Программа дисциплины (Syllabus)


Тақырып 8. Шешендік сөздердегі тапқырлық



бет9/22
Дата25.04.2023
өлшемі459 Kb.
#86503
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Силлабус Медиариторика 6В01701

Тақырып 8. Шешендік сөздердегі тапқырлық
Мақсаты: Шешендік сөздердің теориялық табиғатына қатысты түсінік беру.

Шешендiк сөздердiң зор арқауы – тапқырлық. Ал шешендiк сөздердiң негiзi тапқырлықта екенiн жанр табиғатын зерттеп жүрген ғалымдарымыз әрдайым ескертiп отырады. Академик З. Ахметовтің: ”Шешендiк сөз үлгiлерi билiк айтқанда, дау-дамайда, талас-тартыста, әсiресе, жиi қолданылып, шыңдалып келген. Сондықтан шешендiк өнер, шешендiк сөздер ерекше тапқырлықты, ойды, Ұтымды өткiр етiп және көркемдеп, бейнелеп айтуды талап етедi”,- дейді.


Сонымен, тапқырлық дегенiмiз не? Тапқырлық дегенiмiз айтушының, сөйлеушiнiң, жазушының ойлау жүйесiндегi кереғар, қисапсыз деп жұртшылық санасында қалыптасқан ұғынықтардың қисыны, тоғысы. М. Твеннiң айтуынша: ”остроумие – это неожиданное соединение мыслей, которые до того, казалось, все находятся ни в каких отношениях”.
Елдiң жадында өзгермей сақталып қалатын шешендiк сөздерге байланысты ”шешендiк сөздерге нәр беретiн оның өзегi болатын тауып айтылатын, ұтымды, өткiр жауап, қағытпа сөз (реплика)” десек, қағытпа сөздiң жаны тапқырлықтың тәсiлдерi арқылы келген ой жеңiсi.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 2, 3,4,5.6, қосымша әдебиет 1,3, 10,11,12,14.].


Тақырып 9. Тапқырлықты туындататын тәсілдер
Мақсаты: Қазақ шешендік сөздерінің жарнлық табиғатындағы тапқырлықты туындататын тәсілдермен таныстыру.
Қазақ шешендiк сөздерiнде кездесетiн тапқырлықтың әдiстерi қандай? Бiздiң бұл мәселеге бұл тұрғыда келуiмiзге А.Н.Луктың: ”Изучение и сопостовление острот показывает, что в них используется ограниченное число формальных приемов”,– деген пiкiрi негiз болады.
Ушықтыру (ложное противопостовление) – мұнда ойдың қорытынды, түйiндi бөлiгi алдыңғы бөлiктерiне қарсылықты мәнде айтылғанмен шындығында сол ойды күшейтiп отырады:
Жорғада да бiр мiн бар,
Жүрiсi жайлы демесең…
Жал-құйрығын түйiп салсаң да,
Бәйгеден, сiрә, келмейдi... /Досбол би /
Ойдың алдыңғы бөлiгi жорғаның бiр мiнi бар екенiн айтқанда, арғымақтың құлағында ойнап өскен қазақ үшiн сол жорғаны ақтап алу, айтылған сөздiң орнын толтыру ниетi қылаң бередi, бұл жартылай орындалады да: жорғаның жайлы жүрiсi кемшiлiгiн толтырғандай болады. Бiрақ жорғаның жал қҮйрығын түйсең де бәйгеден келмейтiндiгi ойдың алдыңғы бөлiгiндегi жорғаның мiнi болып шығып, алдыңғы ойды бiрiктiре түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет