Проектно-исследовательская работа студентов



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата31.03.2017
өлшемі11,14 Mb.
#10793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

7.
 
Кҥтілетін нәтижелер:  
1.
 
ЖОО  студенттеріне,  мҧғалімдерге,  оқушыларға,    жалпы  оқырмандарға 
арналған әдеби – теориялық, танымдық сипаттағы «Мәңгілік ел» мҧраты – Абайдың даналық 
мҧрасы  («толық адам» ілімі бойынша)» атты  электрондық оқулығын дайындау
2.
 
-     Тақырып бойынша  ғылыми мақалалар жариялау; 
3.
 
  -      Абай  шығармаларындағы  адамгершілік  идеяларын,  «толық  адам»  ілімін 
жастар  арасында  насихаттау  мақсатында  әлеуметтік  желіде  қоғамдастық    қҧру,  жҧмысын 
жҥргізу; 
4.
 
-    Абайдың  «толық  адам»  туралы  ойлары    ғылыми  тҧрғыдан  мазмҧндалып,  
талданатын  аудиотаспалар дайындау және оны толықтырып отыру;  
5.
 
-      Абайдың  «толық  адам»  («кемел  адам»)  мәселесі  кӛтерілетін 
шығармаларында  қолданылған      араб    сӛздерінің  сӛздігін  дамыту(MS  Word  және  Access 
тҥрінде); 
6.
 
Абай  адамгершілік  ілімін  қазіргі  заманауи  әдістер  (мысалы,  компьютерлік 
бағдарламалар,  әлеуметтік  желідегі  қоғамдастық  (сообщество)  арқылы  жастар  арасында 
тарату,  насихаттау  жҧмыстарын  жҥзеге  асыру  арқылы  жас  ҧрпақты  ізгілікке,  адамгершілік 
қасиеттерге тәрбиелеуге болашақ маман ретінде ҥлес қосу.  
 
8. Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Мырзахметҧлы М. «Абайтанудың бҥгінгі міндеттері» // «Абай» №4, 2005  
2.  Мырзахметов М. «Абай және Шығыс», Алматы,  «Қазақстан», 1994. 
3.  Әлімханов  М.  Абай  –  адамгершілікті  жҥйелі  жырлаған  ақын.  //Абай  және  қазіргі 
заман:    зерттеулер жинағы.  – Алматы: Ғылым, 1994.  
 
 
 
 
 
 
 
 

55 
 
Автор: Медетова Н.Қ. , 4 курс, « Қазақ тілі мен әдебиеті.» 
Ғылыми жетекші:Бекбосынова А.Х., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты. 
 
«АХМЕТ БАЙТҦРСЫНОВТЫҢ ТІЛДІК ТҦЛҒАСЫ» 
 
1. Кіріспе.  
А.Байтҧрсынов–  М.Әуезов  айтқандай,  қазақ  халқының  «рухани  кӛсемі».  Ҧлттың  ҧлы 
кӛсемі  бала  оқыту  арқылы  қарапайым  халықтың  кӛзін  ашуды  мақсат  етті.  Осы  мақсатты 
кӛздеген  А.Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧрал»  еңбегіндегі  жаттығулар,  дағдыландырулар  мақал-
мәтелдер арқылы берілген. 
Ахмет  ӛзінің  еңбегіне  енгізген  мақал-мәтелдерді  ӛзі  ӛмір  сҥрген  ортадан,  халықтың 
кҥнделікті  ауызекі  сӛйлеу  тілінен  жинап,  топтастырып,  жаттығуға  енгізген.  Статистикалық 
мәлімет  келтірсек,  еңбектің  әр  кітабына  300  дей  мақал-мәтел  енген.  Ҧлт  кӛсемі  мақал-
мәтелдерді  сол  кездегі  балалардың  білімді  қабылдау  деңгейін,  танымын  ескере  отырып 
қолданғаны белгілі. Қазіргі таңда жарық кӛріп жатқан оқулықтардан бҧл мақал-мәтелдердің 
тӛрттен бірін де кездестіре алмайсыз. Жҧмысымызда осы мәселелер жайлы сӛз қозғалып, ҧлт 
ҧстазының ТІЛДІК ТҦЛҒАСЫ зерделенуі тақырыптың тың әрі соны екендігін кӛрсетеді. 
2. Жобаның мақсаты: 
Осы  уақытқа  дейін  Ахмет  Байтҧрсынов  шығармашылығын  әр  қырынан  зерттеген 
еңбектерді  саралай  келе,  ғалымды  тілдік  тҧлға  жағынан  зерттеулердің  аздығына  кӛз 
жеткізілді.  Соның ішінде ғалымның паремиологиялық  қорын танымдық  тҧрғыда қарастыру 
бҧрын  соңды  зерттелмеген  мәселе.  Ахметтің  тілдік  тҧлғасының  кӛркемдік  әлемін 
антрополингвистикалық,  когнитивтік  лингвистика  теориясы  тҧрғысынан  талдау  зерттеудің 
негізгі мақсаты болып табылады. 
3. Жобаның міндеттері: 
Ахмет Байтҧрсыновтың ҥш кітаптан тҧратын «Тіл қҧрал» еңбегі алғаш рет 1914 жылы 
Орынборда басылған. 1914 жылға дейін ешқандай мақал-мәтелдер жарық кӛрмеді деп айтуға 
болмайды.  Ӛзіндік  орны  бар  Ы.Алтынсаринның  «Қазақ  хрестоматиясына»  енген  мақал-
мәтелдер,  орыс  ғалымы  Радловтың  қазақ  халқы  аузынан  жинаған  мақал-мәтелдері  жарық 
кӛрді.  Бірақ  Ахмет  Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧрал»  еңбегіне  енген  мақал-мәтелдер  санын 
олармен  салыстыруға  келмейді.  А.Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧрал»  оқулығына  осындай  зор 
кӛлемде  мақал-мәтелдердің  енуі,  сол  заман  ҧрпағының  таным-деңгейінің  жоғары 
болғандығын кӛрсетеді. Ал қазір ҧрпақ ше, осы мақал-мәтелдерді ӛмірде қолданып, олардың 
бәрін  бірдей  тҥсініп  жатыр  ма?  Жҧмысымызға  негіз  болған  «Тіл  қҧрал»  еңбегіндегі  мақал-
мәтелдерді  жинақтай  отырып,  А.Байтҧрсыновтың  тілдік  тҧлғасын  ашу  мақсатында 
алдымызға мынадай міндеттер қойдық: 
-  Ахмет  Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧрал»  еңбегіндегі  мақал-мәтелдермен  танысу  және 
оларды жинақтап, тақырыптық топтарға бӛлу; 
- мақал-мәтелдер тіліндегі концептілердің танымдық ерекшелігін кӛрсету; 
- Ахметтің тілдік тҧлғасын анықтау. 

56 
 
  
    
Жалпы, тілдік тұлға дегеніміздің өзі 
ұлттық тіл ортасында, ұлттық 
құндылықтар арасында тәрбиеленген, 
ұлттық рух пен ұлттық тілді толық 
меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық 
болмысты бойына жинақтаған индивид. 
 
4. Жобаның ғылыми жаңалығы: 
«Тіл қҧралдағы» халық ауыз әдебиеті ҥлгілерінің бірі – мақал-мәтелдердің негізге алынып, 
ҧлт  ҧстазының  тілдік  тҧлғасының  ашылуы  жҧмысымыздың  ғылыми  жаңалықтарының  бірі 
болып есептеледі. 
«Тіл  –  қҧрал»  –  қазақ  мәдениетінде  бҧрын  болмаған  соны  қҧбылыс  еді.  Бҧл  оқу 
қҧралытҧңғыш  оқулық  болумен  қатар,  қазақ  тіліндегі  тҧңғыш  ғылыми  жҧмыстың  басы 
болды. 
«Тіл  қҧралдың»  қазақ  жҧртшылығы  ҥшін  мҥлде  тың  дҥние  екендігін  автордың  ӛзі  де 
ескертеді.  А.Байтҧрсынов:  «Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жҧмсайтын  қаруының 
бірі. Осы дҥниедегі адамдар тілінен айрылып, сӛйлеуден қалса, қандай қиындық кҥйге тҥсер 
еді,  осы  кҥнгі  адамдар  жазудан  айрылып,  жаза  алмайтын  кҥйге  ҧшыраса,  ондағы  кҥйі  де 
тілінен  айрылғаннан  жеңіл  болмас  еді.  Біздің  заманымыз  –  жазу  заманы,  жазумен  сӛйлесу 
ауызбен  сӛйлесуденартық  дәрежеге  жеткен  заман»[1,11]депауызша  сӛйлеу  мен  жазудың 
біздер ҥшін қаншалықты маңызды екенінін баса айтып кеткен болатын. 
А.Байтҧрсынов бастауыш мектепке яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналған 
«Тіл  қҧрал»  еңбегінде  алғаш  рет  халық  аузынан  жиналған  мақал-мәтелдерді   жинақтап 
жаттығуларды 
орындауда 
ӛте 
тиімді 
қолданады. 
Сондай-ақ 
жҧмысымызда 
А.Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧралға»  енген  мақал-мәтелдердің  барлығын  ӛзі  халық 
аузынан  жинақтағаны  белгілі  болды.  Себебі  олардың  біразы  классикалық  ҥлгідегі 
мақал-мәтелдер  болса  да,  кӛбісінің  қазіргі  қолданып  жҥрген  мақал-мәтелдерденбіраз 
айырмашылығы  бар  екендігі,  ал  енді  кейбіреуінің  мҥлдем  ешқандай  мақал-мәтелдер 
жинағына енгізілмегені анықталды. 
Сондай-ақ жҧмыстаалғаш ретҧлт ҧстазының «Тіл қҧрал» еңбегіндегіндегі мақал-мәтелдер 
жинақталып, тақырып бойынша топтастырылып, мақал-мәтелдердің концептілік қҧрылымы 
талданды. 
5. Зерттеу тәсілдері: зерттеу, саралау, талдау, жинақтау, топтастыру. 
Мақал-мәтелдерге  статистикалық  мәлімет  келтірсек,  кітапқа  300  дей  мақал-мәтел  енген. 
Оларды былайша тақырыптық топқа жіктедік: 
Ынтымақ- бірлік туралы 
1. Тӛртеу тҥгел болса, тӛбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді. 
2. Тату болсаң балдай бол, араз болсаң тҧздай бол. 
 
Батырлық- ерлік туралы 
1. Ер шекіспей бекіспес. 
2. Істің ағы білмес, жігіттің бағы білер. 
 
Ел- халық туралы 
1. Батыр ортақ, бай ортақ, тӛресі әділ би ортақ. 
2. Хакім тура болмаса, жҧрт бҧзылар, сауда таза болмаса, нарық бҧзылар. 
 

57 
 
Адам және оның жақсы-жаман қасиеттері туралы 
1. Орақшының жаманы орақ таңдайды. 
2. Ҧры байымас, сҧқ семірмес. 
 
Ӛнер білім туралы 
1. Білім жҧғысады, ырыс ауысады. 
2. Келбеті келгеннен кеңес сҧра. 
 
Жақсылық, жамандық, достық, қастық, сақтыққа байланысты 
1. Екі қатын алғанның дау ҥйінде, жаман қатын алғанның жау ҥйінде. 
2.  Қатты  жерге  су  тӛксең,  суыққа  тайғақ  болар,  жаманға  сырыңды  айтсаң,  таршылықта 
айғақ болар. 
3. Жаманменен кеңессең, алдайды дер, жаман атпен су кешсең, жалдайды дер. 
 
Ас, тамақ, тазалық, денсаулыққа байланысты 
1. Май сасыса тҧз себер, тҧз сасыса не себер. 
2. Бақыр қазан піскені баршамызға пайдалы. 
 
Ҥлгі-ӛнеге, тәлім-тәрбиеге байланысты 
1. Жоқтық ҧят емес, байлық мҧрат емес. 
2. Ҥйге келгенде, ҥйдей ӛкпеңді айтпа. 
3. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды, ат қадірін білмесең жаяушылық берер 
сазаңды. 
4. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа. 
5. Барымен базар, жоқты қайдан табар. 
6. Пайдасыз болса, байдан без, панасыз болса, сайдан без. 
7. Жібекті сақтай білмеген жҥн етеді, қызды сақтай білмеген кҥң етеді. 
8. Кӛп баланың ішіндегі қарт – бала болар, кӛп қарттың ішіндегі бала – дана болар. 
9. Шақырғандарға бар, шаққандардан қаш. 
10. Иесін сыйлағанның итіне сҥйек таста. 
 
Тіл ӛнері мен ой пікір туралы 
1.  Кӛше  білмес  жамандар,  кӛшсе  кӛлік  ӛлтірер,  сӛйлей  білмес  жамандар,  сӛзді  ӛзіне 
келтірер. 
2. Аталы сӛзді арсыз қайырар, жҥйелі сӛзді жӛнсіз қайырар. 
3.  Жылы-жылы  сӛйлесең,  жылан  іннен  шығады;  қатты-қатты  сӛйлесең,  кәфір  діннен 
шығады. 
4. Ауруда шаншу жаман, сӛзде қаңқу жаман. 
5. Тыңдамасқа сӛйлеген есіл сӛзім, жыламасқа жылаған екі кӛзім. 
 
Ҥй іші, отбасыға байланысты 
1. Баланың сӛзі батпандай, келіннің сӛзі кетпендей. 
2. Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан. 
3.  Иесі  семіз,  аты  арық:  тҥз  жҧтынан  сақтасын;  қатыны  семіз,  ері  арық:  ҥй  жҧтынан 
сақтасын. 
 
Еңбек пен кәсіп туралы 
1. Еңбегі молдың ӛнбегі де мол. 
2. Берген алар, еккен орар. 
 
Ӛткен қоғам ӛміріне байланысты 
1. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің қҧлы еді, енең жаман кісі еді: Мәскеудің қара кҥңі еді. 

58 
 
2.Сарт байыса там салар, қазақ байыса – қатын алар. 
 
Байлық кедейлік, жоқшылық туралы 
1.Кҥңге кҥле сӛйлесең, кӛйлегіне жамау сҧрар. 
2.Аш кісі ҧрысқақ, арық қой тырысқақ. 
3.Байғҧстың аузы асқа тисе, мҧрны қанайды. 
4.Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың кӛзі ойнар. 
5.Шӛбі жоқ деп жерден тҥңілме, малы жоқ деп ерден тҥңілме. 
6.Жарлылықтан жақсы жоқ, жатып ішер ас болса. 
7.Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді. 
8.Бір байдың жҧртына екі тышқан таласыпты. 
 
    Қанағатсыздық, ысырапшылдық туралы 
1. Қазыға тойса, қарта әлем сасиды. 
2. Ит семірсе, иесін қабар. 
3. Жер жҧтуға тоймайды; 
От отынға  тоймайды; 
Қҧлақ естуге тоймайды; 
Кісі ойға тоймайды; 
Бӛрі қойға тоймайды. 
 
    Жомарттық турлы 
1.Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жҥйрік тоқтығын елемес. 
2.Берген жомарт емес, алған жомарт. 
 
6.  Жобаның  сипаттамасы:  Тіл  ӛз  халқының  мәдениетін,  ӛркениетін,  әлеуметтік 
қҧрылысын, дҥниетанымын бейнелеп қоймай, келер ҧрпақты қалыптастыруда маңызды және 
шешуші рӛл атқарады. 
Тілдің осы паремиологиялық  қорында ҧлттың мҧң-мҧқтажы мен тҧрмыстық  жағдайлары 
кӛрініс табады. Себебі, мақал-мәтелдер халықтың рухани ӛмірімен, ӛткен тарихымен тығыз 
байланысты және мақал-мәтелсіз тілдегі ҧлттық нақышты, дҥниенің тілдік бейнесінің ҧлттық 
ерекшелігін толық сипаттау мҥмкін емес. 
Тілдегі  мақал-мәтелдер  –  мәдениетті  тану  кілті,  рухани  және  материалдық  мәдениеттің 
қалыптасуына  қатысатын  ҥлкен  кҥш,  мәдени  ескерткіші,  ҧлт  ӛмірінің  айнасы.  Ол 
мәдениеттің  жалпы  сипатын  анықтайды,  негізгі  ақпаратты  жинайды,  сақтайды  және 
жеткізеді [2,3]. 
Мақал-мәтелдер  –  әр  халықтың  ӛз  даму  тарихында  басынан  кешкен  алуан  тҥрлі 
оқиғалары,  ӛзі  аңғарған  табиғат  қҧбылыстары,  қоғам  мҥшелерінің  ӛзара  қарым-қатысы, 
мінез-қҧлқы,  психологиясы  жӛніндегі  жасаған  қорытынды,  тҧжырымдарының  тҥйіні,  ӛмір 
тәжірибесінен  жинақталған  философиялық  ойлардың  ҧтқыр  да  ҧтымды,  жатық  та  кӛркем 
кӛрінісі, фразеологиялық оралымдардың ӛңделіп, сырланып, әбден қалыпқа тҥскен тҧрақты 
тҥрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмҧнының тереңдігімен 
ерекшеленетін  ауыз  әдебиетінің  бір  тҥрі.  Ол  айналадағы  сыры  мол  дҥние  туралы  білімнің 
сҧрыпталған  жиынтығы,  халықтың  ӛзінше  шағын  ауызша  энциклопедиясы  ғана  емес, 
ҧстаздық,  тәлімгерлік  рӛл  де  атқарады,  адам  бойындағы  барлық  жақсылықты  асқақтатып, 
жамандықты  жерлеп,  бала  тәрбиесінде  ерекше  орын  алатын  халық  даналығы.  Мұндағы 
ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болады. 
Қазақ  баласының  таным-тҥсінігін  барынша  ескере  отырып,  ҧлттық  тәрбие  мен  білім 
беруде  мақал-мәтелдерді  ӛзінің  «Тіл  қҧрал»  еңбегінде  ӛте  тиімді  қолдана  білген  Ахмет 
Байтҧрсынов жинақтаған мақал-мәтелдерді жеке кітап етіп басып шығару жобаның ӛзектілігі 
болып табылады. 

59 
 
Бҥгінгі таңдағы лингвистика ғылымының 
даму 
ҥрдісін 
тілдің 
мәнін 
антропоцентристік  бағытта  танып  білу 
мәселесі айқындайды. 
Адам  табиғатының  мәнін  тіл  арқылы 
кешенді,  жан-жақты  зерделеу  мәдениет, 
халық,  социум  т.б.  ҧғымдарды  тілмен 
сабақтас қарастырады. 
Қазіргі 
лингвистикадағы 
лингвомәдениеттану, 
когнитивті 
лингвистика, 
антрополингвистика, 
психолингвистика  сияқты  бағыттардың 
белсенді дамуы – тіл мен сӛйлеу фактілерін 
халықтың 
ҧлттық 
рухани 
қҧндылықтарымен,  дҥние  танымы,  ой  әлемі  және  психикалық  ерекшеліктерімен  тығыз 
байланыста алып қарауға кең жол ашады. Біздің зерттеуіміздің осы бағытта болуы да оның 
ӛзектілігін  кӛрсетпек.  Осымен  байланысты  адамның  тілдік  болмысын  тҥсінуге,  зерделеуге 
жетелейтін  лингвистикалық  категория  ретіндегі  тілдік  тҧлға  қҧбылысы  қазіргі  білім 
парадигмасының мазмҧнын, кҥй-қалпын айқындаушы маңызды ғылыми ҧғымға айналуда. 
Тілдік  тҧлға  мәселесі  тілдік,  сонымен  қатар,  экстралингвистикалық  (тарихи,  мәдени, 
әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді тҥрде талдап, тілдік 
тҧлға қалыптасуының тілтанымдық тетігін анықтау ӛзекті мәселе болып табылады [3,7]. 
Ахмет  Байтҧрсыновтың  еңбегіне  енген  мақал-мәтелдерді  танымдық  тҧрғыда  зерттеу 
арқылы  оның тілдік тҧлғасын анықтау ғылыми-ізденіс жҧмыстың маңыздылығы бола алады. 
Жалпы, тілдік тҧлға дегеніміздің ӛзі ҧлттық тіл ортасында, ҧлттық қҧндылықтар арасында 
тәрбиеленген,  ҧлттық  рух  пен  ҧлттық  тілді  толық  меңгерген  жеке  адам,  бҥкіл  ҧлттық 
болмысты  бойына  жинақтаған  индивид.  Тілдік  тҧлға  мәселесіне  қатысты  ресей 
ғалымдарымен  қатар,  қазақтың  тілші  ғалымдары  да  нәтижелі  жҧмыстар  атқарып  келеді. 
Дегенмен ҧлттық  тілдік тҧлға мәселесін орыс ғалымдары арасында  Ю.Н. Караулов кеңінен 
зерттесе, 
ӛз 
тілші 
ғалымдарымыздың 
қатарында 
Ф.Терекованың 
зерттеуінде 
Қ.Қ.Жҧбановтың тілдік тҧлғасына жан-жақты сипаттама берілген болатын. 
Ю.Н.  Карауловтың  пікірінше,  тілдік  тҧлғаның  қҧрылымын  мына  деңгейлер  қҧрайды: 
Нӛлдік немесе вербалды-семантикалық деңгей; бірінші немесе лингво-когнитивтік деңгейді 
ҧғымдар, концептілер, идеялар сияқты бірліктер қҧрайды [4]. 
Ахмет  Байтҧрсынҧлының  тілдік  тҧлғасын  анықтауда  концептілердің  танымдық 
ерекшелігін ашудың маңызы зор. Сол себепті  танымдық тіл біліміндегі концепт бірден- бір 
зерттеу объектісі бола алады. С. Р. Воркачев: «Концепт - бҧл мәдени белгіленген вербальдық 
мағына,  сӛйлеушілердің  ӛзіне  тән  тілдік  қолданыстарын  айту  ҥшін  жеке  концептіні  тілдік 
тҧрғыдан  тҥсіну  ҥшін,  соған  сәйкес  лексика-семантикалық  парадигма  жасалады»  -  десе, 
академик Д.С.Лихачев: «концепт қатарына кіретін лексемалардың (ӛмір, махаббат, ес, бақыт, 
іс-әрекет  т.б)  мағынасы  ҧлттық  тілдік  сана  мен  ҧжым  тілінің  «қарапайым  әлем  бейнесін» 
жасайды.  Бҧндай  концепттердің  жиынтығынан  тілде  концептілік  қабат  қҧралады»  -  деп 
тҧжырым  жасайды  В.И.Поставалова  «концептілік  талдау  мақсаты  –  бір  ғана  таңбаның 
аясында  жинақталатын  жалпы  концептілерді  тауып,  когнитивті  қҧрылымындағы  сол 
таңбаның болмыс-бітімін анықтау» деп тҥсіндіреді. 
Қазақ  тіл  білімінде  концепт  теориясы  мен  қҧрылымдары  біршама  зерттелді.  Концепт 
теориясы қазақ тілі лингвистикасында Г.Снасапова, Ш.Елемесова, М. Кҥштаева, С. Жапақов, 
А. Әмірбекова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жан жақты қарастырылған. 
Тіл  білімінің  когнитивті  саласы  ақиқат  дҥниенің  санадағы  таңбасын  зерттеуді  қолға 
алғаннан бастап-ақ қазақ тіл білімінде де ҧлттық мәдени таным ӛрістері мен дҥниенің тілдік 
бейнесі және кӛркем мәтін тіліне концептуалдық талдаулар жасала бастады. 

60 
 
Сӛзде  заттың  ӛзі  белгіленбейді,  аталмайды,  зат  туралы  адамның  санасында  бейнеленген 
тҥсінік қандай да бір концепт аталады. Қандай да бір сӛз болмасын оның толық концептісі 
семантикалық  және  тілдік  единицалардың  жиынтық  ӛрісі  арқылы  айқындалады. 
Сӛздіңсемантикалық  және  тілдік  единицалардың,  жиынтық,  ассоциациялық  ӛрісінде  пайда 
болған ақпараттың қҧрамында когнитивтік және прагматикалық, мағыналардың әлементтері 
міндетті  тҥрде  бейнеленеді.  Біз  бҧдан  жалқы  есім  лексемасының  концепт  қҧрудағы  ӛзінің 
лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық ӛрісі кең 
атаулар лексемасын концепт ретінде танып білеміз. 
Концепт  –  ҧлттық  болмысқа  негізделген  ҧжымдық  және  тҧлғалық  санадағы  ақпараттар 
бірлігі  ретінде  танымдық  лингвистиканың  басты  ҧғымы  болып  табылады.  Ол  зерттеудің 
тҥрлі  қырларына  қарай  лингвомәдениеттану,  психолингвистика  және  когнитивті 
линвистикада жан-жақты қарастырылуда. 
"Концепт"  терминін  логикалық-философиялық  тҧрғыдан  тҥсіну,  ӛзіміз  байқап  тҧрғандай 
лингвистикалық жҧмыстарда да орын алған. Бҧл әдісте концепт сӛз мағынасына теңестіріліп, 
адамның ментальдік қызметіне жатқызылады. 
Ал  сӛздердің  мәдени  концепті  қатарына  енуі  олардың  прагматикалық,  семантикалық 
сипаттарына  байланысты.  Біз  концепт  терминінің  қазіргі  тіл  ғылымында  қарастырылуы 
лингвистика  мен  философияның  ӛзара  сабақтаса  байланысының  кҥшейген  тҧсында  ӛзіндік 
мәнге  ие  болады  деп  тҥсіндіреміз.  Логикада  «концепт»  термині  «ҧғым,  тҥсінік» 
терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сонымен біз концепт ҧғымын адамның әлем 
туралы  ӛз  бойына  жинақтаған  мәдени  тҥсініктерін  бейнелейтін  ғаламның  тілдік  бейнесі 
ретінде танимыз. 
Концепт - тілдік ескерткіш болып табылады. Осы орайда  «концепт тҧрақтылықты сақтай 
ала  ма  немесе  уақыт  ағымына  орай  ӛзгеріске  тҥсе  ме?»  деген  заңды  сҧрақ  туындайды.  Бҧл 
сҧраққа бір жақты жауап беруге болмайды, бір жағынан концепт ӛзгермейді, ол сӛздің тҧтас 
мағынасын сақтайды, екінші жағынан концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып толығуға, 
ӛзгеруге  бейім»  сондай-ақ  беретін  ҧғымның  толыққанды,  жан-жақты  тереңділігімен 
ерекшеленеді.  Бҧл  арада  концепт  бҧрынғы  мағыналар  мен  жаңамағыналарды  біріктіріп 
ҧстайды,  онда  сӛз  антикасындағы  болатын  ӛзгерістер  «программаланған»  болғандықтан 
концепт  сӛздерді  меңгере  отырып,  тҧрақты  болып  қалады,  сонымен  қоса  концепт  әр  кезде 
біздің алдымызда жаңа біркейпіндекӛрінеалады, осылайша концептғаламныңтілдік бейнесін 
ҧғынуға мҥмкіндік береді. 
Концептіні  лингвомәдени  тҧрғыдан  тҥсіну  кезінде,  ең  алдымен  концептінің  этномәдени 
ерекшелігі  аталып  ӛтіледі.  Сондай-ақ,  концепт  ӛзінің  әрекетке  асырылуының  бҥтін  бір 
тобымен  тиісті  лексика-семантикалық  парадигма  жасайтын  мәдени  тҥрде  таңбаланған 
ауызша  мағынасы,  тіл  арқылы  айтылатын  және  этномәдени  ерекшелікте  таңбаланған 
ҧжымдық білім бірлігі. 
Жалпы  адамзатқа  тән  концептілерден  міндетті  тҥрде  ерекше  бір  ҧлттық  концептілер 
кӛрінетіндігін  атап  ӛту  қажет,  ӛйткені  жалпы  адамзат  мәдениеті  ҧлттық  мәдениет 
бояуларынан  қҧралады.  Қазақ  жалқы  есімдері  материалдары  негізінде  қарастырылушы 
концептілер  ҧлттық,  этникалық  бояуға  ие,  сондай-ақ  аталған  концептілердің  қазақ 
мәдениетінің тҥрлі жактары мен қҧбылыстарына қатысты болуы кӛңілге кҥдік тудырмайды. 
Адамның  ақиқат  дҥниеге  қатынасы  тілдік  қҧралдар  арқылы  беріліп,  соның  негізінде 
ақпарат  жҥйесі  қалыптасады.  Бҧл  ғалам  бейнесін  бейнелейтін  ақпарат  жҥйесі  ақындардың 
ғалам  туралы  концептуалды  тҧжырымдамаларынан  кӛрінеді.  Демек,  кӛркем  шығармаға 
тіліне  (поэзия  тіліболсын  немесе  проза  тіліндегі  философиялық  этюдтерді)  концептілік 
талдау  ғаламның  тілдік  бейнесі  туралы  білімді  анықтау  ҥшін  қажет.  Қандай  да  бір  кӛркем 
шығарманы  тек  лингвистикалық  талдаумен,  яғни  шығарманың  кӛркемдік  ерекшелігін 
талдаумен  шектеуге  болмайды.  Мҧндайда  автор  шеберлігі,  оның  ақиқат  дҥние  туралы 
таным-тҥсінігі,  кӛзқарасы  айқын  кӛріне  бермейді.  Осы  ретте  концептілік  талдау  автордың 
ақиқат  дҥниеге  қатынасын  айқындап,  кӛркем  шығарманы  талдаудың  екінші  бір  қырын 
ашатын бірден бір тілдік қҧрал ретінде қызмет етеді. 

61 
 
Концепт  бір  сӛздің  беретін  ҧғымы  мен  тҥсінігі  емес,  кҥрделі  семантикалық  бірлік. 
Концепт  пен  ҧғым  екеуінің  аражігі  бҧл  кҥндері  толық  ашылған  логика  лингвистикалық 
бірліктер болып табылады. Ол тілдік бірліктердің қандайда болса да (сӛз, сӛз тіркесі, сӛйлем, 
дискурс)  белгідей  алатын,  семантикалық  ӛріс  ретінде  кӛрініс  беретін  мағына.  Онсыз  ол 
концепт  деңгейіне  кӛтеріле  алмайды  [5].  Сонымен  А.Байтҧрсыновтың  «Тіл  қҧралындағы» 
мақал-мәтелдерді концептілік тҥрде жіктесек былай болып шығады. 
"Ӛнер" концептісіне қатысты мақал- мәтелдер: 
Ӛнерді  ҥйрен де  жирен-  ата-бабаларымыз қашан да ӛнерді киелі тҧтқан. Пайданың кӛзі 
ӛнерде деп білген. Ӛнерді ҥйрену керектігін ҥнемі алға тартып отырған. 
Ӛнерлі ӛрге жҥзер. Бҧл мақал ӛнердің пайдасын яғни ӛнердің биікке жетелейтінін, ӛнерлі 
адамның кӛп нәрсеге қол жеткізетінін айтады. 
"Білім" концептісіне қатысты мақал-мәтелдер: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет