Просит принять срочные меры и оградить хозяйствующие субъекты Северо-Казахстанской области от неправомерных действий монополиста энергопередающей компании тоо «СевКазЭнергоцентр»



бет29/31
Дата29.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88457
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Диссертация от 18.04.2013г.

Біріншіден, Ата заңға соттан басқа мемлекеттік биліктің тармақтарына кірмейтін адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік органдаға Конституциялық Кеңеске конституциялық емес заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тану жөнінде өтініш беру туралы. Ол органдар – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Әділет министрі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл, әрі біркелкі қолдануына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл органның басты міндетіне адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және олар бұзылған жағдайда қалпына келтіру жатады. Сондай-ақ, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 43 бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде белгіленген құзіретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарына кіреді. Сонымен қатар, прокурор Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңға сәйкес Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық жасайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне келетін болсақ, онда бұл органның негізгі қызметі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бірақ, бұл органның тиісті қорғайтын қолы қысқа. Адам және азаматтар, ұйымдар мен кәсіпорындар көп жағдайда осы органға өздерінің құқығын қорғау туралы өз өтініштерін, шағымдарын жіберіп жатады. Бұл орган ол арыз шағымдарды сот органдарымен қоса басқа да мемлекеттік органдарға жібергеннен басқа өкілеттіктері жоқ деп те айтуға болады. Бірақ, мұнда Конституцияның 78-бабының негізінде Омбудсменге соттар арқылы бұл құқықты жүзеге асыру көзделген болатын. Ал біздің бұл туралы ойымыз басқаша. Біздің ойымызша, Омбудсмен өзінің өтініш жолдау құқығын Бас прокурор арқылы жүзеге асыруы қажет. Оны түсіндіріп жатудың себебі де жоқ шығар. Бас прокуратураның тиісті бөлімдері мұқият тексеріп, зерделеп болған соң ғана, өтінішті қажет болған жағдайда ғана жібереді. Егер мүмкін болып жататын болса, өздерінің наразылық білдіруімен-ақ жоюға болады.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Әділет Министріне де дәл сондай міндет, яғни Конституциялық Кеңеске өтініш жолдау бойынша жүктеу қажет. Себебі, Әділет министрлігі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 43-бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрі және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде белгіленген құзіретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарына кіруімен қатар, осы заңның 38-бабының 1 тармағына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алады. Сонымен қатар, осы заңның 35-1 бабының 1-бабына сай орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет