Бекітуге арналған сұрақтар. 1. Мектептің оқу жоспарында "информатика және есептеуіш техника негіздері" пәнінің алатын орны.
2. Мектеп информатикасы бөлімдерінің мазмұны.
Әдебиеттер:
Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.
А.В. Замулин. Курс лекций: Объектно-ориентированное программирование (С++)
А.В. Замулин. Курс лекций: ООП (С++, Ява, C#)
Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. Третье издание. — М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1999.
№ 5 дәріс
Тақырыбы: Үлгілер
Мақсаты: Информатика пәнін оқытудың түрі – сабақты ұйымдастыру
Дәріс мазмұны: 1.Үлгілер (шаблоны)
2.Тұқымдық кластар
Жалпы білім беретін орта мекгептерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Мектепте сабақ сынып- сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты кұрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады.
Сабақты ұйымдастырудың ерекшелігі. Бүгінгі күні сабақ - білім беру мен оқушы іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі - сабақтың құндылғы. Сабақың құңдылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез-келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс-әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс-әрекетін түрлендіріп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс-әрекеттің жүйелілігі, олардың қа йталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.
Оку сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл-ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
Оқыту әдістерін қолдануда, а) оқу материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне қарай тандап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми-теориялық негізін қалайды.
Осы орайда, Л.Н. Толстойдың "... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақгы ойластырса жөне оны окушының шама-шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой-өрісін көбірек кадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақырып отыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады" - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалады.