Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет19/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
«Кім екенін тап» ойыны 
 
МақсатыТоп мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі. 
Əрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпестен, өз-өзіне психологиялық мінездеме 
жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған 
беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап 
окиды. Топ мүшелері мінездемесінің иесін табуы керек. Бұл жаттығу өзгелерді 
дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді. 
Мен кіммін? 
Жүргізуші «мен» тұжырымдамасын таныстырғаннан кейін қатысушылар мен 
кіммін деген сұраққа «мен» бейнесіне кіру арқылы жауап береді. Ю.В. 
Валентиннің «мен» тұжырымдамасы бойынша 
Мен - тұлғамын; 
Мен - баламын; 
Мен - жігітпін, (қыз); 
Мен - Дамежанмін; 
Мен - оқушымын; 
Мен - доспын.... 
 
Əр оқушы өзін əлеуметтік ортаға кім екенін анықтап жазады. 


Жаттығу «Жобалы сурет» 
 
Мақсаты: Қарым-қатынастың перцептивті жағын дамыту; эмпатияға 
қабілеттілікті дамыту; тұлғаны топтық бағалау; Т апсырманың мазмұны екі 
сурет салуда: «Мен қандай болсам, сол қалыптамын», «Мен мынадай болғым 
келер еді». Суретке ештеңе жазылмайды авторы да анонимді болады. Қалауы 
бойынша ғана, автор өзін таныстырып, кімнің интерпретациясының ұнағаны 
туралы айтады (шынайы). 
Жаттығу «Бестік» 
 
Қатысушылардың назарын жəне зейінділігін жаттықтыратын өте қарапайым 
жəне көңілді ойын. Барлық қатысушылар шеңберге тұрады. Əр қатысушы 
(жүргізушімен қоса) натуралді сандардың қатарын айтады: бір, екі, үш. бес 
санына аяқталатын санды атауға тыйым салынады (мысалы 5, 10, 15 жəне т.б). 
Егер қатысушыға сол сан тап келсе, ол үнсіз секіріп немесе қол шапалақтау 
керек. Кім қателессе, сол ойыннан шығады. Ойын зейінді 3 қатысушы қалғанға 
дейін созылады. Бес санының орнына басқада санды қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет