1-тапсырма.
5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1
Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018
5.1. Тақырып №35 Туризм тарихын білесің ба? Туризмнің түрі.. көп. Көсемше
5.2.Мақсаты: Мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
5.3. Оқыту міндеттері: Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру, сөздердің байланысу түрлерін анықтау
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Туризм дегеніміз не?
2. Көсемше деген не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория. Қазіргі қазақ тілінде көсемше атқаратын қызметіне қарай негізгі және кейіпті болып екіге жіктеледі. Іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі етістіктің әр қилы амалдарын сипаттайтын тел қызметтегі көсемше негізгі, ал ашық райдағы шақ, күрделі етістіктік, аналитикалық форма тудыратын қызметтегі көсемше кейіпті деп аталады. Негізгі көсемшені сөйлемдегі басты функциясы негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау.
Көсемше Пысықтауыштық жанама іс-әрекетті сипаттаумен ғана шектелмей Көсемше шақ (істе-п-ті, істе-й-ді), аналитикалық форма (оқы-п шықты), күрделі етістік (кел-іп кетті) категорияларын тудыруға да ықпал етеді. Осы мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес кейіпті көсемше:
шақтық кейіпті көсемше;
түрлік кейіпті көсемше;
күрделі амалдық кейіпті көсемше болып үш салаға бөлінеді.
Шақтық кейіпті көсемше ып, -in, -п, -а, -е, -й аффиксті көсемшелер үш жақта жеке және көпше, анайы және сипайы түрде жіктеліп бастауышпен қиысады. Өздері баяндауыштық қызмет атқарады (мен айт-ып-пын, біз айт-ып-пыз, сен айт-ып-сың, сендер айтып-сың-дар, сіздер айт-ып-сыз-дар, ол, олар айт-ып-ты, мен айт-а-мын, біз айт-а-мыз, сен айт-а-сың, сендер айт-а-сың-дар, сіздер айт-а-сыз-дар, ол, олар айт-а-ды). -Ып, -іп, -п жұрнақты көсемшелер ашық райдың өткен шақ, -а, -е, -й формалы көсемшелер ауыспалы осы шақ, келер шақ категорияларын тудырады. -Қалы, - келі, -ғапы, -гелі, -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшелерге отыр, жатыр, жүр, тұр қапып етістіктері тіркәсіп, келер шақ, осы шақ формапары жасалады (ол жазып отыр, мен жүргелі отырмын). -Ып, -іп, - п, -а, -е, -й қосымшалы көсемшелерден соң отыр, жат, жүр, тұр қалып етістіктеріне -ып, -іп, -п, - а, -е, -й жұрнақтары жалғана тіркәсіп, созылыңқы шақты жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |