Профессора рузуддинова


Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар



бет16/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Киноны кім түсіреді?
2. «Қазафильм» киностудиясы туралы не білесің?
3. «Қазафильм» киностудиясы түсірген қандай фильмдерді білесің?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Шәкен Айманов (15.02.1914 – 23.12.1970). Актер және режиссер. КСРО Халық артисі (1959ж). Семей қаласының ағарту институтының түлегі. 1933-жылдан М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында қызметте болады. 1940-жылдан кино саласында еңбек етті. Бұған дейін ол театр сахнасында режиссер ретінде бірнеше спактакль қойды, актер ретінде сахнада жүзден астам рольдерді ойнаған Шәкен Айманов кинодағы шығармашылық жолын да актерлықтан бастайды. Шәкен Аймановтың киноға келген тұсы қазақ көркем киносы тарихының қалыптасу жылдарына сәйкес келді. «Райхан»(1940) фильмінде эпизодтық рольден басталған Шәкен Аймановтың кинодағы актерлық жолы ЦОКС жылдары тұсында кеңінен ашыла бастайды. Оның алғашқы көрнекті рольдерінің бірі «Ақ гүл»(1942) қысқаметражды фильміндегі Жапар ролі. Соғыстан кейінгі дербес құрылған Алматы киностудиясының алғашқы көркем туындысы «Абай әндері» (1945) фильмінде Шәкен Айманов басты рольдердің бірі Шәріп бейнесін сомдайды. Аса күрделі кейіпкер Шәріптің мінезіндегі ерекшеліктің тамырын дәл баса білген Шәкен Аймановтың актерлық шеберлігі бұл «жағымсыз кейіпкерді» соншалықты «тартымды» көрсетіп тұр. Бұдан кейін де Ш.Айманов актер ретінде «Алтын мүйіс» (1948), «Жамбыл»(1952), «Бір ауданда»(1961), «Алдар көсе»(1964), «Найзатас бөктерінде»(1969) тағы басқа бірқатар фильмдерде басты және қосалқы рольдерді орындап шығады. Аталып отырған фильмдердегі Шәкен Аймановтың кез келген ролін жеке атап өтуге болады, әсіресе, оның орындаған «Жамбыл» және «Алдар көсе» фильмдеріндегі басты рольдерін ерекше атау қажет. Ұлттық характер мысалы бола алатын Жамбылдың ролі Аймановтың актерлық шеберлігінің шарықтау шегі деуге мүмкіндік бар. Кинодағы шығармашылық жолында Шәкен Айманов актер ретінде қайталанбас терең кейіпкерлер бейнесін сомдаған болса, ұлттық режиссура тұрғысында қазақ киносының негізін қалаған қайраткер. Оның режиссер ретіндегі алғашқы туындысы «Махаббат туралы аңыз» (1953) фильмінен қазақ ұлттық режиссура тарихы бастау алады. Актер және режиссер ретінде Шәкен Айманов 20 ға жуық көркем фильмдердің экранға шығуына үлес қосты. Алғашқы фильмдеріндегі кездесіп қалып жатқан кейбір шығармашылық дағдарыстардан мойымай, әр фильмі арқылы кинорежиссура мамандығының қыр-сырына үнемі үйренуден жалықпады. Бүгінгі таңда Айманов фильмдері классикалық шығармалар ретінде аса жоғары бағаланады. Оның әр фильмі арқылы уақыттың бейнесі, халықтық характер және ұлт ерекшелігі айқын көрінеді. Режиссер ретінде үнемі ізденіс үстінде болған Шәкен Айманов әр түрлі жанрда фильмдер түсіре алды. Фольклорлық шығармадан экрандау («Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе»), тарихи-революциялық тақырыптағы фильмдері («Дала қызы», «Атаманның ақыры»), комедиялық жанрдағы музыкалық фильмдері («Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште»), жаңа заман тақырыбы және замандас бейнесі («Біз осында тұрамыз», «Ән шақырады») поэтикалық-философиялық жанрдағы («Атамекен») фильмдері режиссер мүмкіндігінің көркемдік суреттеу әдістеріндегі тереңдікті дәлелдейді.
9-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздердің қажеттісін дұрыс тұлада қойып, сөйлемді жаз. Шәкен атақты рөлдерді (сомдау, ою, жасау). Ол Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдерін (ызы орындау, баяу орындау, шебер орындау). Шеберлігімен көпшілікті (көңіліне бөлену, ықыласына бөлену, раметіне бөлену). ’ұлттық театр тарихында (өшпес із алдыру, шығарма алдыру, ой алдыру). Шәкен Айманов классикалық пьесалар бойынша спектакльдер (жасау, ою, дайындау). Оны ой„ан шығармалары көрермендердің (көңілін толғанту, талғамынан шығу, м‹ын сейілту). Бұл фильмдер ‹ұлттық кино өнерінде комедия жанрыны (басын ашу, негізін алау, ба„ын ашу). «Атаманның ақыры» фильмі режиссер Шәкен Айманов шығармашылы„ыны (биік шыы, матаныш, масат) айналды. Шәкен Айманов актёр ретінде кейіпкеріні (бағы, жан-дүниесі, бақыты) шебер ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет