Программа дисциплины (Syllabus)


Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Ұлттық шешендік өнердің сан ғасырлық тарихы бар. Аңыз-әңгімелер негізінде дамыған халық ауыз әдебиетінде: тұрмыс - салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро – эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып, бүгінде бізге жеткені белгілі.
Ел есінде жүрген шешендік сөздерді тудырушы – шешен-билер, халық арасындағы ділмарлар. Демек, қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен - билер, күбісі – халық. Халық заманы озған сайын сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардың сүзгісінен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылып, балдай тәтті таңдай татарлық дүниелер болып табылады.
“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болмасын мемлекет қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға жүйрік, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қоғам қашанда дарынды әрі қабілетті, іскер мамандарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөздік қорын, ораторлық қабілетін және танымын дамыту керек. Ал, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатқаны белгілі.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақ әдебиеті тарихы аясында шешендік өнер табиғаты мен шешендік сөздердің поэтикасы туралы, мәнерлеп оқу техникасы жөнінде тыңғылықты білім беру.
«Медиариторика» пәнінің басты міндеті – халқымыздың даналыққа құрылған қанатты сөздерін, мақал-мәтелдерін, шешендік сөздерін оқыту арқылы жастардың санасына сіңіріп, рухани жан дүниесін байыту, сыни ойлауға жетелеу, даналықтың тереңіне бойлату. Әсіресе, болашақ мұғалімдерге қазақ халқының атақты Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды билердің ғибратқа толы шешендік сөздерін таныстыру, олардан қалған құнды да мол мұраларын, ұлағатты сөздерін мәнерлеп жатқа оқыту және көркем сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттердің болашақ филолог-маман ретіндегі сөйлеу машығын, ой қисынын қалыптастыру, ой ұстарту, тіл ұстарту міндетін шешу болып табылады.
«Медириторика» пәнін оқыту нәтижесінде студент:

  • шешендік сөздердің қалыптасып, даму тарихын, зерттелуін, жанрлық ерекшелігін, түрлерін, шешен сөйлеу талаптарын танып біледі;

  • сөздік қорларларын байыту арқылы шешен сөйлеуді, оқу материалдары бойынша курста диалог, рөльмен инсцинировка жасау, әңгіме, пікіралмасуды т.б., сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап, талғап, орынды қолдана білу шеберлігін меңгереді;

«Медириторика» пәнін меңгеру барысында:
Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі

  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға, қажетті жағдайда анықтауға;

  • өзіндік тұжырым жасауға, қойылған міндетті орындауға, тығырықтан шығып, ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзіреттілік:

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, өңдеуге, сақтауға интерпретациялауға, қазіргі ақпараттық коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға көмектеседі.

Коммуникативтік құзіреттілік:

  • Коммуникативтік міндеттерді шешуде сөйлеу дағыдысын қалыптастыруға (дикция) мен шешен сөйлей білуге бағыттайды.

3. Пререквизиттер тізімі





Пәндердің атауы, олардың бөлімдері

1

Философия

2

Логика

3

Саясаттану

4

Әдебиет теориясы

5

Қазақ әдебиет тарихы

6

Стилистика



4. Постреквизиттер тізімі



Пәндердің атауы

1

Қазақстан тарихы

2

Әлеуметтану

3

Қазақ әдебиетінің тарихы (әр кезеңдеріне сай)






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет