Программа дисциплины (Syllabus)


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



бет3/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.






Пән тақырыптарының аталуы

апта

Дәрісханалық сабақтар

Тапсырма түрі (сипаттамасы)

Барлы-ғы
(сағ)

Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)

БОӨЖ

Бақы-лау түрі

БӨЖ

Бақылау түрі

1

«Медиариторика»
пәні туралы түсінік

1

1




1

Сұрақтарға жауап

3

Конс-пект

6



2

Шешендік өнер тарихы мен шешендік сөздердің зерттелу тарихы

2

1




1

конспект

3

Ғылыми баянда-ма

6

3

Шешендік сөздерді жанрлық жүйелеу принциптері. Методологиялық ізденістер мен зерттеу бағыттары

3

4




1

Поэтикалық талдау

3

Көркем мәтінді мәнерлеп оқу

6

4

Шешендік сөздердің жанрлық үлгілері. Билiк сөз. Дау сөз. Шешендiк тәсiл қолданылатын нақыл сөз.



4

3




1

Реферат

3

Реферат

6



5

Шешендік сөздердің мазмұны (тақырыптық аясы мен құрылысы)

5

1




1

Мысал келтіру

3

Мысал келтіру

6

6

Шешендік сөздердің тілдік көркемдік сипаты

6

1

1

1

Конс-пект

3

Баяндама

6

7

Қазақ шешендік сөздерінің ұлттық сипаты мен халықтық негіздері

7

1




1

Реферат

3

Ғылыми баянда-ма

6



8

Шешендік сөздердегі тапқырлық

8

1

1

1

Мысалдар келтіру

3

Мысал келтіру

6



9

Тапқырлықты туындататын тәсілдер

9

1

1

1

Сұраққа жауап

3

Реферат

6

10

Ой мен тіл ұстарту амалдары. Шешендік тәсілдер.




2

1

1

көркем талдау

3




6

11

Билер институты. Қазақ шешендік-билік өнерінің көрнекті өкілдері.

10

1

1

1

Сұраққа жауап

3




6

12

Төле Әлібекұлы (1663-1756)

11

1

1

1

Баян-дама

3

Төле бидің шешендік сөздерін жатқа айту

6



13

Қазыбек Келдібекұлы (1667 – 1764)

12

1

1

1

Реферат

3

Қазыбек бидің шешендік сөздерін жатқа айту

6

14

Әйтеке Бәйбекұлы (1683 – 1722)

14

1

1

1

Конс-пект

3

Әйтеке бидің шешендік сөздерін жатқа айту

6



15

Шешендік сөздердің классикалық (жазба) әдебиеттегі қолданысы

15

1

2

1

Конс-пект

3

Реферат, Конспект

6










20 сағ.

10 сағ.

15 сағ.




45 сағ.




90 сағ.

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1. «Медириторика» пәні туралы түсінік
Мақсаты: халқымыздың әлеуметтік әдеби эстетикалық қажетін өтеп келе жатқан халық даналығының нұсқаларын оқытып үйрету, оның сырын ашқызу, табиғатын таныту және оны практикада қолдануға баулу.
«Медиариторика» - оқу пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарында, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды, сөзге шебер шешендікке бейім - тіл құдіретін түсінетін адамдар қатарын көбейту үшін студенттердің сөйлеу тілі мен дүниетанымын кеңейту мақсатында от ауызды, орақ тілді шешендеріміздің өнері үйретіледі. Халықтың даналықпен айтқан шешендік сөздері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер оқытылады. Атағы алты алашқа белгілі, данышпан, гуманист көсемдеріміз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. қазақтың дау-жанжалын бір ауыз сөзбен шешкен. Барша халықты өзіне қаратып, сөзге тоқтата білгенТөле, Қазыбек, Әйтеке билердің өмірінен мәлімет беріледі. Сөз шеберлігі оқытылады.
«Медириторика» пәні бойынша Майқы би, Жиренше,, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абайдың т.б.көрегендігін, тапқырлығын, аталы сөздерін оқып, талдап үйрету халықтық педагогикаға негізделеді.
Халықтық педагогиканың басты құралы - сөз өнері. Сөйлей алмайтындар күлдіремін деп күйдіреді, қуантамын деп қуартады, білдіремін деп бүлдіреді.
Шешендік - біліктілік пен білімнен, терең түйсік пен сезімнен, ұшқыр қиял мен өткір ойдан,тер төгу мен зерделіктен тұрады.
Ат сүрінгенше ақыл тапқан би, шешендеріміздің өнерін бойына сіңірген маманның құзіреттілігі талапқа сай бәсекеге қабілеттігі жоғары болып, әрқашан қоғамдық сұранысқа жауап бере алатын тіл мәдениеті дамыған ұстаз болмақ.
Педагог мамандарға шешендік өнерді үйрету арқылы нақты қисынды сөйлеуге үйретіледі. Сөз арқылы тәрбиеленушінің санасында сыйымды ойлар, әсерлі бейнелер туады.
«Медириторика» педагогтардың бойында көкірегі сәулелі, тілі орамды ақылды азамат тұлғасын қалыптастырып, сөз өнеріне баулиды.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1, 2, 3,4,5, 6, қосымша әдебиет 2, 5,8.].


Тақырып 2. Шешендік өнер тарихы мен шешендік сөздердің зерттелу тарихы Мақсаты: Шешендік өнер тарихына шолу жасап, шешендік сөздердің зерттелуі жайында ұғым, түсінік қалыптастыру. Сөз өнерінің құдіретін бағалауға баулу.

Шешендiк өнер – әлемдiк құбылыс. Ерте заманда шешендiк өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндiстан елдерiнде өркендей дамыған. Алайда осынау өнердiң үзiлмес тарихы көне Грециядан басталады. Өйткенi, шешендiк өнер қоғамдық қажеттiлiктен туды, құлиеленушiлiк қоғамда әлеуметтiк даму өрiстеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретiнде тарих сахнасында шықты. Б.э.д. V ғасырдың екiншi жартысында грек-парсы соғысынан кейiн, Афинада және оның қоғамдық өмiрiнде мемлекет iстерiнде, саясат мақсатында маңызды факторға айналды.


Қазақ шешендiк өнерi де тамырын тереңге жайған, түркiлiк дүниетаным мен сөз құдiретiнен нәр алып, өсiп-өнген, өзiндiк ұлттық қасиеттердi бойына сiңiрген ұлы құбылыс.
Қазақ қоғамында да шешендiк өнердiң алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесiнде, ел басқару жүйесiнде, елдi сәулелендiру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжiрбиесiнде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негiзделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздiк толғамның танымдық. тәрбиелiк мәнi айрықша.
Қазақ шешендiк өнерiнiң пiспегi — шешен билер де, күбiсi — халық. Ел есiнде жүрген шешендiк нұсқалардың туындыгерi — шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгiндей сөз үлгiлерiн талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкелiп, кейде тiптi сан-саққа жүгiртiп әркiмдердiң (шешен-билердiң) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейiнгi бiздiң заманымызға келiп жеткен шешендiк сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татырлық дүниелер болып келедi.
Би-шешендер - шешендiк өнердiң негiзгi доминанты (қозғаушы күшi). Аталмыш өнер атауының өзi осы қалыптан шығып отыр. Ұлттық өнерiмiздiң тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (ХI-ХIIғ), Мөңке би(1207-1250), Едiге би (1354-1419), Бәйдiбек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнiбек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би(1676-1723), Қадiр-Тайжан, Тоқсан, Жанкiсi, Азтайлақ, Бөлтiрiк, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зiл-қара, Алшынбай, Асаубай секiлдi, сондай-ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердiң жарқын бейнелерiн әлi де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есiмiмен толықтыра, молықтыра айтуға болады.
Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла бередi. Белгiлi бiр өкiлдерiн шешен деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зiлқара шешен, Әлiбек шешен, Сүйiнбай шешен, Бөлтiрiк шешен, Шәңкi шешен, Мүсiреп шешен, Тұяқ шешен, ал ендi бiр сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Төле би, Әйтеке би, Бала би т.б. дeп атаy қалыптасқан.
”Орақ ауыз, от тiлдi” адамдарды шешен деп атау, бiздiңше, жалпы адамзатқа тән кең мағынасындағы шешендiк шиырларын игерген, яғни ағыл-тегiл алқа топта сөйлейтiн, сөзi мiрдiң оғындай дәлдеген жерге дөп тиген, халықтың сөз мәйегiне жарып өскен, бiрде астарлай, бiрде мысқылдай, бiрде түйдектетiп, сүйекке жеткiзiп, мақтаменен бауыздап, қажет жерiнде қара тасты қақ айырып түсiрерлiк семсерден бетер от ауызды, орақ тiлдi, ойы ұшқыр, қазылы қыран қанат, заңғар-заңғар ойлардан қас-қағымда сөз зергерлейтiн, ақпа-төкпе, ”тiл жүйiрiк пе, шын жүйiрiк пе” дегендей ақиқат шындық ой қуған қасиеттi шешендiк ұғымдарынан келiп шыққан.
Би атауы — әлгiндей емес, белгiлi бiр мақсатқа, мемлекеттiк мүддеге қызмет ететiн, жалпы шешендiктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердiң тобын көрсететiн атау.
Бұдан билердiң рөлi тек қоғамдық мәселелердi шешу үстiнде ғана айырықша да одан былайғы тұста шешендiк сипаты кемшiн соғады деген ой туындамауы керек. Өйткенi би дегенiмiз — ел– жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн, өткен-кеткен көне шежiресiн, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерiн, құпияларын жетiк бiлетiн, бүгiнгiге баға бертiн, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкiрек көмбелерiне ой көзiмен қарап көре алатын, қырлы-қырлы мiнез-құлықтарды айтқызбай-ақ тап басатын, ғылым-бiлiмнен хабардар, кемел пiкiрлерiн шешен тiлмен жеткiзiп беруде дара қасиетi бар бiртума жандар.
Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым бiздiң жадымызда көне Грек пен Римнiң сот залдарында, т.б. алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-тегiл сөйлеп, аудиторияны сөзiне ұйытып, айтар ойына мүлгiтiп тұрған оратор түсiнiгiнде ассоциациаланады да, би ұғымы заңдық, билiк күшi бар судья болмысы арқылы көрiнедi.
Осы екi ұғымды, екi болмысты, табиғатты жақындастыратын, жанастыратын қалып — шешендiк, шешендiк сөйлеу процесi. Шешендiк өнер iлiмi (риторика) ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктерi, iргелес орыс теоретиктерi шешендiк өнердi сөйлеу процесi тұрғысынан мейiлiнше жан-жақты талдады, iлгерi еңбектер жазды. Риторика iлiмiнiң көне және орта дәуiрiнде Протогор, Демосфен, Цицeрон, Аристотель, Квинтилион, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуiрiнiң көрнектi өкiлдерi Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле, Шекспир, орыс шешендiк өнерiнiң теориясында Макарич, Усачев, Ломоносов, Рижский, Мерзляков, Галюч, Каменский, Сперанский есiмдерi тарих бетiнде жарқырап қалды.
Қазақ шешендiк өнерiнiң зерттелу тарихы өткен ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастау алады. Мәселен, 1883 жылғы ”Дала уәлаяты” газетiнiң 24 санында Әлихан Бөкейханов ескi билердiң шешендiк сөздерiне аса iлтипат көрсетiп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген.
Ал шешендiк сөздерге ғылыми түрлендiрулер жасау үстiмiздегi ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан басталған.
Шешендiк сөздердi ауыз әдебитiнiң жеке саласы ретiнде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин есiмдерiмен тығыз байланысты. Алдыңғы тарауларда аталмыш ғалымдардың еңбектерiне көп орайда жүгiнiп отыратындықтан, бұл ретте зерттеулерге арнайы тоқталмаймыз.
Бұдан кейiнгi кезеңдегi шешендiк өнер тарихының зерттелуi Ә.Маметова, Б.Адамбаев еңбектерiмен толықты. Сондай-ақ фольклортанушы ғалым С.Садырбаев шешендiк сөздердi iшкi үлгiлерге жiктеуде өзiндiк ой-өрнегiн көрсете бiлдi.
Шешендiк сөздердiң әр жылдарындағы жиналып басылуына ат салысып, алғы сөздер жазып, өзiндiк ой-өрнектер, ғылыми тұжырымдар қалдырып жүрген ғалымдар қатарына Т.Кәкiшев, Ж.Дәдебаев, С.Қорабай, Н.Төреқұлов, М.Қазбеков сынды бұл iстiң үлкен жанашырларын атаған лазым.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу жылдарының алғашқы ширегiнде шешендiк сөздердi қаншалықты ауыз әдебиетiнiң жеке саласы (М.Әуезов. Әдебиет тарихы. Қызылорда, 1927) немесе дербес жанр деп танығанымызбен (С.Сейфуллин. Қазақ әдебиетi; Алматы. 1932) бұл тұжырымдар терең ғылыми теориялық байлам емес, сонымен қатар осы еңбектердегi алғашқы ой желiсi жете дамымай келедi. Сол тұстағы теориялық ой-толғақты былай қойған күннiң өзiнде, тарихилық принциптер тұрғысынан қаралған, шешендiк сөздердiң тарихи сiлемдерiн, генезисiн ашуға ұмтылған Ә.Мәметованың татымды пiкiрлерi жете бағаланбай «зерттеушi қазақ шешендiк сөздерiнiң бәрiн туғызған билер дейдi және бұрынғы би бiткендi халық қамын ойлаған ”Ұлы билер” деп толғаусыз дәрiптейдi” деген ”тұрпайы социологизм” теориясының қатал соққысына ұшырайды. Кейiн алғашқы ой өзегiнен айырылған еңбек ”...жұртшылықтың айтқан талап-тiлегiн, сын-пiкiрлерiн еске алып ”Қазақ әдебиетi тарихының” 1-шi кiтабында (1948) басылған ”Шешендiк сөздер” очеркiнде, негiзiнде, дұрыс қорытынды жасады” деп бағалануы әрi сол пiкiрдiң қатқан тоңдай күнi бүгiнге дейiн сiресiп жатуы, шешендiк сөздерге қатысты көптеген тарихи-теориялық сұрақтардың әлi шешiмiн таппағандығын көрсетедi.
Тағы да көңiлге қынжылыс тудыратын бiр жай – бұл саланы үзбей зерттеген, қажыр танытқан ғалым Б.Адамбаев еңбектерiндегi бұл жанр төңiрегiндегi пiкiрлерiн ұштайтын, ары қарай дамытатын маманның шықпауы, пiкiрталастың болмауы. Бұл жай сексенiншi жылдардың аяғына дейiн келдi. Тек осы кезеңнен кейiн ғана бiрдi-екiлi кандидаттық диссертациялар жазылды.
Ал ұзақ уақыт бойы Б.Адамбаевтың шешендiк сөздердiң жанрлық табиғаты жайлы айтылған пiкiрлерi, ой-толғамдары еш өзгерiссiз бiрден-бiрге көшiп келгенi, қағидаға айналғаны шындық. Ал мұның өзi аталмыш саланың историграфиялық материалының жұтаңдығын, сонымен қатар зерттеу барысындағы зерттеушi пiкiрiнiң бiр жақтылығына әкелiп соғады.
Б.Адамбаев зерттеулерi дәстүрге айналған шешендiк сөздердiң арнау, толғау, дау түрлерiн анықтап, табиғатын сипаттағанымен, бұл мәселеге көп аялдамай, көбiнесе шешендiк сөздердiң шығуына, тууына көңiл аударып кетуi, оның теоориялық мәселелерiнiң ұмыт қалуына айтулы фактор болды. Жанр табиғаты терең негiзделмей, жалпылама кең мағынасында сипатталып жатты, аралық жiк дұрыс түспедi, теориялық анықтамалар жасалмады. Сюжет, композиция, тiл, стиль, конфликт мәселелерi сөз етiлмедi. Қысқасы, поэтика мәселесi күрделi зерттеудiң принциптерiн қажет етуде.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1, 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 3, 5,8,9.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет