24-тақырып Мектептің, сыныптың оқу‐ тәрбие процесін диагностикалау ‐басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау. Оқу ‐тәрбие процеснің әртүрлі кезендеріндегі жағдайы мен оның жұмыс істеу туралы ақпарат‐диагностиканың негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері. Бастапқы, тактикалық, оперативтік.
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы және оның көрсеткіштері. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері. Мектептегі іс‐әрекеттерді болжау, нәтижелерін көрсету.
Педагогикалық процесті басқару мен оның жағдайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері. Мектепшілік бақылаудың түрлері және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс‐әрекеттерін бағалау өлшемдері педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс‐әрекетінің өлшемдері және көрсеткіштері. Педагогикалық процесті сипаттау мектептегі педагогикалық ұжымның іс‐әрекет өлшемдерін айқындаудың негізі.
Негізгі ұғымдар:
Педагогикалық процесс, мектеп ішілік бақылау, диагностика, ақпарат
25-тақырып Мектеп жұмысын жоспарлау Мектеп жұмысының барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық процесс туралы ақпаратты пайдалану.
Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасаудың формалардың мазмұндық бірлігі.
Мектеп құжаттары. Мектептегі басқарудағы мектеп құжаттарнынң ролі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатыг талаптар.
Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау,
26-тақырып Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс ‐педагогтың кәсіби шеберлігі мен мамандығының жоғарлатудың негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу‐тәрбие процесін тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру ‐ оның әдістемелік жұмысынынң сапасын арттырудың кепілі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау ‐мамандық шеберлігін шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау. Мұғалімдерді аттестацыялау, аттестацыяланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әректін сараптау үшін мектептегі оқу - тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдану, мұғалімдердің кәсіби іс әрекетін диагностикалау әдістемесі.
Сараптаудың мазмұны, ұйымдастырырылуы, өткілілуі.
Негізгі ұғымдар:
әдістемелік жұмыс, әдістемелік жұмыс түрлері, педагогикалық әрекетті диагностикалау, педагогикалық іс әрекеттерді өзіндік диагностикалау, педагогикалық іс әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.