«Программалау 1» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Бекітуге арналған сұрақтар



бет28/36
Дата28.10.2022
өлшемі192,98 Kb.
#45955
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. DLL модулі қалай құрылады?

  2. Экспорт және импорт бөлімдері не үшін қолданылады?

  3. EXE модулі қалай құрылады, DLL-ден импорттелетін идентификаторлар?

Әдебиеттер:

  1. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.

  2. С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.

  3. Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.

15 дәріс


Тақырыбы: С++ тілінің стандартты библиотекасы. Жалпыланған бағдарламалау.
Мақсаты: Информатиканы тереңдетіп оқыту мәселелерін қарастыру
Дәріс мазмұны:
1.С++ тілінің стандартты библиотекасы
2.Жалпыланған бағдарламалау.
3.Контейнерлі кластар.

  1. БҚ негізгі эксплуатациондық талаптары

Эксплуатациялық қажеттіліктер өңделінетін бағдарламалық қамтаманың функцияоналдану процесінде пайда болатын кейбір сипаттамаларын анықтайды. Осындай сипататамаларға жататындар:



    • дұрыстық - техникалық тапсырмаға сәйкес функционалдануы;

    • универсалдылық - кез келген қол жетерлік деректер мен қате деректерден қорғанудың дұрыс жұмысын қамтамасыз ету;

    • сенімділік - нәтижелердің толық қайталануының үміттілігін қамтамасыз ету (бөгеттен қорғанушылық), яғни әртүрлі келеңсіздікті дұрыс қамтамасыз ету жағдайында;

    • тексерілімділік - алынған нәтижелерді тексеру мүмкіндігінің;

    • нәтиженің дәлдігі – пайдаланушыға күтілген нәтижені беру;

    • қорғалғандығы – вирустардан және ақаулардан тәуелсіз жұмыс істеуі;

    • бағдарламалық сәйкестік – операциялық жүйеге сәйкес келуі;

    • аппараттық сәйкестік – аппараттық талаптарды анықтау және минималды талаптарды анықтау;

    • тиімділік – пайдаланушыға тиімді болуы;

    • бейімділік – пайдаланушыларға адаптациялнған жұмыс режимін ұсыну;

Бағдарлама немесе бағдарламалық өнімдердің талаптары бөлімі келесі бөлімдерден тұруы керек:

    • функционалдық мінездемелердің талаптары

    • сенімділік талаптары

    • эксплуатациалау шарттары

    • техникалық құралдардың құрамы мен параметрлеріне талаптар

    • ақпараттық және бағдарламалық үйлесімділік талатары

    • макерлеу және қораптау талаптары

    • транспорттау және сақтау талаптары

    • арнайы талаптар

Жоғарыда аталғандардың ең маңыздысы функционалдық мінездемелердің талаптары болып табылады. Бұл бөлімде орындалатын функциялар тізімі көрсетілуі және кіріс деректерді бейнелеу мен нәтижені көрсету формалары және мінездемелері құрамы сипатталу қажет. Бұл бөлімде қажет болғанда эффективтілік критериялары көрсетіледі: жүйенің жауап беруінің мүмкін болған максималды уақыты, пайдаланылатын жедел жадының және/немесе сыртқы жадының максималды көлемі және т.б.
Сенімділік талаптары бөлімшесінде құрастырылып жатқан жүйе қамтамасыз етуі қажет болған сенімділік деңгейі және бұзылудан соң жүйенің қалпына келу уақыты көрсетіледі. Сенімділікке қарапайым талаптары бар жүйелер үшін бұл бөлімде кейде құрастырылып жатқан өнімнің нәтижелерінің сенімділігін арттыру іс-әркеттері қарастырылады. (кіріс және шығыс деректерді бақылау, аралық нәтижелердің резервтік көшірмесін жасау және т.б.)
Эксплуатациалау шарттары бөлімінде эксплуатациалау шарттарына ерекше талаптар көрсетіледі: қоршаған ортаның температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (егер құрастырылып жатқан жүйе стандартты емес жағдайларда эксплуатацияланса немесе арнайы сыртқы құрылғыларды пайдаланса, мысалы, ақпаратты сақтау үшін) және т.б. Бұл жерде қызмет көрсету түрі, персоналдың қажетті саны және санаткерлігі көрсетіледі. Кері жағдайда оларға ешқандай талаптар қойылмағанын көрсету керек.
Техникалық құралдардың құрамы мен параметрлеріне талаптар бөлімінде қажетті техникалық құралдардың құрамы және олардың негізгі техникалық мінездемелері көрсетіледі: микропроцессор типі, жады көлемі, қажетті сыртқы құрылғылар және т.б. Мұнда жиі конфигурацияның екі нұсқасы көрсетіледі: минималды және рекомендацияланған.
Ақпараттық және бағдарламалық үйлесімділік талатары бөлімшесінде шешу әдістерін беру; құрастыру үшін бағдарламалау тілі мен ортасын, пайдаланылатын операциялық жүйе мен басқа жүйелерді және құрастырылып жатқан БҚ өзара әрекеттесуіне қажет қолданбалы бағдарламалық құралдарды анықтау мүмкін. Бұл жерде ақпараттық қауіпсіздіктің қандай деңгейі қарастырылу қажеттілігі көрсетіледі.
Бағдарламалық құжаттама талаптары бөлімінде бағдарламалаушының оқу құралдары, пайдаланушының оқу құралдары, жүйелік бағдарламалаушының оқу құралдары, түсіндірме жазуларының бар болу қажеттілігі көрсетіледі.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер бөлімінде экономикалық эффективтілікті, болжанданған бір жылдық шығынды және басқа осындай бағдарламаларға қарағанда салыстырмалы экономикалық артықшылықтарын көрсету кеңес беріледі.
Құрудың стадиялары мен кезеңдері бөлімінде құрастыру стадияларын, жұмыстың кезеңдері мен құрамын, құрастыру мерзімдерін көрсету керек.
Бақылау және қабылдау тәртібі бөлімінде сынақ түрлерін және жұмысты қабылдауға жалпы талаптар көрсетіледі.
Верификация – осы кезеңде жеткен АЖ-ні әзірлеудегі ағымдағы жағдайы осы кезеңдегі талаптарына жауап беретінін анықтайтын процесс.
Тексеру әзірлеудің параметрлерінің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағдарламалауға мүмкңндңк береді.Тексеру нақты және күтілетін нәтижелердің арасындағы айырмашылықтарды теңестірумен және АЖ-нің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағалаумен байланыстыболатын тестілеумен де сәйкес келеді. Жобаны жүзеге асыру процесінде идентификация (текңестіру) сұрақтары, конфигурацияның жекелеме компоненттерінің және тұтастай жүйенің өзін сипаттау және бақылау сұрақтары маңызды орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет