Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов


Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)



бет10/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Т-5. Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (копия)

Мемлекеттқұпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)

  • ҚР ҚК 185-бабымен көзделген іс-әрекеттердің объективтік жағы баптың атауында көрсетілгендей, бірқатар баламалық әрекеттерді білдіреді: мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау және оларды тарату, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялар қатарына жатқызылған мәліметтерді жария ету.
  • ҚР ҚК 185-бабының 1-бөлігі мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгiлерi болмаған кездегі іс-әрекеттерді қарастырады:
  • 1) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау;
  • 2) құқыққа сыйымсыз алынған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату.
  • Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинауға келесілерді жатқызуға болады:
  • мемлекеттiк құпиялар мазмұндалған құжаттарды ұрлау;
  • мемлекеттiк құпияларды білетін немесе олармен жұмыс жасайтын адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту арқылы қол жеткізу;
  • байланыс құралдарында ұстап алу;
  • компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру арқылы алу;
  • арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы алу;
  • өзге де тәсілдер арқылы заңсыз жинау.

Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185-бабы)

  • ҚР ҚК 185-бабының 2-бөлігімен көзделген мемлекеттiк құпияларды жария ету дегеніміз аталмыш мемлекеттік құпияларға қатысы жоқ адамдарға жеткізуді білдіреді. Бұл жағдайда, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді жариялау тәсілі маңызды емес. Мысалы, әңгіме кезінде, баяндама жасағанда, сондай-ақ құжаттармен таныстырғанда және басқа жағдайларда да орын алуы мүмкін.
  • Бұл кездегі жария етуді ҚР ҚК 175-бабының диспозициясында көзделгендей, мемлекеттiк құпияларды Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайларда жау жағына, шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен ажырата білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет