Жауаптары 1. A
2. В
3. Д
4. В
5. C
6. С
7. А
8. C
9. B
10. А
5.1. Тақырып №19 Телефон – байланыс құралы
5.2.Мақсаты: алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері: дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. Телефон – байланыс құралы дегенді қалай түсінесіз?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок Телефон байланысы — сым арқылы немесе радиотолқындар көмегімен дыбысты ақпараттарды қашықтыққа жеткізуді жүзеге асыратын электрлік байланыс түрі. Телефон байланысы кез келген қашықтықтағы абоненттердің тікелей сөйлеуін қамтамасыз етеді. Телефон байланысы 1876 жылы америкалық өнертапқыш А.Белл (1847 – 1922) ойлап тапқан телефон аппараты мен алғашқы телефон стансасының пайда болуынан (1878, АҚШ) басталды. Телефон байланысын жергілікті (қалалық және ауылдық), қалааралық, халықаралық, сондай-ақ мекемелік және жылжымалы (ұялы байланыс, радиотелефондық байланыс) деп бөледі. Телефон байланысы жолы күрделі техникалық құрылыстан (мысалы, кейбір қалааралық кабелдік байланыс жолдарында аралық регенераторлар мен күшейткіштер саны бірнеше мыңға жетеді) тұрады. 20 ғасырдың 80-жылдарының басынан талшықты оптикалық байланыс кабелінің негізінде байланыс жүйелері кең дамыды, абоненттердің радиотелефон арқылы байланысуын қамтамасыз ететін қабылдап-таратқыштардың (ұялы желілер) ұжымдық желісі пайда болды. Өте алыс қашықтықтағы байланыс үшін Жердің жасанды серіктері қолданылады.
9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті есімдіктерді қойып, сөйлемді жаз. Не себепті ол есімдіктерді қойғаныңды түсіндір.
Мүхит ... байлығын адамдарға жомарттықпен беруі үшін оны суын ластанудан сақтау ажет. 2. Ащы теңізді ... кеңістігінде ... мемлекетті те ылы негізде балық аулау еркіндігі бар. 3. ... мұхит «ауыр көлік жолы» деп аталады? 4. Теңіз беті — ... да бір елсіз дала.