Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.І.Қызығушылықтыояту «Көңілкүйдіанықтау»ойыны Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады. Суретте олар адамның бет-əлпетін келтіруі керек (мəселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап т.б.). Олар суреттерін бір- біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін көңіл күйлерін көтеру тапсырылады.
Көңіл күйді табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру
Топтастыру.«Социометрия»əдісі Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас əрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл əдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.
Нəтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
Ітоп:«Ақтүс» ІІ топ: «Қызыл түс»ІІІтоп:«Жасылтүс»