Программа по специальности «5В050300 психология»


Жасөспірімдік кезеңінің психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет58/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

 
Жасөспірімдік кезеңінің психологиялық ерекшеліктері 
Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары. 
Жасөспірімдердің физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы индивидуалды және жыныстық 
айырмашылықтар. Жыныстық жетілудің бастамасы және жыныстық тәрбиенің әлеуметтік-психологиялық 
мәселелері. «Есею сезімі» түсінігі. Жасөспірімде таным мен қоғамдық қызығушылықтардың және жүріс-
тұрыс мотивтерінің (түрткілерінің) қалыптасуы. Осы жас кезеңіндегі қабылдау, елестету, зейіннің даму 
ерекшеліктері. Естің қайта құрылуы, жасөспірім есінің бастауыш мектеп оқушысынан негізгі ерекшеліктері. 
Естің басқа психикалық процестермен байланысының өзгерістері. Ес пен ойлаудың өзара байланысы. 
Жасөспірімнің оқу іс-әрекеті. Кәсіби бағыттылық мәселесі. Оқуға жағымды қатынасты қалыптастыру. 
Жасөспірімдік шақтағы тұлғаның дамуы. Ерте жастық шақ жасына өтудің негізгі алғышарттары. 
Жасөспірімдердің талпыну деңгейі. Ересектер мен балалар арасындағы өзара түсіну қиындықтары. Қарым-
қатынастағы қажеттілік, өзіндік бекіту және мойындау жас өспірімдік жастағы жетекші фактор ретінде. 
Жасөспірімдік шақтағы құрдастармен қарым-қатынасы, әр түрлі топтар мен бірлестіктердің қалыптасуы. 
МЕН-концепцияның дамуы. 
 
Ерте жастық шақ психологиясы 
Жоғарғы мектеп жасының (ерте жастық шақ) жалпы әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. 
Өмірлік жоспарлар мен кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру. Өмір мақсаттарын таңдау. Кәсіби 
бағыттылық ерте жастық шақтағы жаңа құрылым ретінде. Ерте жастық шақтағы мамандық таңдаудың 
психологиялық ерекшеліктері. Мектеп пәндеріне таңдамалы қатынас. Ата-аналар және мұғалімдермен өзара 
қарым-қатынас. Интимді-тұлғалық қарым-қатынас. Психикалық процестерді жетілдіру. Интеллектке 
жоғарғы талаптарды қалыптастыру. Ерте жастық шақтағы сана дамуының негізгі бағыттары. Жетекші іс-
әрекет мәселесі. Сана-сезімнің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі басқарудың дамуы. Ойлау, сөйлеу, қиял 
дамуының ерекшеліктері. Ерте жастық шақтағы ойлау және оның қалыптасуының психологиялық шарттары 
(Ж.Пиаже). Өтпелі кезеңдегі жоғарғы психикалық функциялардың дамуы (Л.С. Выготский). Ғылыми 
көзқарастардың даму жолдары (Д.Б.Эльконин). Ерте жастық шақтағы тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. 
Дүниетанымының қалыптасуы. Ерте жастық шақтағы құндылық бағдарлар мен мотивтер. Моральды өзін-өзі 
анықтау. Кәсіби ниеттерді жүзеге асыруға дайындық. Алғашқы дербес қадамдар. Ерте жастық шақтағы 
өмірлік өзін-өзі анықтау. Ерте жастық максимализм. Пайымдардың тәуелсіздігі. Ерте жастық шақтағы 
маңызды әлеуметтік-мәнге ие қасиеттердің дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет