Проектно-исследовательская работа студентов


Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата31.03.2017
өлшемі11,14 Mb.
#10793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы. Білім қай кезеңде, қай заманда болмасын, адамға 
керек  қажеттіліктердің  бірі  болып  табылады.  Бҧл  мақалда  білім  тек  оқумен  келетінін,  ал 
ырыс тек біліммен келетінін айтады. 
Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Білекті адамныңбірді жығатыны 
белгілі.  Ал  білімді  адам  кӛп  нәрсені  жеңері  анық.  Білім  –  адамның  қаруы.  Білімің  толық 
болған кезде ғана сен мықтысың, кҥштісің. 
Білім жҧғысады, ырыс ауысады. 
Екпей  егін  шықпас,  ҥйренбей  білім  жҧқпас.  Екпей  егін  шықпайтыны  сияқты,  білім 
тегіннен-тегін келмейді. Білімге тек оқып-ҥйрену арқылы жетуге болады. 
"Ақыл" концептісіне қатысты мақал-мәтелдер: 
Ақыл  жастан  шығады,  асыл  тастан  шығады.  Ақыл  жас  ҧланнан,  жҥйрік  тай 
қҧнаннан.  Ақыл  адамның  жас  мӛлшеріне  байланысты  болмайды,  алайда  ақылдылық,  ӛз-
ӛзіңді тәрбиелеу жастық кезден басталады. Бҧл мақалдардың да айтары осы. Тай қҧнаннның 
жҥйрігін, тастың асылын жаста қонған ақылмен салыстыру тегін емес. 
"Денсаулық" концептісіне қатысты мақал-мәтелдер: 
Денсаулық-  зор  байлық.  Денсаулық  қашан  да  бірінші  орында  тҧратыны  белгілі.  Ата-
бабаларымыз денсаулықты баға жетпес байлыққа санаған. 
Жарлының байлығы- денінің саулығы. Ештеңесі жоқ жарлы-кедейдің денінің саулығы 
– байлығы. Денің сау болса ғана кӛрер қызығың, алар асуың алда. 
"Қонақ" концептісіне қатысты мақал-мәтелдер: 
Ауыл қонағы айда-жылда бір қонар. Қонақ қазақ халқы ҥшін қасиетті де қастерлі ҧғым. 
Қазақ  халқын  қонақжай  халық  деп таниды.Алыстан  ат  терлетіп  келген  қонаққа  мал  сойып, 
оларды қондырмай жібермеген. Ал ауыл қонақтары қонаққа келіп, сол ҥйде қонбаған. 
Қҧтты қонақ келсе,  қой  егіз  табар,  қҧтсыз  қонақ келсе,  қойға  қасқыр  шабар.(Ӛ.Т.)  
Қазақ  халқы  қонақты  да  қҧтты  қонақ,  қҧтсыз  қонақ  деп  бӛледі.  Қонақтың  қҧтты,  қҧтсыз 
болуы  тӛрт  тҥлік  малға  байланысты  екен.  Ата-бабаларымыздан  жеткен  бҧл  мақалдан  қазақ 
халқының ӛмірі тӛрт тҥлік малмен тығыз байланыста болғанын кӛреміз. 
7.Кҥтілетін нәтиже: 
Ахмет Байтҧрсынҧлының "Тіл қҧрал" еңбегіндегі жаттығуларға енген мақал-мәтелдердің 
саны  айтарлықтай  кӛп  екенін  жоғарыда  айтып  кеткен  болатынбыз.  Зерттеу  кезінде  ҧлт 
ҧстазына  дейін  халық  қазынасын  осындай  кӛлемде  ешкім  жинап,  бастырмағанына  кӛз 
жеткізілді. Сол себепті бҧл мақал-мәтелдерді жеке кітап етіп бастырып шығаруды ҧйғардық. 
Әрине тәуелсіздік алғаннан бері мақал-мәтелдер жинағы жарық кӛргені белгілі. Бірақ зерттеу 
кезінде  сол  жинақтардан  кейбір  мақал-мәтелдерді  кездестірмедік.  Сонымен  қатар  бҧл 
еңбекте  кейбір  мақал-мәтелдердің  толық  және  бірнеше  нҧсқасы  берілген.  «Тіл  қҧрал» 
кітабындағы Еділ бойы тоғай бар,тоғай толған ноғай бар;Бурыл атта бҧғау бар, оны да 
кесер  егеу  бар,сом  темірге,  балға  бар,  сом-  сынғанға  Алла  бармақалы  кӛп  жинақтарға 
тҥгелдей енбеген. Мысалы, 2008 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық кӛрген «Қазақ мақал-
мәтелдерінде»Зорсынғанға Алла бар, Сом темірге балға бар деп берілген. Ал бҧл мақалдың 
толық нҧсқасын ешкім біле бермейді. Шақырғандарды шақырармын, шақырмағандарға 

62 
 
қақырармын мақалы кӛп жинақтарда Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма 
деп келеді.  Дауыл болмай, жауын болмас, шуақ болмай, қауын болмас,ит баласы сауын 
болмас,  дау  аяғы  ауыл  болмас,  ауыл  болса  да,  тәуір  болмас  мақалы  да  кӛп  жинақтарға 
тҥгелдей енбеген. Мысалы, 2008 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық кӛрген «Қазақ мақал- 
мәтелдерінде»Ит  балалап  сауын  болмас,  Бұлт  болмай  жауын  болмас  деп  келеді.  Қарны 
ашқан ханға қарайды, суыққа тонған кҥнге қарайды.Ерден туған қырымға қарайды, 
иттен  туған  жырымға  қарайды  мақалы  кӛп  кітаптарда  Қарны  ашқан,  Қаралай  үйге 
шабады деп қана келеді. Ал кейбір мақал-мәтелдер мҥлде енбеген. Олар: 
Іш  қазандай  қайнайды,  кҥресуге  дәрмен  жоқ,  қоян  қолтық  алысып,    жығылсаң  да 
арман жоқ. 
Тӛс  табаны  жайылған  атан  жҥрер  жол  екен,  тӛсегінен  айрылған  адам  жҥрер  жол 
екен. 
Жер анасы, мал баласы. 
Тамыр тартқан тарықпас. 
Шӛп біткен жерге бітер. 
Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. 
Бҧйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай. 
Айрылайын деген тамыр ердің артқы қасын сҧрайды. 
Тҥбі бірге тҥтпейді. 
Ӛсекке кірмесе, есепке кірмес. 
Алдағы уақытта жарық кӛретін мақал-мәтелдер жинағына А.Байтҧрсыновтың «Тіл қҧрал» 
еңбегіне  енген  мақал-мәтелдердің  толық  нҧсқасын  және  мҥлде  кітапқа  енбеген  мақал-
мәтелдерді жинақтап енгізу зерттеу жҧмысымыздың  кҥтілетін нәтижесі бола алады. 
 
 
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Байтҧрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991. 464 б. 
2.  Қанапина  С.Ғ.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мәтелдердің  танымдық  бейнелілігі. 
(Ғ.Мҧстафин,С.Мҧқанов шығармалары негізінде) – Қостанай.ТОО Центрум,2010. – 180 
б. 
3.  Абдуллина  З.А.  Балалар  әдебиеті  кейіпкерлерінің  тілдік  тҧлғасы  (Б.Соқпақбаев, 
М.Гумеров,  М.Қабанбаевтың  шығармалары  бойынша):  филол.  ғыл.  канд.  ...автореф.  -  
Алматы, 2008. – 25 б. 
4. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. - М.: Наука, 1987. -  261 с. 
5.  Ниятова  Ш.С.  Махамбеттің  тілдік  тҧлғасы:  филол.  ғыл.канд.  ...  автореф.  –  Алматы, 
2007. 
6.  Байтҧрсынҧлы  А.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  -3  -т.  Тіл-қҧралы  (қазақ  тілі  мен 
оқу-ағартуға қатысты еңбектері)– Алматы: «Алаш»,- 2005,352 б. 
7.  Байтҧрсынҧлы  А.  Алты  томдық  шығармалар  жинағы.  Мақалалар,  хаттар, 
А.Байтҧрсынҧлы  туралы  қҧжаттар  мен  материалдар.-  Алматы:  «Ел  шежіре»,  -2013  ж. 
384 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

63 
 
Автолар: Сайфуддинова Г.А., Бейбітқызы К. 3 курс, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы.  
Ғылыми жетекші: Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы, филология ғылымдарының 
кандидаты, АМА қауымдастырылған профессоры, қазақ тілі мен әдебиеті доценті. 
 
 
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА МОҢҒОЛИЯДАН ЖӘНЕ ӚЗБЕКСТАННАН ҚОНЫС 
АУДАРҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН САЛТ – ДӘСТҤРДІҢ 
САҚТАЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР. 
 
         Кіріспе бӛлім: Діңгегі бір қазақ халқының тарихи себептерге байланысты тарыдай жер 
жҥзіне шашылғанымен, оларды әрқашан біріктіретін – тек тіл екендігі айдай анық. Қостанай 
облысына  Моңғолиядан  және  Ӛзбекстаннан  қоныс  аударған  қазақтардың  сӛйлеу  тіліндегі 
тілдік ерекшеліктері мен олардың салт – дәстҥрді қай дәрежеде сақтағандығын анықтау ҥшін 
зерттеу  жҧмыстарын  жҥргізіп  және  де  ақындардың  шығармаларын  талдау  арқылы  сол 
ерекшеліктерді ашып кӛрсету жобаның негізгі ӛзектілігін айқындайды. Қазіргі таңда елімізге 
қоныс аударып жатқан қандастарымыз қазақ халқының салт – дәстҥрлерін сақтап, ҧрпақтан – 
ҧрпаққа  асыл  мҧра  ретінде  жеткізген.  Жобаны  жазуда  аталған  ерекшеліктерді  анықтап, 
сӛздік  қорымызды  жаңа  сӛздермен  толықтыру  және  ҧмыт  болып  бара  жатқан  салт  – 
дәстҥрлерімізді қайта жандандыру  мақсатында шағын жинақ басып шығару кӛзделеді. 
 
      
Жоба тақырыбы: Қостанай облысына Моңғолиядан және Ӛзбекстаннан
қоныс аударған қазақтардың тілдік ерекшеліктері мен салт – дәстҥрдің
сақталуындағы ерекшеліктер
        
Ғылыми маңыздылығы:
Моңғолиядан және Ӛзбекстаннан қоныс аударған қазақтар 
тіліндегі Қостанай ӛңіріне ғана тән диалект сӛздер теріліп, 
диалектілік сӛздікке енгізіліп, мағыналары ашылып, сӛздік 
қордың кеңеюіне ҥлесін тигізеді. Қостанай ӛңіріндегі  
жергілікті тіл ерекшеліктерін диалектологиялық практика 
барысында зерттеп, Қостанай облысына  қатысты аудандар 
мен ауыл–аймақтардағы диалект сӛздерді теріп, нәтижесінде 
диалектологиялық сӛздікке енбеген сӛздерді қарастырып, 
жинақталады.
 
 
1.
 
Жобаның  мақсаты:  Қостанай  облысындағы  Моңғолиядан  және 
Ӛзбекстаннан қоныс аударған қандастарымызбен сҧхбаттасу арқылы олардың сӛйлеу тілінде 
кездесетін  ерекшеліктерді  анықтау  және  салт  –  дәстҥрлерді  қай  дәрежеге  меңгергендігін 
анықтау, шетелдердегі қандас ақын – жазушылардың шығармаларын талдау арқылы диалект 
сӛздерді жинақтап, шағын жинақ басып шығару.  
 
2.
 
Жобаның  міндеттері:  Ғылыми  жобаны  жҥзеге  асыру  барысында 
тӛмендегі міндеттерді шешу жолдарын қарастыру кӛзделеді.  
-  Қостанай  облысындағы  оралман  қандастарымызбен  біргелікті  қазақ  халқының 
мәдениетінен сыр шертетін әртҥрлі іс – шараларды ҧйымдастыру;  
- Қостанай ӛңіріндегі елге оралған отандастарымыздың сӛйлеу тіліндегі диалект сӛздерді 
теру және олардың мағыналарын ашу; 
- Терілген сӛздердің барлығын жинақтап, тақырыптық топтарға бӛліп, диалектологиялық 
сӛздікке енгізудің жолдарын қарастыру;  
 
3.
 
    Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы:  
 
        Жоба барысында ауқымды бір аймаққа тән Рудный, Қашар, Лисаков, Федоров, Таран, 
Жетіқара,  Затобол  ӛңірі  диалектілік  сӛздердің  ортақ  әдеби  тіліміздегі  сӛздерден  ӛзгешелігі 
ашылып,  стильдік  қолданысы  анықталды.  Қостанай  ӛңірінде  кездесетін  диалектілік 
сӛздердің семантикалық, тақырыптық топтары кӛрсетіліп берілді. 

64 
 
Қазақстаннан  тыс  жерлерде  жасайтын  және  жалпы  қазақ  халқының  ҥштен  бір  бӛлігін 
қҧрайтын  қазақ  диаспорасының  тілін  зертттеуді  қазақ  диалектологиясының  маңызды  бір 
тармағы  десек,  соның  ішінде  бҧрын  -  соңды  зерттелмеген  Қостанай  ӛңіріндегі  диалектілік 
ерекшеліктер  әлі  кҥнге  дейін  толыққанды  зерттелмей  келеді.  Белгілі  бір  аймаққа  тән 
жергілікті  тіл  ерекшеліктеріндегі  этнолингвистикалық  сипаттарға  талдау  жасау  қазақ  тіл 
білімінде әлі де болса ӛз деңгейінде зерттелмеген. Ал нақты белгілі бір аймаққа, оның ішінде 
Солтҥстік  ӛңіріне  жататын  этнодиалектизмдер  осы  уақытқа  дейін  арнайы  зерттеу  нысаны 
болмаған. Тақырыптың маңыздылығын осы тҧрғыдан сипаттауға болады деп ойлаймыз. 
Академик  Ә.Қайдаров  былай  дейді:  «Шетелдегі  туғандарымыздың  тіліндегі  байқалатын 
ӛзгешеліктер  сыртқы  әсерден,  атап  айтқанда,  аралас-қҧралас  отырған  кӛрші  халықтардың 
тілі мен ӛмір салты әсерінен, қоғамдық ықпалынан пайда болған ерекшеліктер. Тілдердің әр 
тҥрлі дәрежедегі әсерін, тікелей ықпалын мойындауымыз керек». 
Қазіргі  таңдағы  ӛзекті  мәселенің  бірі  –  тіл  мәселесі  болса,  екіншісі  –  халқымыздың 
демографиялық көрсеткіші екені айдай анық. Ӛз еліне оралған қандастарымыз ана тілімізді 
аман  сақтап,  салт-дәстҥрімізді  жоймай,  ҧлтын,  дінін,  ділін  сақтап,  жаһандануға  жҧтылып 
кетпей, «қазақ» деген қасиетті атты қадір тҧтқан. 
 
 
 
 
 
 
4.
 
Зерттеу әдістері: 
Сан ғасырлық тәуелсіздік ҥшін кҥрес жолындағы тарихы бар, сонымен қатар  осы заманға 
сай тәуелсіз мемлекет қҧрудың жаңа жиырма жылдық тарихи кезеңін бастан ӛткізіп отырған 
еліміздің іргесі  бекіп, мемлекеттілігі  нығаюы ҥшін жҥйелі  ҧлттық  саясат қалыптастырудың 
маңызы  зор.  Қазақ  диаспорасы   –   мемлекетіміздің  ҧлттық  саясатында  маңызды  орны  бар, 
мемлекеттігіміздің  нығаюуына,  ҧлттық  бірегейленуге,  этнодемографиялық  мәселеленің 
шешілуіне тҥбегейлі ықпал етерлік зор әлеуеті бар игерілуі тиісті ресурсымыз. 
Мәдениеттердің  қақтығысы  ҥздіксіз  жҥріп  жататын  процесс,  ал  бҧл  майданда  кҥштінің 
жеңіп,  әлсіздің  жҧтылуы  заңдылық.  Ӛткен  ХХ  ғасырдағы  уақыт  пен  кеңістіктің  тарыла 
тҥсуіне  сай  ҥдей  тҥскен  бҧл  қҧбылыстың  қҧрбаны   болған  ҧлттар  мен  ҧлыстар  жҥздеп 
саналады. Ал, кейінгі жылдардағы жаһанданудың дауылы кҥшее тҥскен шақта бҧл қауіптің 
еселене  тҥскені  сӛзсіз.  Жаһанданудың  қауіп-қатерлерін  жҧмсарту  ҥшін  халықтың  рухани-
мәдени  бастауларына  ден  қойып,  қҧндылықтық  әлеміндегі  асыл  қазыналардың 
жаңғыртылуы, халықтың ҧлттық идея, елдік мҧрат  тӛңірегіне шоғырлануы айқын қажетілік. 
Ҧлтты қҧрайтын жеке тҧлға болса, нарықтық экономикалық қатынастарға араласу әсерінен, 
ақпараттар ағымының, жедел ӛзгерістердің қыспағынан адамдардың тҧлғалық қасиеттерінің 
кӛмескіленуі, прагматизмге, мәдени немқҧрайдылыққа, тоғышарлыққа бейімделуі, ӛз тілінен, 
ділінен, дінінен жерінуі бой кӛрсетуде. 
Әрине,  мемлекетіміздің  тәуелсіз  даму  жолына  тҥсуі,  бҧл  –  барлық  халықтар  басынан 
ӛткізіп отырған,  бҥкіл ғаламда болып жатқан ҥдерістерден тыс қалу деген сӛз емес. Ал, бҧл 
тҧтқиылдан  келген  ҥдемелі  процестердің  біздің  еліміз  ӛміріне  араласуда  дӛрекі,  жабайы 
сипат  алуы  –   біздегі  саяси,  әлеуметтік,  мәдени  дамуымыздың  әлсіз  тҧстарына  сай  бой 
кӛрсетіп жатқанын жасыра алмаймыз. Байтақ мекенде шашыраңқы орналасқан саны аз қазақ 
халқының  мәдени-рухани  мҧрасынан  ажырай  бастауы,  басқа  мемлекеттердегі  саяси  және 
әлеуметтік  даму  жағыдайының  әралуандығына  орай  сол  елдердегі   қандастарымен  де 
алшақтықтың  ҧлғаюы  жалпы  ҧлттық  мәдениетке,  мемлекеттілік  қҧрылымның  саяси, 
экономикалық  ахуалына  зардап  тидіретін  қаупі  бар  қҧбылыс.   Қазақ  халқының  рухани-
мәдени  ӛрлеуі  мен  қайта  тҥлеуі  қажеттілік,  ал  бҧл  қажеттіліктің  жҥзеге  асуы  тек  қана  ӛз 
мемлекетінде,  мәдени  тілдік  ортасында  және  мемлекеттік  деңгейде  пәрменді  ҧлттық  саясат 
жҥргізілген жағыдайда ғана мҥмкін. Ал, шеттегі қазақ қандастарымыз ӛзге мемлекетте, басқа 
мәдени ортада ҧлттық мәдениеттің қалыптастырушысы емес, тек қана сақтаушысы, сыртқы 
ықпалдардан ӛз мәдени ерекшелігін қалқан етіп қорғанушы ғана бола алады. 
Алайда,  жаһанданудың  ғылым  мен  техниканың  және  технологияның  жеделдеуімен 
байланысты  игілікті  ықпалын  да  жоққа  шығаруға  болмайды.  Адам  Отанынан  қиырға  ҧзап 
кетсе  де  БАҚ-тағы,  интернеттегі  технологиялық  мҥмкіндіктерді  пайдаланып,  отанымен 

65 
 
байланысын  ҥнемі  ҥзбейтін  мҥмкіндігі  бар.  Осындай  мҥмкіндіктерді  пайдалана  отырып, 
ҧлттық бет бейнені айқындай тҥсетін ҧлтаралық қарым-қатынастың жаңа сапалық деңгейіне 
жетуге  болады.  Алайда,  осының  барлығының  қозғаушы  кҥші  –  дәстҥрлі  рухани 
қайнарлардан бастау алатын ҧлттық бірегейлену идеясы болып табылады. 
Кең байтақ жеріміз бен шашыраңқы орналасқан саны аз халқымыздың айырықша тілдік, 
ділдік,  мәдени  тҧтастығы  оның  о  бастағы  рухани  тҧтастығы  мен  әлеуетінен  хабар  береді. 
Қазақ  халқының қай қиырда жҥрсе де тілдік, ділдік, діни тҧтастығын сақтап қалуы – оның 
елдік  мҧратты  ту  еткен  ҧлттық  рухани-мәдени  қалыптасу  кезеңін  біртҧтас  рухани  кеңістік 
пен мекенде бірге бастан ӛткергенінің бір белгісі. Осы тҧрғыда адам баласын ойландырмай 
қоймайды.  Сол  себепті  жобаны  жазу  барысында  кӛптеген  зерттеу  жҧмыстары  жҥргізілді. 
Мысалы, сауалнама жҥргізу, сҧхбаттасу әдістері арқылы оралман қандастарымыздың салт – 
дәстҥрлерімізді қаншалықты дәрежеде меңгергендігіне куә болдық.  
 
5.
 
Жобаның сипаттамасы:  
Біздің  ата-бабаларымыз  тҥрлі  себептермен  ӛткен  ғасырлардағы  қуғын-сҥргіндерде 
ежелгі  атамекенін  амалсыз  тастап  кӛшіп,  ӛзге  елдерді  паналаған.  Солардың    арасында  кӛп 
елдерде  ӛздерінің  адал,  азат  еңбектерімен  қазақ  атын  жоймай,  қазақ  ҧлтының  мәртебесін 
биікке кӛтерген атақты, танымал тҧлғалар аз болмаған. Бізде де сондай тарихи тҧлғалардың 
есімін  ҧмыттырмай,  бабаларымыздың  есімін  қазіргі  ӛскелең  жас  ҧрпаққа  таныстырғымыз 
келеді.  Сонымен  қатар,  кӛшуге  тарихи  себеп  табылып  тҧрған  заманда  ӛз  еліне  қосқымыз 
келеді. Ӛз еліне оралған қандастарымыз ана тілімізді аман сақтап, салт-дәстҥрімізді жоймай, 
ҧлтын, дінін, ділін сақтап, жаһандануға жҧтылып кетпей, «қазақ» деген қасиетті атты қадір 
тҧтқан. 
 
Бҥгінгі    кҥні  қазақ  халқының  рухани  да  қоғамдық  –  әлеуметтік  тіршілігінің  барлық 
саласына  тамырын  кең  жайып,  халқымыздың  қатынас  қҧралы  ретінде  қалтқысыз  қызмет 
істеп  отырған  әдеби  тіліміздің  даму  жолының  ӛткені  мен  бҥгінгісіне  кӛз  жҥгіртіп  қарасақ, 
оның  қалыптасуы    мен  кемелденуіне,  талабына  сай  биік  белестерге  де  кӛтерілуіне  қозғау 
салған  халық  тілі.  Жергілікті  халық  тілінің  байлығы  әдеби  тіліміз  нәр  алатын  таусылмас 
бҧлақтардың  бірі.  Қазіргі  кезде  жергілікті  тіл  ерекшеліктері  жӛнінде  ҧлттық  әдеби  тілді 
байытудың қайнар кӛзі деп қарайтын оң пікір жҥйелеу, оларға лингвистикалық талдау жасау 
аса қажетті істердің бірі болып саналады. 
Академик  Ә.Қайдардың  «Этностың  дҥниетанымы  тек  тілінде  ғана  сақталады»  деген 
тҧжырымын еске алсақ, халықтың байырғы кездегі дҥниетанымынан, рухани мәдениетінен, 
шаруашылық  жҥргізу  тәсілдері  мен  кәсібінен  мол  болып  саналатын  жергілікті  тіл 
ерекшеліктері осыған дәлел» [6. 130 б]. 
Шетелдегі  қазақтардың  елге  бет  қоюы,  аштан  ӛліп,  кӛштен  қалғандықтан  емес, 
ҧрпағының  елге  жат  болып  қалуынан  сақтанудан,  ҧлттық  тамырынан  ажырап  қалу  қаупін 
сезінгесін  кӛппен  кӛрген  ҧлы  тойға  тобымен  араласу  ниетіннен,  ҧлттық  бірегейленуге, 
атажҧртта  топтасуға  ҧмтылыстан  туындап  отыр.  Замана  кӛшіне  жаһанданудың  қауіп-
қатерлеріне  тӛтеп  беріп,  іргелі  ел  болып  ілесу  ҥшін  шет  жердегі  де  Қазақстандағы  да 
қазақтарды  тҧтастай  жҧмылдыратын  осындай  ҧлттық  идеяның  жандануы,  кҥш  алып  дамуы 
керек. Ҧлттық бірегейлік – ел басына кҥн туған шақтарда ӛзектілігі арта тҥсетін ҧлттың және 
жеке  тҧлғаның  тӛлсаналылығының  шарықтауымен  сипатталатын,  ҧлттың  ӛміршеңдігінің 
кепілі болып табылатын қҧбылыс.Туған жер, Отан ҧғымдары – кез келген этностың тәуелсіз, 
егеменді  тҧрмыс-тіршілігінің  кепілі  ғана  емес,  оның  тамырын  тереңнен  тартқан  таным-
тҥсінігіндегі ең қадірлі, қастерлі ҧғымдардың ҧйытқысы. Ҧлттық бірегейлену эволюциясын 
халықтың  қонысқа  кӛзқарасынан  да  бағамдауға  болады.  Қазақтардың  дәстҥрлі 
дҥниетанымындағы атамекенді ардақтау, аялау сезімі кӛне тҥркілік кезеңде кӛшпенділердің 
мифтік-поэтикалық ойлау жҥйесінен бастау алып, қазақтың жыраулық поэзиясында – қҧтты 
қоныс  Жерҧйық,  Жиделібайсын  секілді  қҧтты  қоныс  атауларымен  және  де  қой  ҥстіне 
бозторғай жҧмыртқалайтын заман нышандары арқылы бейнеленген.  

66 
 
Ғалым  Ж.Досқараев  қазақ  тілінің  қазіргі  дамуы  мен  ӛзекті  мәселелеріне  арналған 
теориялық  еңбектері  ӛз  маңызын  жоймастан  кҥні  бҥгінге  дейін  ӛзекті  болып  келеді. 
Солардың  ішінде  ғалымның  диалектологияға  қатысты  жасаған  зерттеулерінің  мәні  ерекше. 
Ол кезеңдегі қазақ диалектологиясының жағдайы, ғалымның ӛз сӛзімен айтқанда «қазақ тіл 
білімінің  ең  жас  және  кенжелеп  қалған  салаларының  бірі»  болды  .  Ҧлт  тілінің,  әдет-
ғҧрпының,  ҧлттық  қасиеттерінің  дамуы,  таралуы  тікелей  сол  ҧлт  ӛкілдерінің  тек  бір 
территорияда  емес,  басқа  территорияларда  тҧруына  байланысты.  Сондықтан  қазақ  тілінің, 
әдет-ғҧрпының,  салт-дәстҥрінің  басқа  халықтар  арасында  тең  жҥруі,  таралуы  ең  алдымен 
қазақ  халқының  ӛкілдерінің  сол  (жат)  жерлерде  шоғырланып  тҧруымен  байланысты.  Яғни 
егер  қазақ  шоғырланып  тек  Қазақстанда  емес,  басқа  да  мемлекеттерде  тҧрса,  қазақтық 
рухани  дҥние,  қазақша  ӛмір  сҥру,  қазақша  болмысты  қабылдау  дамиды.  Бҧл  жағдай  тек 
қазаққа емес, жалпы әлем халықтарына ортақ қҧбылыс [4. 23 б].  
Басқа  мемлекеттерде  ӛмір  сҥретін  зиялылар  қазақ  еліне  (мҧғалім,  ғалым,  дәрігер, 
заңгер, инженер, ӛнер саласының мамандары) әрқашан да керек. Бҥгінде Қазақстанға кӛшіп 
келіп  жатқан  қазақ  азаматтардың  ішінде  басым  кӛпшілігі  болмаса  да,  жартысы  осындай 
қоғамға қажет мамандар. 
1993-2015  жылдар  аралығында  Қостанай  облысына  Ӛзбекстаннан  және  Моңғолиядан 
1721 отбасы қоныс аударған. Соның ішінде  

 
Қостанай қаласына 24 отбасы,  

 
Рудный қаласына 1425 отбасы,  

 
Қашар қаласына 186 отбасы,  

 
Лисаковск қаласына 20 отбасы,  

 
Федоров ауданына 46 отбасы, 

 
Таран ауданына 25 отбасы, 

 
Жітіқара қаласына 96 отбасы 

 
Затоболға 16 отбасы  

 
Набережный ауылына 82 отбасы қоныс аударған. 
Ӛзбекстан  Республикасында  қазақ  халқының  ӛкілдері  тӛменгі  аудан-аймақтарда 
шоғырланған: 
1. Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым кӛпшілігі Бостандық, Жоғары 
Шыршық,  Орта  Шыршық,  Тӛменгі  Шыршық,  Жаңа  Жол,  Қыбырай,  Шыназ,  Бӛке  ауданы 
және Шыршық қаласында; 
2. Қарақалпақстан Республикасында; 
3.Науаи  облысында  (Тамдыбҧлақ,  Кенимех  аудандарында,  Ҥшқҧдық,  Зарафшан 
қалаларында); 
4. Жызақ облысында
5. Сырдария облысында; 
6. Бухара облысында (Қарауыл базар, Газли); 
Соңғы мәліметтерге сҥйенетін болсақ, Ӛзбекстанда қазақ тілінде білім беретін сыныптары 
бар мектептер саны – 550. Сол қазақ тілінде білім беретін 550 мектептің 220-ға жуығы таза 
қазақ  мектептері,  қалғаны  аралас  мектептер  (қазақша  және  ӛзбекше,  қазақша  және 
қарақалпақша, қазақша және орысша) екені анықталды. 
Ӛзбекстандағы 5 жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімдері бар. Олар:  
1.
 
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті; 
2.
 
Ташкент облыстық мемлекеттік педагогикалық институты
3.
 
Навои мемлекеттік педагогикалық институты;  
4.
 
Нӛкіс мемлекеттік университеті; 
5.
 
Әжінияз атындағы Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институты.  
Сонымен қатар,  

 
Республика деңгейінде қазақ тілінде «Нҧрлы жол» газеті шығады. 

 
 Ӛзбекстан  теледидарының  бірінші  арнасында  «Дидар»,  «Алтын  аймақ»  атты 
бағдарламалар жҥргізіледі. 

67 
 

 
Жызақ облысында Қазақ облыстық музыка-драма театры жҧмыс істейді.  

 
Ташкент  облысы,  Бостандық  ауданы,  Шақшам  ауылында  қазақ  халқының  ҧлттық-
этнографиялық мҧражайы ашылған.  

 
Ҧшқҧдық қаласында «Жас талант» атты домбырашылар ҥйірме жҧмыс істейді.  
 
Қазақ диалектологиясы жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастағанына 
біраз  уақыт  болғанмен  оған  қажетті  оқулық,  кӛмекші  қҧралдары  енді  ғана  бір  ізге  тҥсіп, 
қалыптасып  келеді.  «Қазақ  диалектологиясы»  оқулығының  қазақ    тіліндегі  алғашқы 
басылымы  1967  жылы  жарық  кӛрген  болатын.  Негізгі  міндет  –  студенттерді  қазақ 
диалектологиясы  саласындағы  ӛзекті  мәселелермен,  тілдегі  диалектілік  ерекшеліктердің 
жалпы сипатымен және олардың бҧрын – соңды зерттелу жайымен таныстыру.   
Оқулықты  жазу  барысында  профессор  С.Аманжолов,  Ж.Досқараев  тарапынан 
тӛмендегідей кейбір ескертулер айтылған: 
1)
 
Қазақ  тіліндегі  барлық  говорлар  мен  диалектілердің  таралу  шегі,  тілдік  сипаты 
тҥгелдей  анықталып  болмағандықтан,  тіл  ерекшеліктері  диалектілік  я  говорлық  кӛлемде 
емес,  фонетикалық,  грамматикалық  ерекшеліктер  негізінде  жалпы  сипаттама  тҥрде  беріліп 
отыр; 
2)
 
Оқулықта  қазақ  тіліндегі  барлық  диалектілік  ерекшеліктер  тегіс  қамтылды  деуге 
болмайды,  ӛйткені  тіл  ерекшеліктері  толық  зерттеліп  болған  жоқ.  Мысалы,  Қазақстанның 
солтҥстік аудандары, Қалмақ АССР-і, Ӛзбек ССС-і және Монғол Халық Республикасындағы 
қазақтардың сӛздік қоры әлі де болса жете зерттелмей келе жатыр. 
3)
 
Қазақ  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктердің  сипаты,  говорлар  мен  диалектілердің 
жіктелуі,  олардың  ҧлттық  әдеби  тілге  қатысы  жайында  зерттеушілердің  арасында  әр  тҥрлі 
пікір бар. Бҧл пікірлер тҥбегейлі шешілмеген мәселелерге қатысты болмағандықтан, кейбір 
жетістік  –  кемшіліктері  кӛрсетіліп,  зерттеушілердің  жеке  кӛзқарасы  ретінде  беріліп  отыр. 
Келешекте бҧл мәселердің жан – жақты зерттелу, шешілу дәрежесіне қарай оқулыққа ӛзгеріс 
енгізіліп отырылады [4. 52 б]. 
Кез  келген  тілге  енген  сӛздің  бәрі  біркелкі  жалпыхалықтық  сипатқа  ие  бола  бермейді, 
олардың  ішінде  актив  тҥрінде  қолданылатындары  да,  пассив  тҥрінде  жҧмсалатындары  да 
кездеседі,  енді  біреулері  белгілі  аймақтық  қолданыста  қалуы  да,  семантикалық  ӛзгеріске 
тҥсуі  де  мҥмкін,  әйтсе  де,  кірме  сӛздердің  қазақ  тілінде  пайда  болуының  жолы 
жалпыхалықтық тіл мен лексика ҥшін ортақ, себебі тіл иесі – біреу, ол – қазақ этносы. 
Қазақстанның оңтҥстік облыстарында қазақтармен бірге ӛзбек, ҧйғыр, тәжік халықтары да 
мекен  етеді.  Қазақстанда  тҧратын  ӛзбектер  тілі  де  жҥйелі  тҥрде    зерттеліп,  ауық  –  ауық 
диалектологиялық  экспедициялар  ҧйымдастырылып,  ол  жерден  жиналған  сӛздер 
диалектологиялық сӛзжіктерге енгізіліп, ғылыми еңбектер жазыла бастады. 
Қазақстандағы ӛзбектер тілінің ерекшелігі, соның ішінде, қазақ тілінің әсері деп таныған 
сӛздерді  ғана алып, соны тілге тиек етіп отырмыз. Зерттеу барысында кейбір ӛзбек сӛздері 
қазақ сӛздерімен ҧқсас келетінін аңғардық. Олар: жорға, қайтыс болу, керсен, қара қарға, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет