Мемлекеттiк құпияларды жолдауы – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңына сәйкес мемлекеттiк құпиялар қатарына жатқызылған мәліметтерді (құжаттарды, сызуларды, сызбаларды, үлгілерді, карталарды, шифрларды және т.б.) шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруін білдіреді.
Мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер.
Шет мемлекетке өзге де көмек көрсетуі ретінде Қазақстан Республикасына қарсы жаугершілік жүргізумен байланысты қайраткершілікке көмектесулер (тыңшылық пен мемлекеттiк құпияларды беруінен бөлек) түсініледі.
Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы формальды, сондықтан баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттердің бірін анықтаудың өзі қылмыстық құқық бұзушылықты аяқталған деп санау үшін жеткілікті болады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ бұл жағдайда арнайы субъектінің белгілері болуы тиіс, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтың субъекті – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тек тікелей пиғылды білдіреді. Кінәлі мемлекетке опасыздық жасау арқылы отанын сатқанын, қарулы қақтығыстар кезінде жау жағына өтіп кеткенін біледі, сондай-ақ өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын түсінеді және солай жасауды қалайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептері пайдакүнемдік, саяси ұстанымдары, басқа жеке мүдделері, мысалы шетелге көшу немесе шет мемлекеттің азаматтығын алу және т.с.с. Бұлардың қылмыстық құқық бұзушылықты саралау үшін маңызы болмайды, алайда кінәлі тұлғаларға жаза тағайындау үшін және әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықтағы кінәларын әрқайсысына тиесілі түрде жеке-жеке анықтау үшін қолданылуы мүмкін.
ҚР ҚК 175 бабының 2- және 3-бөліктерінде ұрыс жағдайында және соғыс уақытында ретіндегі ауырлататын мән-жайларды көздейді. Бұл бөліктерде жасалған іс-әрекеттер үшін жаза да тиесілі түрде қатаңырақ болады.