112
Айнымалыларды жариялау кезінде инициалдаған жөн, ал жариялауды
оларды тікелей қолданылу орнына жақын орындаған дұрыс. Басқа жағынан
алғанда, функцияның жергілікті (локалды) айнымалыларының барлық жа-
рияланымдарын табуға жеңіл болатындай етіп, блок басында орналастырған
ыңғайлы болады. Функциялар көлемдері үлкен болмаған жағдайда жоғарыдағы
екі ұсынысты да біріктіру мүмкіндігі бар.
Глобалды (ауқымды) айнымалыларға қарағанда локалды (жергілікті) ай-
нымалыларды қолданған жөн. Егер бəрі бір ауқымды айнымалыны қолдану
қажет болса, оны статикалық айнымалы ретінде жариялаған жөн, бұл оның
əрекет ету аймағын бастапқы бір файлмен шектейді.
Функцияға қажетті барлық ақпаратты параметрлер ретінде беруге
ұмтылу қажет, өзгерістерін бақылау қиынырақ болатын ауқымды айныма-
лылар арқылы ақпаратты бермеген жөн.
Функцияда өзгермеуге тиісті
кіріс параметрлерді мəні бойынша емес,
тұрақтылық сілтемелер ретінде берген жөн. Бұл тəсіл программаның
оқылуын жеңілдету жəне кездейсоқ қателердің туындау мүмкіндігін азайту-
мен қатар, əлдеқайда тиімді болып саналады, əсіресе күрделі объектілерді
беру жағдайында оның тиімділігі басымырақ болады. Аталған артықшылық
көлемдері нұсқауыш көлемінен кіші параметрлер үшін орындалмайды – олар-
ды мəні бойынша берген тиімді (
const
түйінді сөзін жазуды ұмытпаңыз) бо-
лып табылады.
Функцияның
шығыс параметрлерін сілтеме арқылы емес, адрес арқылы
берген жөн, осылайша функцияны шақыру семантикасынан оның ішінде па-
раметр өзгеріске ұшырайтынын түсіну мүмкін болады.
Функциядан жергілікті (локалды) айнымалыға сілтеме қайтаруға болмай-
ды, себебі ол айнымалының əрекет ету аймағы болып табылатын функциядан
шығу кезінде автоматты түрде жойылады. Функция ішінде динамикалық жады
аймағында
Достарыңызбен бөлісу: