Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


sizeof(fl oat) ≤ sizeof(double) ≤ sizeof(long double)



Pdf көрінісі
бет16/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

sizeof(fl oat) ≤ sizeof(double) ≤ sizeof(long double)
sizeof(char) ≤ sizeof(short) ≤ sizeof(int)≤ sizeof(long)
ЕСКЕРТУ
 
Бүтін типтер үшін олардың ең кіші жəне ең үлкен мүмкін болатын мəндері типтің 
жүзеге асырылуына байланысты болып келеді жəне олар 

(


тақырыптық файлында, ал нақты типтердің сипаттамалары 
<fl oat.h>
(

) файлын-
да, сонымен қатар 
numeric_limits
класының шаблонында көрсетілген («Стандартты 
кітапхананың басқа құралдары» бөлімін жəне 5-қосымшаны қараңыз, 411 б.). 
Мəліметтерді бейнелеу дəлдігімен жəне олардың өзгеру диапазоны-
мен ерекшеленетін бүтін жəне нақты типтердің бірнеше түрлері программа 
құрушыға компьютердің нақты аппаратуралары мүмкіндіктерін барынша 
тиімді қолдану үшін енгізілген. Өйткені программаны орындау жылдамдығы 
мен пайдаланылатын компьютер жадының көлемі көбінесе қолданылатын 
типтерді таңдауға байланысты болып келеді. Алайда компьютердің белгілі 
бір түрі үшін тиімді түрде жұмыс істейтін программа басқа платформаларға 
көшіру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін, сондықтан, жалпы жағдайда, 
мəліметтер типтерінің нақты сипаттамаларына тəуелді болмауға тырысу 
керек. 
void типі
Аталған типтерден басқа C++ тілінің негізгі типтеріне 
void
типі де жатады, 
бірақ бұл типтің мəндер жиыны бос болып табылады. Ол мəн қайтармайтын 
функцияларды анықтау үшін, функцияның аргументтерінің жоқ екенін 
көрсету үшін (функциялар жайында 74 б. айтылған), нұсқауыштардардың 
базалық типі ретінде (49 б.) жəне типтерді түрлендіру операциясында (54 б.) 
қолданылады.
Программа құрылымы
C++ тіліндегі программа функциялардан, сипаттамалардан жəне пре-
процессор директиваларынан тұрады. Функциялардың біреуінің атауы 
main
болуы тиіс. Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторы-
нан басталады. Функцияны анықтаудың қарапайым форматы төмендегідей 
болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет