Программа дисциплины (Syllabus)


Тапқырлық. Пiкiрлeсiм



бет6/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Тапқырлық.

  • Пiкiрлeсiм.

  • Қағытпа сөз.

    Осы үшeyi ситyация аyанын құрайды.


    Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 5,8,12,21.].


    Тақырып 5. Шешендік сөздердің мазмұны (тақырыптық аясы мен құрылысы)
    Мақсаты: Шешендік сөздердің тақырыптық шеңберімен және құрылысымен таныстыру.

    Шешендiк сөздер — ғасырлар бойы халқымыздың танымдық, тағлымдық ерекшелiктерiн бойына жинақтаған, бағзы бастауларын халық ауыз әдебиетiнен алып қалыптасқан байырғы жанрлардың бiрi.


    Бұлар көшпелi елдiң салты мен таным-түсiнiгi, эстетикалық талғамынан туындап отырған.
    Қазақ елiнде кең тараған шешендiк сөздiң туып-қалыптасуының көптеген ерекшелiктерi бар. Ең әуелi қазақтың шешендiк сөздерiнiң пайда болу кезеңiнiң өзi айрықша сипатпен сипатталады.
    Қазақ шешендiк сөз нұсқаларының денi қазақ халқының көшпелi өмiр салтын ұстаған дәуiрiнде пайда болып, өсiп өнген. Басқаша айтқанда ”аттың жалы, түйенiң қомында” туған. Мұның өзi қазақ шешендiк өнерiнiң суырыпсалмалық құдiретiн дамытқан.
    Шешендiк сөздердегi тапқырлықтың сан қырлы сипаттарын, фольклорлық шығармаларда кездесетiн, ұтымды ой айту, сөйлеу секiлдi iшкi элементтерiнен сондай-ақ халық өмiрiнiң шындық құбылыстарынан ойып алынған тақырыптың аясынан да анғарамыз.
    Көшпелi өмiр кешiп, негiзiнен мал шаруашылығын кәсiп еткен халқытың күн-көрiс тiршiлiгi қашаннан шұрайлы қоныс, шүйгiн жайлымға тәуелдi болып келген. Қыбырлаған мал тұяғымен өрiсiн аңдаған халықтың мал үшiн жайлы қоныс iздеп жолында сан түрлi қатерлi қақтыстарға, бас жарылып, кiсi өлiмiне апарып соқтырған оқиғалары аз болмаған.
    Дауға айналған таластың ақыры өктемдiлiк жолымен емес, сындарлы да салиқалы ой өзегiне құрылған аталы сөзге жүктелген келiсiммен, бiтiммен тынып отырған.
    Бұндай оқиғалар тiзбегi қазақтың жер дауына қатысты шешендiк сөздердiң бiр парасын құрап тақырыптық аумағын айқындайды.
    Жер дауының шиырлы даулардың бiрi екендiгi зерттеушiлер Б. Адамбаев пен М. Жармұхамедов еңбектерiнде жан-жақты атап көрсетiлген.
    ”Қонысқа таласу көшпелi елдердiң арасында көне заманнан келе жатқан салт”, – деп жазады С.Мұқанов.
    Қазақ арасында жер дауына байланысты шешендiк сөздердiң сан алуан үлгiлерi ұшырасады. Бұл нұсқалардағы оқиғалардың, даудың шығу, туу төркiнi қилы-қилы болып, ел арасында белгiлi, айтулы, беделдi би-шешендердiң әзiл төрелiгiмен тынып отырады.
    ХХ ғасырдың алғашқы ширегiне дейiнгi кезеңдегi қазақ қауымын жер дауынсыз көз алдыңызға елестету әсте қиын. С. Мұқанов ”Қазақ қауымы” дейтiн еңбегiнде: ”Ертедегi қазақ дауларының ең үлкенi жер мен жесiрге байланысты болды”, – деп жазуы ол жер дауының қазақ өмiрiндегi iргелi, сүйекке сiңдi даулардың бiрi екендiгiнен болса керек. Жер дауы жыл мезгiлiмен бiрге үдере көшетiн қазақ тұрмысында үнемi туындап отырған. Оның әулеметтiк-саяси астары көшпелi өмiр салтын ұстанған қазақтардың үй салып қора жасамаған, жер өлшеп шекара бекiтпеген тұрмысында жатса керек.
    Отыршылдыққа ертерек бейiмделген елдердiң өмiр салтында жер дауының, дәл қазақ халқының тұрмысындағыдай бой көрсетпеуi, олардың бiрыңғай егiншiлiк кәсiппен шұғылдануына байланысты көрiнiп, жер дауы қазақ тұрмысына тән сипат алған.
    Қазақ тұрмысындағы өз тұсындағы маусым сайын, жылма-жыл жаңғырығып отыратын шиырлы дүниенiң бiрi жер дауы екендiгiн нық көрсетедi, әрi мұның әрдайым қазақ оқымыстыларының назарында болып келгендiгiн: ”көшпелi тiршiлiк қонысты жиi өзгертудiң салдарынан сол жолда ру мен рудың қақтығысуына себептер табылды, бiр жерден екiншi жерге жиi қоныс аударуға, бiр румен екiншiсiнiң жиi қақтығысуына ықпал тигiзген көшпендi тiршiлiк… қазақтардың өз iсiн өзге рудың немесе басқа жақтан келген атақты бидiң төрелiгiне ұсынуға бұрын да, қазiр де мүмкiндiк туғызып келдi”, – деген Ш. Уалиханов зерттеулерiнен көремiз. Ал мұның iшкi елдiк астарын Қазыбек, Төле, Әйтеке түзген Әз Тәукенiң ”Жетi жарғысындағы” зерттеушiлер айқындаған: ”Бiрiншi һәм негiзгi сала – жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық - мал баққан, елдiң атадан балаға мирас қып қалдыратын еншiсi. Өйткенi жер-атамекен, кiндiк жұрт, отан, жер – тiршiлiк етер ортасы, баба моласы, кiндiк байлар қасиеттi тұрағы. Сондықтан көшпелiлер үшiн жерден киелi ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ,”, – деген пайымдаулары да нақтылай түседi.
    Шешендiк сөздердiң тақырыптық шеңберiн сөз еткен тұста, қазақ салтындағы ұрпақ өрбiтудiң, жанұя құрудың полигамиялық (көп әйел алушылық) сипатында ел өмiрiнде жиi кездесетiн сындарлы даулардың жесiр дауы болып келуi заңды да. Ел өмiрiн реттейтiн Солон заңымен иықтас ”Жетi жарғының” жарқын беттерiн жесiр дауына арнауының мәнiн С.Сматайдың зерттеулерiндегi: ”Ендi ”Жетi жарғының” ең соңғы жетiншi тармағына көшейiк. Бұл тармақ тұтастай жесiр дауынан құралады. Әрине, ол тұста ру мен руды, ауыл мен ауылды әрi бiрiктiретiн де, әрi бөлететiн де жесiр дауы болғаны рас. Құда боп, төс түйiстiрiп, көңiл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы, жесiр дауы арқылы аттан-айқайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-сырымтаға аттанып, қан ағызып, көз шығарып, алыс-жұлысқа да, төбелес-ұрысқа да, сойқан соғысқа да барып қалатын. Сол себептi де ең бiр осал тұс, өкпе сызы көп, айқай-жанжалы мол, ұрыс-керiсi орасан осы жесiр дауына үш бидiң – Төленiң, Қазыбектiң, Әйтекенiң ”Жетi жарғысы” қатты көңiл бөлген көрiнедi”, – деп түйген қарақты көзқарастан байқауға болады.
    Қазақ топырағында жесiр дауы айттырған жерiне бармай, өзге жiгiтпен көңiл қосып кеткен бойжеткеннiң қылығынан да, қосағы өлiп жесiр қалған, әмеңгерлiк салтымен қайнағалары немесе қайнысына шығатын әйел тағдырымен де сабақтаса өрбiп отырған.
    Жесiр дауына байланысты ел өмiрiнiң болмысын кей тұста: ”Ұлға тұсау, қызға бұғау болған рушылдық-феодалдық қоғам жағдайында қазақ қауымында дау-шардың көзi болған бiр желеу әмеңгерлiк әдет, жесiр дауы” – деп әлеуметтiк астарына бойламай бiр жақты бағалап келген жайымыз бар.
    Қазiргi таңда жаңаша ойлау диалектикасына жол ашылған тұста мұның бәрiн ғылыми негiзде халықтық педагогикалық тұрмыстық танымымен бiрлiкте қарап тың, соны ой түю үрдiсiне қол жеткiзiп отырмыз
    Жесiр дауының туындауының негiзгi себептерi махаббат бостандығын бермеуiнен емес, тұтастай алғанда ұлттық идеологияның бiр тармағына аса мән бергендiктен, келер нәсiлдiң азғындамауын, керiсiнше, iрiлiгiн, тектiлiгiн, рухы мықты ұлт қамын жеген аталы ой толғақта, темiр тәртiпте жатыр. Бұл сарындағы ұлағатты ой қай кезеңде болмасын, ел жақсыларын ойландырып терең толғамдарға бастап отырған. ХХ ғасырдың басында жазылған М. Әуезовтiң ”Адамдық негiзi – әйел” деген мақаласындағы: ”Ел болам десең, бесiгiңдi түзе”, – деген ұранды ой астары да ұрпақ қамын қаузайды.
    ”Бiр сәтке де үзiлiп толастамайтын шиырлы даулардың бiрi – жесiр дауы …бұл дауды би ғана әдiл шешiп отырған”, – деп шешендiк өнер тарихын зерттеушi М.Жармұхамедовтың бағалауы, шын мәнiнде жесiр дауының ел өмiрiнiң стихиясымен бiте қайнаған, объективтi, субъективтi себептерге толы шырғалаңы мол кесiрлi, кесеапатты даулардың бiрегейi екендiгiнен.
    Тақырыптың жанр табиғатын ашуда үлкен-кiшiсi болмайтынын ескерсек, шешендiк сөздердегi ситуациялардың келесi бiр тұста, қазақ халқының қонақжайлық, қыдырымпаздық, кезбелiк мiнездерiмен айқындалатынын аңғарамыз. Билер сөзiнiң табиғаты жайлы алғаш пiкiр айтушы ғұлама ғалым Ш. Уәлиханов: ”Қазақтың қонақшылдығы мен қыдырымпаздық, кезбелiк әдетi… қазақтардың өз iсiн өзге рудың немесе басқа жақтан келген атақты бидiң төрелiгiне ұсынуға бұрын да, қазiр де мүмкiндiк туғызып келдi,” – деп пiкiр айтқанда, ғалымның көңiл төрiнде шешендiк сөздердiң кейбiр үлгiлерiнiң ел үстiндегi қонақ етiп, ретiне орай сыбағалы мал сою, мүше ұсыну, асқа бата жасау рәсiмiне байланысты көрiнген, тапқырлықтан туындаған жағдайлары болғандығы даусыз шындық.
    Жоғарыдағы мысалдардан байқалғандай, шешендiк сөздерде үнемi мемлекет деңгейiндегi даулы мәселелер, рулық, тайпалық тартыстардың төрелiгi секiлдi сол кезең үшiн глобальдi тақырыптар ғана сөз болып қоймайды, жай бiр жеке адамның өмiр тарихы үшiн қасиеттi, қажеттi саналған жайттар да көрiнiс табады.
    Бұл сипаттағы шешендiк даудың бiр саласына зат, мүлiк дауын жатқызуға болады. Мұның мысалына қазақ ортасына кең танымал Нау шешенiң есiмiне байланысты төмендегi дауды келтiруге болады. Нау шешеннiң тұтамдай сиыр мүйiзiнен жасалған қымбат шақшасы бар екен. Соны бiр кiсi ”тамыр болайық келесi жылы келiп қолқаңды аларсың” деп қояр да қоймай қолқалап алыпты. Айтқан мерзiмiнде Нау тамырының үйiне келiп колқасып айтса, ол сұраған затын бермептi. Екеуi ханға келiп жүгiнедi. Наудың даукес кiсi екенiн бiлетiн тамыры ханға ”Осыны жеңiп бер” деп ауызын алып қойыпты. Сонда Науға Барлыбай хан: ”Сонша жерден ат артып келгенде шақшаның не артықшылығы бар едi?” – деп сұрапты. Бұған Нау шешен айтыпты:
    Шақшам жақсы едi,
    Таутекенiң мүйiзiнен iстеген нақышты едi,
    Қырық қой, төрт ат iстеген кiсiнiң ақысы едi.
    Сексен маржан көзi бар едi,
    Iстеген кiсiнiң сөзi бар едi.
    Осыны қимаймын деп,
    Сонымды мына кiсiге берiп едiм.
    Қыр қыстаймын деп балтамды алды,
    Қаламын деп бөрте атымды алды,
    Жау шапты деп төрт атымды алды,
    Тiлiк құлақ сары атымды алды,
    Сары атымның енесi – кiшкентай ғана бие едi,
    Жетi тұлпарға жиен едi, – дегенде, шақша алған кiсi қатты сасып:
    ”Қыстың қатты боларын лақ бiлер,
    Күннiң суық боларын құлақ бiлер.
    Берген нәрселерiнiң сиыр мүйiздi екенiн,
    Төрелiк берушi өзi-ақ бiлер, – деп құлаққағыс етсе керек. Сонда Нау тұрып: Қыстың қатты боларын тоқты бiлер,
    Қара қойым жайылып, қоңды бiлер.
    Пара берiп қоймасаң Барлекеңе,
    Айтпаған сөз мәнiсiн боқты бiлер! – дептi.
    Алғанымды бiлiп қойған екен деп қысылған төрешi: ”Көп сөйлемей шақшасын бер!” – деп ақырыпты деседi. Осындағы Нау шешеннiң тапқырлығы шағын шақшаның сипатын барынша ұлғайтып, өзiне жақын зат ұғымын кеңейте алғандығында, яғни басқаша айтқанда шақшаның заттық сипатын, картинасын беруден гөрi, бiздiң көңiлiмiзге сезiм картинасын туғызып, әсiрелей айта алуда жатыр. Нау шешенге жеңiс әкелген, мерейiн үстем еткен мысалдағы:
    Пара берiп қоймасаң Барлекеңе,
    Айтпаған сөз мәнiсiн боқты бiлер, – деген оспақты дүние, тұсаулы сөзден көрi, жоғарыдағы тыңдаушыға сезiм тасқынын әкелген гиперболданған зат сипатына қатысты сөздер.
    Шешендiк дау сөздердiң тақырыптық аясының халыққа етене таныс, үйiр дүниелерден алшақтамайтынын Нау шешенге қатысты мына бiр шешендiк сөз үлгiсi де растайды.
    ”Наудың бiр ешкiсi жоғалып, артынан оның ұрысы да табылыпты. Төлеуiн сұрап келген Науға ұры екi ешкi берейiн десе, ол бұған көнбей қойыпты. Екеуi ханға келiп тағы да жүгiнiске отырыпты. Хан әуелi Науға үш ешкi ал деп, кейiн көнбеген соң, төрт ешкi ал деген екен, Нау шешен бұған да көнбептi. Сонда хан не iстерiн бiлмей, ешкiнiң не қасиетi бар едi? – деп сұрапты. Бұған Нау:
    Ешкiнiң iшi толған лақ едi,
    Саусам сүтi бұлақ едi.
    Қап-қара сүтi бар едi,
    Қарын-қарын май бар едi.
    Сойсам терiсi бұтыма қап едi,
    Мүйзi пышағыма сап едi,
    Қатыным қандай көретiн едi, –
    деп шұбырта жөнеледi. Төрешi тұрып: Е, жағың қарысқыр, мақтауын келiстiрдiң, ендi ешкiнiң төлеуiн айтшы ”, – дептi, бұған Нау:
    Төлеуiне төрт ешкi,
    Айыбына алты ешкi.
    Басына қосақ,
    Артына жетек,
    Өзiменен он үш ешкi.
    Билiк ақысы бiр ат, – дейдi.
    Хан күлiп: ”Бiр ат, он үш ешкi бер де, мына бәледен құтыл,” – деп билiк берiптi.
    Сөз өнерi туындыларындағы көрiнетiн көркем шындық халық өмiрiнiң ақиқат тiрлiгiнен алынған шындықтың сәулесi десек көркем шындыққа арқау болар көрiнiстiң негiзгi мазмұны халық басынан кешiп өткерген етене таныс өзiне ғана тән тұрлаулы мәселерден құралады. Бұл орайда академик З. Қабдолов: ”Жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзiнiң көркем шығармасына негiзгi арқау еткен өмiр құбылыстарының тобын тақырып дер едiк”, – дейдi.
    Зерттеушi айқындағандай, халық өмiрiне тән құбылыстардың бiрi аңшылық кәсiп те қазақ шешендiк сөздерiнiң бiр алуан үлгiсiн туғызған. Мәселен, ”Едiгенiң бала кезi болса керек. Ойнап жүрген жас Едiгеге екi жолаушы келiп, түз тағысы қоян туралы дауын айтыпты. Сөз бастаушы өзiн: ”Кеңестiң ұлы – Көкжанбаймын, мынау – Алшын баласы Көкжалды мерген, – деп бастап: – Менiң мекенiмдегi (Едiл мен Жайық бойы) қоян да менiкi. Ақкөлдiң сағасында жатқан ақ қоянды көрiп, үйден барып мылтығымды алып келгенiмше, мына мерген оны атып алыпты. Бұл қоян қайсымызға тиiстi? – дептi. Сонда бала Көкжалды мергеннен қоянды қанша жерден аттыңыз? – деп сұрапты. Едiге қоянды сол мөлшерге лайық бiр балаға ұстатып, Көкжанбайға: ”Балаға тигiзбей, қоянды көздеген жерден тигiзе алсаңыз, қоян сiздiкi болады”. – дептi. Бұған Көкжанбай ренжiп көнбесе де, артынан мақұл дептi. Көкжанбай айтқан жерден балаға тигiзбей қоянға дәл тигiзiптi. Сонда Едiге ақ қоянды Көкжанбайға берiптi. Көкжалды мерген төрелiкке көнбей Тоқтамыс ханға келiп айтқан екен, хан: ”баланың берген билiгi әдiл, мен мұндай билiк айта алмас едiм”, – дептi.
    Қазақтың шешендiк дау сөздерiнiң тақырып аясы бiр болғанмен, түрлi ситуациялардағы хал-ахуалды баяндайды. Осыған байланысты дау табиғатындағы тапқырлықтың қырлары, билiк-кесiмнiң сипаты жағдайға орай өзгерiп отырады. Соны тәсiлдердi туындатады. Мысалы, ”Бiр топ адам Едiл бойынан қашқан бiр түлкiнi қуып жете алмапты, сол түлкiнi Тоқсан би қуып жетiп соғып алыпты. Мұны көрген әлгi кiсiлер ”түлкi бiздiкi едi, әрi жолымыз үлкен” деп дауласып, Қаз дауысты Қазыбекке келiп жүгiнiптi. Сонда Тоқсан:
    Едiлден қашты бiр түлкi,
    Жайыққа дейiн дем алмай.
    Соңына ерген қанша жұрт,
    Бәрi де қалды ере алмай.
    Тастайын ба далаға,
    Түлкiнi соққан мен алмай.
    Жетi адам дауға жүгiнген,
    Қиямет-қайым болғанда,
    Шерменде болып жүрмеңiз,
    Төресiн әдiл бере алмай, –
    дептi. Қазыбек түлкiнi Тоқсанға бұйырыпты.
    Сонымен, шешендiк даулар жер мен жесiр, мал мен құн секiлдi күрделi мәселелердi шешуге арналып, ел өмiрiнiң сан-қилы даулы мәселелерiн реттеп отыратын болған.
    Көшпелi өмiр салтына айырықша ыңғайланған ұлттық өнерiмiздiң өзiндiк ерекшелiк сипатын шешендiк дау сөздер айнытпай танытады десек, бұл сипатты С. Негимов: ”Билер сотында қағаз бастылық, үстiрттiк, ресми кертартпалық жоқ. Биге бедел мен билiк тән”, – деп бағалап, ойымызды нақтылайды. Сондай-ақ, билiк сөз тұсындағы тапқырлықтың логикалық-тiлдiк сипатын халық ”қалауын тапса қар да жанады” деп мегзейдi.
    Шешендiк сөздердегi ұтымды ойдың, орынды қолданылған сөз қолданыстарының, тапқырлықтың қырларын халықтық шығармалардан қарастыру шешендiк сөздердiң әдеби жанр ретiндегi келелi мәселелерiнiң әдеби-тарихи сабақтастық, дәстүр және жаңашылдық мәселелерi тұрғысынан зерттелуi тиiс деген концепцияны туындатады.
    Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ауыз әдебиетi мен фольклорлық шығармалардың, жазба әдебиетi мен ауыз әдебиетi, халық әдебиетi аралығындағы әдеби-рухани, әдеби-теориялық байланыстарды зерттеген ғалымдар еңбектерi бiздi де шешендiк сөздердi зерттеу барысында аталмыш методологияны ұстануымызға негiз болады.
    Тапқырлыққа негiзделген қазақ шешендiк сөздерiнiң халықтық негiздерiн халықтың тұрмыс-салт жырларынан, ертегiлерiнен, батырлар жырларынан, мақал-мәтелдерден, айтыстардан т.б. қарастырған жөн. Аталған фольклорлық шығармалардағы өткiр сөз кестелерi шешендiк сөздердегi тапқыр ойдың өз кезегiнде ұтымды қолданысы бола бiлдi.
    Айталық, тұрмыс-салт жырларындағы ”Қанаты бүтiн сұңқар жоқ, тұяғы бүтiн тұлпар жоқ”, ”Тозбасты ұста соқпайды”, ”Өлместi тәңiр жаратпайды”, ”Өлi арыстаннан тiрi тышқан артық”, ”Ақ сұңқар ұшты ұядан, қол жетпейтiн қиядан” деп келетiн өрнектер шешендiк сөздердегiұҮтымды ойдың да сөз кестесi бола алды.
    Шешендiк сөздердегi мегзеу мен тұспалдаудың, оспақтаудың көне астарын төрт түлiк жөнiндегi кейбiр жырлардағы мәйектi ой астарларынан аңғарамыз. Мәселен,
    сиыр: Қалың қорық нуға бiтем,
    Қоры үзiлген қуға бiтем, – десе,
    жылқы: Бетегелi белге бiтем,
    Найза ұстаған ерге бiтем, – дейдi.
    Ал түйе болса: Жалман құлақты сорға бiтем,
    Ел iшiндегi зорға бiтем, – дейдi.
    Мұнда әр түлiктiң қорегi мен жайылымын, иесiнiң сыр-сынын бейнелеу де көзделген.
    Фольклорлық шығармалардың iшiнде халықтың ғасырлар бойғы өмiрлiк тәжiрбиелерiн бойына жиған, тапқырлықтың, сыншылдықтың элементтерiн табиғатына дарытқан кең тынысты эпикалық сипаттағы шығармалардың бiрi ертегiлерде шешендiк сөздердегiдей тапқырлыққа құрылған ой, сөз оралымдары молынан ұшырасады.
    ”Аяз би” ертегiсiнде Мадан хан уәзiрлерiне он бiр ай мұрсат берiп, адамның, құстың және шөптiң жаманын тауып алып келiңдер дейдi.
    Уәзiрлер Жаманға жолыққаннан кейiн, ол уәзiрлердiң құстың жаманы деп алған қырғауылды, шөптiң жаманы деп алған шеңгелдi тастатып, қара қоға мен сауысқанды алып жүргiзедi.
    Хан уәзiрлерiне адамның жаманын тапқандарын, ал құс пен шөптiң жаманын таба алмағандарын, олардың қырғауыл мен шеңгел екендiгiн айтқанда, уәзiрлер әу баста осы екеуiн таңдағанын, кейiн оларды Жаманның тастатқанын айтады. Хан Жаманның ойын бiлмек болып алдыртқанда:
    – Тақсыр хан, елу жасқа келiп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едiм. Өмiрiмде отын-су тасып, еткенiм кiсiнiң құлшылығы болды. Сол уақытта шеңгелдi әкелiп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңге дейiн сексеуiлдiң шоғындай жайнап жататын едi. Сол уақытта: ”Киiм жыртып, мал жемейтiн шеңгел отын ретiнде пайдаға асады екен-ау”, – деп ойлаған едiм. Ал ендi қара қоғаны алып отқа жақсам, отқа жанбайтын едi, үрсем жалыны мен шоғы бiрге сөнiп, күлi бұрқырап, үйдiң iшiн алып кететiн едi. Сонан соң қара қоға тiптi пайдаға аспайтын шөп қой деп ойлаушы едiм. Қара қоғанның жамандығын содан бiлдiм, – дейдi Жаман.
    – Сауысқанның жаман екенiн қайдан бiлдiң ? – дейдi хан.
    – Қырғауылдың жүнi жоқ болса да, қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын адал құс едi. Бiреудiң сиықсыз болуы – тәңiрдiң iсi. Қырғауылдың айыбы – сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүнi ала болғаны сияқты, өзi де ала, бiрлiгi жоқ. Екеуi бiрiгiп ұшпаған, екеуi бiрiгiп қонбаған, адам пайдасына аспайтын арам құс едi. Сондықтан құс жаманы сауысқан деймiн”, – дейтiн жауаптарының астарында зор сыншылдықтың, талғампаздықтың, байқампаздықтың сарыны жатыр. Кейiннен ханның тұлпарын, гауһар тасын, өз басын сынағанда да осы бiр биiк мұрат мүддесiнен шығып отырады. Мiне, ертегiлердегi сұраулы ойға айтылған сұңғыла жауаптар шешендiк сөздердегi пiкiрлесiм, қағытпа сөз үлгiсiндегi тапқыр ойлармен осылайша жымдасады.
    Тазша баланың өтiрiк бәйгесiнде жеңiп шыққандығын баяндайтын ”Тазшаның қырық өтiрiгi” дейтiн ертегi де тапқырлыққа құрылған. Ертегiнiң мұндай сипатын зерттеушi М.Жармұхамедов: ”Осыншама қара сөз бен қырық ауыз өлеңде ол тапқырлық- алғырлықтың, шешендiктiң кәнiгi үлгiсiн жасайды,” – деп бағалайды. Аталмыш ертектегi тапқырлықтың ғажап үлгiлерiн мынадай сөз қақтығыстарынан байқаймыз:
    – Бәйтерегiң қысқа шығар? – дейдi хан.
    – Болса болар, түбiнен таңертең ұшқан күйкентай басына кешке жетiп қонушы едi, – дейдi тазша.
    – Күнi қысқа шығар? – дейдi хан.
    – Болса болар, таңертең қашқан марал кешке бұзаулаушы едi, – дейдi тазша.
    Мiне, орынды айтылған өткiр сөз ертегiлерде қаншалықты тапқырлықты туындатса, кейiн жанрлардың транформациялануы негiзiнде мұндай сипат шешендiк сөздерде де өз шешiмiн, көрiнiсiн тапты.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет