қалу» – емтихан не сынақ тапсыра алмау мағынасында елге
танымал сҿзге айналып кетті. Қазіргі «арақ» мағынасындағы «тентек су», «кҿк су», «кҿк
мойын», «жынды сулар» да кезінде маскүнемдердің жаргондық сҿзінен жалпыхалықтық
қолданысқа айналған тілдік тұлғалар.
Сонда біз сҿз етіп отырған эвфемизмдер мен табулар сҿз алмастыру болғанда бірі –
сыпайылықты, екіншісі – тыйым салынған сҿздерді ауыстырса, ал жаргон мен арго
құпиялықты сақтау мақсатында қолданылатын сҿздер. Мысалы, ұрылар тіліндегі «жарым-
попалам» – түскен олжаны қылдай бҿлісу, «апсар-жапсар» – ұрланған дүние орны белгілі т.б.
сол ҽлеуметтік шағын топтар ғана қолданатын түсінікті сҿздер. Ал эвфемизмдер мен табулар
мүлдем керісінше жалпыхалық қолданысындағы тұлғалар болып табылады.
Сондай-ақ эвфемизмдер мен табуды тең дҽрежеде қарастыруға болмайтындығы
ескерілуі қажет.
Олардың ҿзіндік ерекшеліктеріне қарай аталуы да назарға алынып жүр. Бұл орайда
ғалым Б.Сағындықұлы былайша тұжырымдайды: «Ҽр түрлі наным-сенімдер, мифтер, ҽдет-
ғұрыптар, салт-дҽстүрлер, т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды
этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сҿздерді
лингвистикалық табу деп – атау дҽстүрі тіл білімінде бар. Алайда, этнографиялық табудың
мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың ҿрісі тар, ол – этнографиялық
табудың бір бҿлігі ғана. Кеңістік тіл білімінде бұларға тиісінше табу жҽне эвфемизмдер
деген терминдер телінді» дей келе, «Этнографиялық табуды ділдік табу, лингвистикалық
табуды тілдік табу деуге болады. Себебі, ділдік табу да, тілдік табу да ақшаның екі беті
сияқты, бір түсініктің (яғни табудың) аясында қарастырылады, ал ділдік, тілдік дегендер –
анықтауыштар. Этнографиялық ұғымдарды – адамдардың ішкі жан дүниесіне, дүние-
танымына, ой-ҿрісіне, сана-сезіміне, іс-ҽрекетіне, мінез-құлқына қатысты болғандықтан –
ділдік ұғымдар деп атаған жҿн. Тыйым салынған ділдік ұғымдардың барлығы – ділдік табу.
135
Сҿйтіп, табу іштей екіге бҿлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға,
хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-ҽрекетке, сҿз бен тілге, т.б.
байланысты) этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына
жүретін, яки оларды алмастыратын қосалқы, жанама сҿздер тілдік табулар болып
есептеледі», – деп табу мен эвфемизмнің ҿзіндік ерекшеліктері мен қызметін саралай отыра
оларға жаңа атау беруді ұсынады. Бұл құбылыстарды жаңа атаумен атау олардың ара жігін
ажыратуға бірден-бір септігі болар еді.
Орыс тіл білімінде эвфемизмдердің теориялық негіздері пайда болуы, жасалу жолдары
Б.А. Ларин, Л.А. Булаховская, А.А. Реформатский, Л. Крысин т.б. еңбектерінде кҿрсетіледі.
Эвфемизмдер дҿрекі сҿздерді сыпайы сҿздермен алмастыруда қызмет ететін сҿздер мен
қолданыстар ретінде қарастырылады: «Эвфемизмы – слова или выражения, служащие в
определенных условях для замены таких обозначений, которые представляются говорящему
нежелательными, не вполне вежливыми, слишком резкими. Например, задерживается вместо
опаздывает, кто крайний? Вместо - кто последний? (в очереди) наряду с такими более или
менее устойчивыми заменами, в речи отличаются смягчающие индивидуально-контекстные
обозначения, которые так же обычно расцениваются как эвфемизмы» [7, 199].
Бұған қоса Л. Крысин «Эвфемистическая замена используется в стремлении избегать
коммуникативных конфликтов и неудач, не создавать у собеседника ощущения
коммуникативного дискомфорта» [8, 384] деп, адамдар арасындағы қарым-қатынаста
қолайсыздық тудырмау үшін эвфемизмдермен ауыстырылатындығын айтады. – Партия
қызыметіндегі орыс ағайындар да жақсы жейтін сияқты осы қазаны, - деді, екінші
жапырақтыаузына салған Саржан, оңды-солды қарш-құрш шайнап.(22 бет Мағауин М.)
Контексті «жұмсарту» мақсатында сӛйлеу тіліне тән ағайын лексемасы тіркесіп берілген
орыс ағайындар қолданысы эвфемистік формада жасалынған.
Бүгінгі күні эвфемизмдерді функционалдық стильдер ішінде зерттеу қолға алына
бастады. Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы ҽдеби тілмен байланыс
ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің кҿрнекті ҿкілі В. Виноградов
функционалды стиль түрлерінің тілдегі үш түрлі қызметін атап кҿрсетеді: бірінші – қарым-
қатынас қызметі (ауызекі сҿйлеу стилі), екіншісі – хабар беру қызметі (ресми жҽне ғылыми),
үшінші – ықпал ету қызметі (публицистикалық жҽне кҿркем ҽдебиет стильдері [2, 84].
Сондай-ақ М. Жұмағұлова: «Ҽдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы
коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды кҿздейді де,
жеке бастық қатынасқа тҽн сипатқа ие болады. Ал газет бағаналарындағы эвфемистік
формалардың ҽлеуметтік сипаты басым болады [7, 19] деп есептейді. Газети публицистика
тіліндегі эвфемизмдердің ҽлеуметтік сипатымен ерекшеленетінін: «...сҿздің эвфемистік
мағынасын да тілдің «ҿз ішінде» ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық,
дүниетанымдық ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси ҿмірімен байланыстыра
қарау құбылыстың мҽнін айқындай түседі» деп, эвфемистік мағынаның мҽнін айқындайтын
басқа себептеріне де тоқталады. Яғни, эвфемистік мағынаның басты қызметі – дҿрекі,
тұрпайы, айтуға қолайсыз сҿздерді алмастырып, тыңдаушысына коммуникативтік
қолайсыздық тудырмау. Мысалы: Басына пұшпақ бҿрік киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша
сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам /133/.
Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына кҿтеріп,
ҽлденеге келісе алмай дауласып отыр /133/.
О дүниеге аттану кезегі кімге келіп тұр? Дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сҿз
етіп отыр /133/.
Ендеше эвфемизмдерді дисфемизмдермен салыстыра қарастырудың қажеттігі сҿзсіз.
Ҿйткені «Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс.
Эвфемизм сҿзді сыпайылап ҽдемілесе, дисфемизм, керісінше, жағымды, жұмсақ мағынаны
дҿрекілейді» [9, 23]. Сондықтан эвфемизмдер мен дисфемизмдерді қарама-қарсы құбылыс
ретінде қарастырғанда ғана олардың негізгі мҽні мен қызметі айқындалады. Сондай-ақ бұл
тіл мҽдениетін, сҿйлеу мҽдениетін кҿтеруге септігін тигізері, тілді тиімді жұмсай білуге
136
үйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің мұндай қоян жүрек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын
білген болсам... [2, 16]. (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары. – Алматы: Жазушы, 1975. – б.)
Біреуі аңқау, ақ кҿңіл, екіншісі момақан, момын келген де, енді үшінші біреуінің тұрлаусыз,
екі жақтылау мінезі бар-ды [2, 20] деп қолданудағы адамның мінез-құлқын ашу мақсатында
контрастық құбылыстарға дисфемизмдер мен эвфемизмдердің қызметі айрықша екендігі
кҿрініп тұр. Контекстік мағынада «қоян жүрек» пен «екі жүзді», «ақ кҿңіл», «момақан» мен
«тұрлаусыз», «екі жақтыларды», яғни дисфемизмдер мен эвфемизмдерді қаламгер жалпы
адам болмысын ашуда ҿте ұтымды қолданған. Дисфемизмдер мен эвфемизмдердің бұл
сықылды қатар келуі стильдік алуан түрлі қызмет атқарып, ойды жеткізуде ҿзіндік бояуымен
оқшау танылатын сҿздер тобы болып табылып, А.Н. Гвоздев сҿзімен айтқанда: «...
кескіндеме ҿнерінде ашық түсті бояулардың күңгірт фонда жарқырай түсетіні сияқты» [10,
54] (Гвоздев А.Н.) ұтымды қолданыс жақтары деп түсінген жҿн. Немесе: Мен орасан тентек
едім де, ол жуас еді [2, 20]. Ұлтшылдар ғой жұрт қан жылап отырғанда, бұлардың
рахаттанып жүргендерін қарашы, – деп Барис оларға кектене қарады [2, 349] деген тұстары
қаламгердің дисфемизм мен эвфемизмдер секілді контрастық құбылыс қолданымдарына
енгізіп, жекелеген сҿйлемдер құрамында ҿзара салыстыра шендестіріп, айқын қарсы
қойылған мҽн сипаттарын ұштай түсуде бұл тілдік құбылыстар ерекше стильдік қызметте
жұмсалғаны кҿрініп тұр.
Эвфемизмдерді перифразбен тығыз байланыста қарастыру оның стильдік қызметін
нақтылай түсуге мүмкіндік береді. Сҿздің келтірінді мағыналары перифраз, метафора,
метонимия, синекдоха сондай-ақ эвфемизм мен табу тҽсілдері арқылы да беріледі.
Кҿп жағдайда бұлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналатындығы
зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Перифраздардың тілтаным тұрғысынан зерттелуінде
эвфемистік қолданыстардың орны ерекше екеніне назар аударуға болады. Бұл орайда Г.
Үсенбаева «Перифраздардың тілдік табиғаты» [11] (1996) атты диссертациясында
перифраздың тілдік табиғатын қарастыруда метафоралық, метонимиялық, синекдохалық,
эвфемистік, синонимдік, есімді жҽне етістікті деп бҿліп, оларды жіктеп, перифраздың жасалу
жолдары мен тҽсілдеріне тоқталады. Сондай-ақ Г. Амандықова «Қазақ кҿркем ҽдеби
тіліндегі перифраздар» [12] атты еңбегінде стильдік перифраздың құрылысын, мағынасы
мен мазмұнын, қызметін, қолдану ерекшеліктерін – бейнелілігін, стильдік бояуын саралай
келе бірнеше топқа бҿліп қарастырады. Соның ішінде қызметі жағынан номинативті,
эвфемистік, стильдік, информативті деп топтастырады. Перифраздың кҿп қырлы стильдік
құбылыс ретінде тілдің мҽн-маңызын кешенді түрде талдай отыра кҿркем мҽтінде оның ҽрбір
нақты қолданысы түрлі коммуникативтік, информативтік, эстетикалық, эвфемистік т.б.
қажеттіліктен туған заңды құбылыс екендігіне тоқталады. Соның ішінде эвфемистік
перифраздар перифраздардың ерекше түрі ретінде айқындалып, эвфемистік перифраз
мағынасы суық немесе айтуға ҿрескел саналатын дҿрекі сҿздерді майдалап, тігісін барынша
жатық етіп, келтірінді мағынада қолдану арқылы кҿрініс табатындығы айқындалады.
Тіліміздегі фразеологизмдердің кҿпшілігі эвфемизмдер негізінде қалыптасқаны белгілі.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердер тіл білімінің күрделі, сан қырлы салаларының бірі.
Тіліміздегі фразеологизмдердің кҿпшілігі эвфемизмдер негізінде пайда болатындығы туралы
Ҽ. Ахметовтің «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» деген еңбегінде фразалық
тіркестер сияқты мақал-мҽтелдер де эвфемистік мағына тудыра алатындығына тҿмендегідей
мысалдар келтіреді, мҽселен, тілімізде ҿлім-жітіммен байланысты фразеологизмдер:
дүниеден кҿшу (ҿту); ажал аузында; тҿрінен кҿрі жақын; тұяқ серіппей ҿту; қыршыннан
қиыл; жер қабу; жан тҽсілімге таяну; жан беру; күні біту; кҿрге тығу (кіру); келмеске кету;
жүріп кету; жастай кету; жазым болу; демі тоқтау (біту); қара жер алу; о дүниеге сапар шегу;
мҽңгі ұйқыға кету; құдай алу; үзіліп кету; сағаты біту; топырақ жамылу; шетінеп кету;
шырағы сҿну; ақ кебінге орану; олай-бұлай болып кету; мүрдем кету; жаны пида болу; ажал
нҽубеті жету; шейіт кету; қара жер тҿсек болу; кҿр құшу; кҿзі жұмылу; кҿз жазып қалу;
аяқтағы суға ағып ҿлу; жанын жаһаннамаға жіберу, ҿлі мен тірінің арасында, т.б. [1, 56].
137
Осы салада зерттеу жүргізіп жүрген ғалым К. Смағұлова фразеологизмдердің ішкі
мағыналық
реңктеріне
назар
аударады.
«Ҿлім-жітімге
байланысты
мағыналас
фразеологизмдердің тілімізде сақталған тіркес түрлерінің мазмұндық жағы жалпы
болғанымен, ішкі мағыналық формасындағы дифференциациялар қайран қаларлық топтарға
жіктеліп кетеді. Қазақ «ҿлім бар жерде қаза бар» деп ескертеді. Алланың ақ бұйрықты ҿлімі
бар да, кенеттен қапылыста болатын қаза бар. Бір мақалдағы жалпы ұғым осындай лексика-
семантикалық реңктермен екі түрлі түсінікпен беріледі. Эвфемистік, кейде дисфемистік
тұрғыда айтылған тұрақты фразеологиялық тіркестер қатары соншама мол, ҽрі сипаттау ҽдісі
де сан алуан» [9, 30] – деп эвфемистік жҽне дисфемистік мағынада айтылатын
фразеологиялық тіркестердің орнына тоқталады.
Ғалым Р. Сыздықова ауызекі ҽдеби тіл, ауызша ҽдеби тіл деп екіге бҿледі. Ауызекі
ҽдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің ресми, ғылыми, публицистикалық
стильдердің ауызша формасын жатқызуға болады. Себебі ауызекі ҽдеби тілге Р. Сыздықова
былайша анықтама береді: «Ұлттық ҽдеби тілдің жазу ҿнері шыққанға дейінгі үлгісі, сҿз
ҿнері хатқа түспей тұрған ерте дҽуірдегі елінің қоғамдық-ҽлеуметтік мүдделерін ҿту үшін
тұтынылған, бейнелі, асқақ стильге құрылған сҿз саптау үлгісі. Олай болса, ұлттық ҽдеби
тілдің жазбаша түрі шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі ауызекі сҿйлеу стилінің негізі
болып табылады. Ауызекі сҿйлеу стилінде дҿрекі сҿздер, қарапайым, жергілікті сҿздер мен
диалекті сҿздер жиі ұшырасады. Бҿгде тілдік элементтер, орыс тілінен енген сҿздер, табу мен
эвфемизмдер жиі қолданылады» [13] деп, ауызекі сҿйлеу стилінде қарастырып отырған
дисфемистік, эвфемистік қолданыстардың жиі кездесетіндігіне назар аударады.
Бұған қоса «табу мен эвфемизмдерді қолдану ауызекі сҿйлеу стиліне тҽн ерекшелік
болып табылатындығын кҿруге болады» [1] – деген Ҽ. Ахметовтің пікірі де эвфемизмдер мен
дисфемизмдердің қолдану аясын нақтылайды.
Сондай-ақ М. Жұмағұлованың «Газет тіліндегі саяси-қоғамдық эвфемизмдер»
еңбегінде эвфемизмдердің публицистикалық тіл жүйесіндегі орнын, қызметін,
ерекшеліктерін айқындап зерттеуі эвфемия құбылысын танудағы маңызды еңбек деп айтуға
болады. М. Жұмағұлова қоғамдық-саяси уҽжділікпен (мотивпен) байланысты эвфемизм
түрлері арнайы зерттелмегендігін айта келе, оларды қоғамдық сананың бір түрі – саяси-
құқықтық санамен байланысты қарайды.
Бұлар белгілі контексте ҽр түрлі стильдік мҽн тудырады. Сҿздің ұғымы дҿрекілеу,
қолайсыздау, кҿңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сҿз бір сҿзбен
алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сҿздің орнына сол ұғымды
жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сҿздер айтылады.
Ғалым эвфемизмдерді зерттеудегі тілдік ҿріс теориясына негіздей отыра сҿздің табу
салынған формасын екінші бір формамен ауыстыру коммуникативтік басты принципке
қайшы келмей, сҿздің табу салынған формасы оның эвфемизм формасымен семантикалық
бір ҿріске жататындығын айтып тұжырымдайды. Сондай-ақ сҿздің тыйым салынған
формасына эвфемистік формасын тудыратын факторлар болып табылатын тосқауыл-
цензураның түрлерін жҽне эвфемистік формамен алмастырудың мотивтерін айқындап
топтастырады: «Белгілі бір сҿздің тыйым салынған формасына қойылатын тосқауыл-цензура
оның эвфемистік формасын тудыратын факторлар болып табылады. Олар атап айтқанда:
қоғамдық цензура, ҽлеуметтік цензура, саяси цензура, идеологиялық цензура.
Сҿздің табу салынған формасын эвфемистік формамен алмастырудың мотивтері де ҽр
түрлі болып келеді: мифологиялық мотив, діни мотив, моральдық, этикалық мотив, саяси
мотив, мемлекеттік құпияны сақтау, ақиқатты бүркемелеу, ақиқатты боямалау, ақиқатты
жасыру» [7, 7]. Сонымен бірге эвфемизмдердің кҿркем шығарма тіліндегі орны ҽлі
айқындалмағанмен, кҿркем мҽтінде дҽстүрлі түрлері жҽне айшықты түрлері де мол
кездесетіндігін жҽне сҿздерге эмоционалдық мҽн беру үшін қолданылатын сҿз саптау ҽдісіне
жататындығын айтады. Сондай-ақ эвфемистік қолданыстың негізгі қызметі сҿзді кҿріктеу
емес, сҿздің тыйым салынған формасын тыйым салынбаған бейтарап формамен ауыстыру
болып табылатындығына баса назар аударады: «Кҿркем тіл кестесіне енген тілдік
138
элементтердің бҽрі де кҿркемдік-эстетикалық принципке бағынады, яғни дыбыстан бастап
сҿйлемге дейінгі бірліктер текстің бір-бірімен астасып жатқан кҿркем элементтері болып
табылады. Эвфемизмдер де солардың бірі болғанмен, сҿзді кҿріктеу емес, эвфемистік мағына
беру мақсатында жұмсалады» [9, 118] деп тұжырымдайды. Алайда кейбір зерттеу
еңбектерінде «эвфемизмдер – ойды бейнелеп, кҿркем түрде жеткізудің негізгі бір тҽсілі» деп,
эвфемистік мағынаның кҿріктеу құралы ретінде берілетіндігі де айтылады. Сҿздің тыйым
салынған формасы табу, эвфемизмдер дегенде ескеретін – бір мҽселе мұндай құбылыстағы
сҿздер (сыпайы немесе, тіпті, стильдік мақсат пен тұрпайы болсын) қалай болған күнде де
ҽйтеуір сҿз ауыстырту. Ал сҿз ауыстыру табиғатына келсек эвфемизмдер тыйым салынғанда
емес, кҿріктеу мақсатын кҿздеп сыпайылық мҽн-мағына қолданады деген ғалымдар пікіріне
қосыла отырып, табу шын мҽнінде, ҽдет-ғұрып, салт-сана т.б. ықпалымен мүлдем тыйым
салынған сҿздерді ауыстыру деген пікірлер біздің ой-тұжырымымызға сай келеді деген
ойдамыз. Мысалы, қазақ салтында қайнағасының, атасының атын атамау – табу (тыйым
салынған), «жезӛкше» дегеннің орнына «кӛлденең жүрісі бар» т.б. деп айту тыйым
салынғаннан емес, ізеттілікті, сыпайылықты сақтап, тіл мҽдениетін ескергендіктен
қолданылатын тұлғалар болып табылады.
Эвфемизмдердің қызметі синонимдерді қолданудың бір тҽсілі ретінде түсіндіріліп
синонимдер сҿздігінде мынандай анықтама беріледі: «Мағынасы жағымсыз сҿздердің мҽнін
тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тҽсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл
да тіл мҽдениетінің бір тҽсілі болып саналады. Мҽселен, ҿсек-аяң дегеннің орнына жаяу
почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, ҿтірік сҿз дегеннің орнына қоспа деп, ҿсекші
дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің
орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге
болады. М. Ҽуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың ҿлімін мынадай эвфемизмдер
арқылы бейнелеген «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан
дүниеден кҿшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай жҽне қаза тапты.
Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шҿл даланы жарып аққан дариядай игілік ҿмір үзілді. Сонау
бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зҽулім ҿскен алып шынар
құлады. Ҿмірден Абай кетті...», ҿлді деген жағымсыз сҿздің орнына дүниеден кҿшті, қаза
тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған [14, 311].
Мысалы: Баяғы ашаршылыққа жел аударған қаңбақтай қаңғып келе жатып, осы араға
келгенде, дҽм-тұзы таусылған болар. (Қ. Ж.), – Аштықтан бұрлығып, боранда қалып, талай
боздақ жан тапсырды ғой. (Қ.Ж.). Табу мен эвфемизмдер ауызекі сҿйлеу стилінің сҿздік
қорынан орын алады. «Табу мен эвфемизмдер – сҿздік құрамның лексикасының жҽне
семантикалық жағынан баюдың бір жолы». Ҽ.Болғанбаев эвфемизмдерді синоним
тудыратын тілдік қатарына жатқызады [15, 55]. Синонимдердің стильдік, коннатативтік,
үдетпелік (градациялық) қасиеттері (қызметтері) бар. Синонимдер контексте мағыналық
контраст деп аталатын кереғарлық мҽн тудырып, оның оқырманға тигізетін ҽсерін-
экспрессиясын күшейту арқылы стильдік жүк арқалайды. Мысалы, Кҿркем туындыларда,
ауыз-екі сҿйлеу тілінде болсын, «осы ауылдан бай таппағандай, бәленшенің қызы ит ӛлген
жерге тұрмысқа шыққаны несі» деген қолданыстағы алыс, тым ұзақ т.б. сҿздерді белгілі бір
стильдік мақсатта «ит ӛлген жер», «барса келмес жер» т.б. деп ауыстырып қолдану
эвфемизмге жатады. Бірақ, жоғарыдағы мысалда ондай сыпайлық мағына біліне қоймайды.
Себебі, «ит ҿлген жер» тіркесі «бай таппағандай» тіркесінің ҽсерінен градациялық (үстеме)
стильдік жүктеме қызметте жұмсалып, адамның теріс кҿзқарасын білдіру мақсатында
синонимдік қызмет атқару нҽтижесінде жағымсыз эмоцияда қолданып тұр. Негізінен
алғанда, күнделікті қарым-қатынаста «иек асты», «таяқ тастам жер», «ат шаптырым жер»
немесе «ит ҿлген жер» деген фразеологиялық тіркестерде ешқандай эмоция білінбейді де
стильдік қолданыстарда эвфемия құбылысына ене алады.
Синонимдерді таңдауда олардың мағына жағынан нақты немесе жалпылық ұғымдарды
білдіруін, мағыналық қосымша реңктерінің стильдік жүк жағынан жоғары (асқақ) не тҿмен
(пҽс) қызметте жұмсалу қабілеттерін, экспрессиясы жағынан бейтарап немесе ҽсерлі болып
139
келеді. Қазақ ҽдеби тілінің нормасы тұрғысынан ҽңгіме болған ҽйел, қатын, ұрғашы деген
сҿздерді енді синонимдік қатарлардың қолданысы жағынан қарастырсақ, қазақ жазба тілінде
активтене бастаған кірме араб сҿзі ҽйел деген мен байырғы түркілік ұрғашы синонимін
кҿбінесе «ҽйелзат, ҽйел атаулы, ҽйел жынысты» деген мағынада жұмсайды.
Ж. Есімова «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, кҿңіл айту сҿздері» [16] атты
еңбегінде қазаға байланысты қолданылатын естірту мен кҿңіл айту сҿздерінің эвфемистік
сипатын тілдік тұрғыдан қарастырып, оның табиғатын ашудағы ерекшеліктерін саралайды.
Яғни, автордың зерттеу еңбегінде қазақ тіліндегі естірту мен кҿңіл айту сҿздерінің
эвфемистік мҽнін аша отырып, қазақ мҽдениетінде қазаға байланысты қолданылатын
этикеттік белгілер кҿрсетіледі, коммуникативтік жағдай, стратегия мен тактика қолданысы
анықталады, діни ұғымдардың лексика – семантикасына талдау жасалады, кҿркемдік сипаты,
наным - сенімге қатысы талданады, лингво-психологиялық тұрғыдан зерделенеді, гендерлік
сипаты сараланып, диалектілік ерекшеліктері кҿрсетіледі.
Сондай-ақ эвфемизмдер сакральды лексикаға жатқызылып қарастырылады: «Сҿздік
магия формаларының бірі ретіндегі табу жҽне эвфемизм сакральды сҿздердің магиялық
күшіне деген сеніммен ҿзара байланысты» деп, оның себебін былай түсіндіреді: «Тыйым
(табу) сҿздердің ҽр түрлі разрядтарын, сондай-ақ эвфемизмдерді біз сакральды лексикаға
жатқызамыз, себебі олардың пайда болуы мен қалыптасуы сҿздің магиялық күшімен
аталатын нысаналардың (денотаттардың) сакральдығына (киелілігіне) деген сенімге
негізделген» [17, 25] – деген пікірді де ескерген жҿн. Бірақ эвфемизмдерді бүтіндей
сакральдық құбылысқа негіздеудің ҿзі біздің зерттеуімізше асығыстық пікір деген ойдамыз.
Мұның басты себебі, айталық «ұзын құлақтан естуімізше» (ҿсекшілерден) дегенде қандай
мағына бар, бұл жерде тіл мҽдениеттілігі бірінші орынға қойылып отыр. Сондықтан магиа
немесе сакральды лексика дегенді біз сенімді түрде табу құбылысына қатысты мҽселелер
ретінде танимыз. Айталық, қасқыр шаппасын, жылан шақпасын деген сенім түсініктерден
бірін – «ұлыма», екіншісін – «түйме» деп атау – аса магиялық күштен сақтанғандық деп
түсіндірілетін табулар. Бұл мҽселе эвфемизмдер тілдің кҿріктеу сипатына негізделген, басым
кҿпшілігінде эмоционалды-экспрессивті сҿздер деген ғалымдар пікірлерін дҽлелдей түседі.
Сондықтан энциклопедияда эвфемизмдер ҽдептілікке, сыпайылық мақсатты кҿздеп: «Ол
тілдегі ауыспалы мағынадағы сҿздерді толықтырып отыратын кҿркемдеуіш, бейнелеуіш
құралдардың бірі...» [18, 464] – деп тұжырым жасалған. Мысалы: Жүдеген қу сүйек дене
қимылдан қалды, үш ай бойы азап шеккен шыбын жан мәңгілік мекеніне кетті (Партизан
соқпақтары, 87 б.) деген баласынан айрылған ҽкенің кісі ҿліміне байланысты қанша жұмсақ,
қанша ізеттілік, сыпайылық сақтағанымен жан тебірентерлік қолданыс екеніне ешкімнің де
дауы жоқ шығар.
Салихова А.З. эвфемизм құбылысы қазақ тіл білімінде де зерттеліп жүргендігін жҽне
комизм тудыруда ҿзге тілдердегідей, қазақ тілінде де бұл тҽсілдің кездесетіндігін кҿрсетеді.
Халық ұғымында үлкенді сыйлау, ата-ене, қайынаға, қайынапа т.б. туыстық атауларға
байланысты атын атамай кішілік таныту ежелден бар дҽстүр екендігіне тоқталып: «Ұлттық
санаға байланысты қалыптасқан қолданыстар тіл табиғатында кездесіп отырады. Сырқаттың
ауруын айтуда эвфемизм диалогқа комикалық реңк беріп тұр. Комизм мҽтінінде келіп,
эвфемизм сҿздер кҿп нҽрсені, ҿмірдегі кейбір келеңсіз жағдай, жағымсыз ҽдеттерді
сықақтайды» [19, 19], комика тудырудағы эвфемизм сҿздердің қызметін санамалайды да:
«Сҿздің ауыспалы мағынасы сҿйлеу ситуациясында кҿрінеді жҽне жеке (индивидуальный)
сҿйлеуде де кҿрінеді. Негізгі принциптеріне қарай сҿздің ауыспалы мағынасын теңеу,
метафора, эвфемизм т.б. комика тудырудағы тілдегі ҿзге де құралдар жатады» [19, 17] деп
тұжырымдайды.
Сондай-ақ ирония мақсатында контекст арқылы эвфемистік мағынаның берілуін
кездестіреміз. Мысалы, Түтінге ыстылған, тек жоғарыдағы партия, совет қызыметкерлері
ғана жейтін ерекше қазыға қайтадан қол создық. (26 бет). Мысалы, – Жер таянғанша жҿн
білмейсің, сҿмпиіп ҿзің келгенше, жібермедің бе ҽлгі «Жібегіңді!». (Беласқан.– 432 б.)
140
«Бейресми есімдер тобын құрайтын лақап аттардың тууына түрткі болатын негізгі
себептердің бірі – этникалық кҿріністер. Халқымыздың ҽдет-ғұрпына, наным-сеніміне, салт-
санасына байланысты қалыптасқан тілдік табу жҽне эвфемизм деп аталатын құбылыстардың
тіліміздегі этникалық кҿріністері: ұлттық ҽдет-ғұрып, салт-дҽстүрге жҽне ҽр түрлі наным-
сенімдерге байланысты болып келеді. Қазақ ҽйелінің ерін, оның туған-туысын есімдерімен
атамай, ҽрқайсысының ҿзіне лайық ат қоюы (ат тергеу) – табу құбылысының тамаша бір
кҿрінісі» [20, 11].
Эвфемия құбылысы кҿп қырлы жҽне ҿте күрделі тілдік қабат. Кҿркем ҽдебиет стилінде
эвфемистік мағынаның қолдану ерекшеліктері мен қызметін, аясын зерттеу осы құбылыстың
тағы бір қырын ашуға кҿмектеседі.
Эвфемизмдерді жалпы тілдік, жалпы ҽдеби тіл аясында қарастыру қажет етеді. Ал бұл
құбылыстың функционалдық стильдерде қазақ тіл білімінде қолданылуы ҽлі толық
қарастырылмаған мҽселе.
Эвфемизм сҿздердің прагматикасы деген мҽселені қарастыруда ұлттық қасиеттерге
тоқталу керек сияқты. Ҿйткені эвфемизмдер ұлттық тілімізде қалыптасқан тұрақты тілдік
бірлік деуге болады. Сҿздің табулық жҽне эвфемистік формасы лексикалық жүйенің белгілі
бір семантикалық топтарын қамтиды, сондықтан эвфемия құбылысын жүйелеуге келмейтін,
кездейсоқ, тұрақсыз деп тануға болмайды.
Кҿркем ҽдебиет тілі жҽне оның стилі олардың ҿзіндік табиғаты мен негізгі
функцияларына байланысты айқындалады. Кҿркем ҽдебиет тілінің ҽдеби тілден басты бір
айырмашылығы – ол эстетикалық функция атқаруында. Кҿркем ҽдебиет тілінің стилі халық
тілі байлығының барлық қорын сарқа пайдаланады, ол ең алдымен тілдегі ең мол сала –
байырғы сҿздерге күш салады, кірме сҿздерді кеңінен қолданады, ауызекі тіл материалдары
– оның басты бір байлық кҿзі (қарапайым сҿздер, дҿрекі сҿздер, арголар, жаргондар,
архаизмдер мен историзмдер, ҽр саладағы арнаулы, кҽсіби терминдер, неологизмдер, кҽсіби
сҿздер, варваризмдер, диалектизмдер, эвфемизмдер, т.т. да) ҽдеби тілдің нормасына
жатпайтын толып жатқан сҿздер осы кҿркем ҽдебиет тілінің арқасында күн кҿреді. Осыдан
барып, Е.Несіпбайұлы Жанпейісов айтқандай, ―Ҽдеби тілімізді байытатын ең негізгі фактор
– кҿркем шығарма тілі‖ деген қағида шығады.
Сонымен, кҿркем мҽтіндерде эвфемистік ұғымдарды қолдануда белгілі бір мақсат
кҿзделеді. Эвфемизмдердің негізгі қызметі табу жҽне дҿрекі, жағымсыз, қолайсыз сҿздерді
алмастырып, бүркемелеп қолдану болса, сонымен қатар, олар сыпайылық, мҽдениеттіліктің
бірден-бір кҿрінісі болып табылады. Сондай-ақ, оқырманға айтарлықтай ҽсерлі болуы да
ескеріледі. Біз жұмысымызда эвфемизмдерді қолданудың мақсаты мен олардың жасалу
жолдарына қатысты кейбір тұстарын ғана қарастырдық.
Пайдаланылған ҽдебиет
1
Ахметов Ҽ. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы
этнолингвистикалық зерделеу). – Алматы, «Ғылым», 1995. – 176 б.
2
Виноградов В. Языковая ситуация // Лингвистический энциклопедический словарь.
– М., 1990. – С. 230.
3
Хасенов Ҽ. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 2003. – 414 б.
4
Ахметов Ҽ. Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер. – Алматы, 1973. – 164 б.
5
Болғанбаев Ҽ., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.
Оқу құралы. – Алматы, «Санат», 1997. – 256 б.
6
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 99 б.
7
Жұмағұлова М.Ш. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдер.– Алматы, 2000. –
111 б.
8
Крысин Л.П. Эвфем. В сов. Рус. Речи. – Москва, 1996. – С. 408.
9
Смағұлова К.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мҽдени аспектілері. Канд.
Дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. – Б. 30.
10
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. – Москва, 1965. – С. 251.
141
11
Үсенбаева Г. Перифраздардың тілдік табиғаты. – Алматы: Санат, 1996. – 214 б.
12
Амандықова Г. Қазақ кҿркем ҽдеби тіліндегі перифраздар. – Алматы: Санат, 1996. –
157 б.
13
Сыздықова Р. Бүгінгі кҿркем проза тілі жҽне ҽдеби норма. (сҽйкестіктер мен
алшақтықтар) // Ҿнер алды – қызыл тіл. Мақалалар жинағы. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 81
б.
14
Сыздық Р. Сҿз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 110 б.
15
Болғанбаев Ҽ. Қазақ тілінің синонимдер сҿздігі. – Алматы: Мектеп, 1975. – 307 б.
16
Есімова Ж.Д. Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, кҿңіл айту сҿздері. Канд. дисс.
авторефераты. – Алматы, 1998. – Б. 30.
17
Керімбаев А.Е. Қазақ тіліндегі сакральды атаулардың этнолингвистикалық сипаты.
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дҽрежесін алу үшін дайын. диссер.
авторефераты. – Алматы, 2007. – 25 б.
18
Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 464 б.
19
Салихова А.З. Қазақ тіліндегі комика тудырудың тілдік табиғаты. Автореферат. –
Алматы, 2001. – 25 б.
20
Рахымберлина С.Ҽ. Қазақ тіліндегі бейресми кісі есімдерінің этнолингвистикалық
жҽне танымдық сипаты. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дҽрежесін алу үшін
дайын. диссер. авторефераты. – Астана, 2009. – 24 б.
В данной статье описывается связь эвфемизмов с табу, дисфемизмом, перифразами.
Высказывается точка зрения на проблему образования синонимов и прагматики в
использовании эвфемизмов в художественном тексте. Определяется функция и
особенности использования эвфемизмов в художественном тексте.
In the given article the connection of euphemism with taboo, dysphemism and periphrasis are
described. The problem of synonym formation and the pragmatic aspect of euphemism in fiction
have been observed. The function and peculiarities of euphemism use are defined.
Достарыңызбен бөлісу: |