24 ТРЕНИНГ
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы: Əрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады:
«Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...» Бұл сөйлемді адамның сыртқы
келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен
аяқтау керек.
1. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
2. Көршіңіз «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде
қандай сезімде болдыңыз?
«Көңілді күлегештер» жаттығуы
1 тапсырма. Мына картинада суреттелгенді зейін аударып қарап, есте
сақтап қалуға тырыс (есте сақтау үшін 1 минут уақыт беріледі, одан кейін
картинаны алып тастау қажет).
2 тапсырма. Бұл суретті қандай əдіс тəсілмен есте сақтағаныңды айтып бер.
Талқылау үшін сұрақтар:
- Картинада неше күлегештер бейнеленген?
- Олар қалай киінген? Олардың костюмдарын бейнелеп бер
- Күлегештердің қолдарыңда қандай да бір заттар барма?
- Қандай түрде күлегештердің денесінің орналасуын, қалпын есте сақтап
қалдың?
- Есіңе түсір, күлегештер неге оралған еді? Олардың аяқ киімдері бірдей
болдыма немесе əртүрлі болдыма?
- Барлық күлегештер көңілді болдыма əлде жоқпа?
- Күлегештердің шаш қою үлгісін есіңе түсір.
3 тапсырма.Барлық есте сақтап қалғандарынның суретін сал.
Нақты талқылаудан, ойыншы салған суреттен кейін оған басқа сурет
көрсетуге болады.
4
тапсырма. Мына сурет қарада алдыңғы суреттен
өзгешелігін тауып көрсетуге тырыс.
|