Психолингвистика пәні бойынша


-сурет. Адам коммуникациясының схемасы



Pdf көрінісі
бет16/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
2-сурет. Адам коммуникациясының схемасы 

Сӛйлеушіде  (кодтаушыда)  қандай  да  бір  хабар-1  пайда  болды.  Сӛйлеу  мүшесі 

арқылы  (жеткізуші)  сӛйлеуші  бұл  хабарды  кодтап,  сигналға  айналдырады.  Сигнал 

байланыс  каналы  (ауа  толқыны)  арқылы  беріледі.  Ол  тыңдаушының  есту  мүшесіне 

(қабылдағышқа) жетіп, коды шешіледі, яғни сигнал хабар-2-ге  айналады. Коммуникация 

жүзеге асуы үшін кодтау да және кодтың шешілуі де ортақ код (тіл) негізінде жүргізілуі 

тиіс және  «кедергілер» (шулар) коммуникация барысында туындауы мүмкін. Сондықтан 

адамдар бір-бірін  жиі  түсіне бермейді немесе мүлдем түсінбейді.  

Байланыс  каналын  қолдануда  мәліметтің  (информацияның)  эффективтілігі  мен 

сенімділігінің (эффективность и надежность) алатын орны зор. Қасиеті жағынан әсерлілік 

пен  сенімділік  –  антагонистік  параметрлер.  Эффективтілік  –  байланыс  каналы  арқылы 

Код (тіл) 

Байланыс каналы 

Кедергілер 

Жіберуші 

жеткізушімен бірге 

(сӛйлеуші) 

Алушы 

қабылдағышпен 



бірге (тыңдаушы) 


 

17 


уақыт бірліктерінде берілетін мәліметтің кӛлемі.  Айталық,  бір информацияны мазмұнын 

сақтай  отырып,  байланыс  каналы  арқылы  екі  есе  тез  немесе  екі  есе  кӛлемін  қысқартып 

беруге  болады.  Егер  мәлімет  неғұрлым  эффективті  болса,  соғұрлым  байланыс  каналын 

қолдану  жақсара  түседі,  мәліметті  жеткізуге  уақыт  және  күш  аз  кетеді.  Сондықтан  да 

адамдар  ӛздерінің  хабарлайтын  ақпараттарының  қысқа,  компактты  болуына  ұмтылады.  

Бұл  заңдылық  лингвистикада  экономия  принципі  деп  аталады.  Түрлі  кедергілерге 

байланысты  әрқашан  хабар-2  хабар-1-ге  сәйкес  келе  бермейді.  Сондықтан  кез  келген 

коммуникацияның мақсаты хабар-2 хабар-1-ге сәйкес келу керек. Хабар-2-нің хабар-1-ге 

сейкес келу деңгейі  сенімділік атқа ие болады. Коммуникация үшін бұл екінші параметр 

ӛте  маңызды.тыңдаушы  сӛйлеушіні  жақсы  түсіну  үшін,  сӛйлеушінің  сӛзі  сенімді 

(надежный) шығу үшін, тіл иесі ақпаратты баяу, қайталап, оның кӛлемін ұлғайтып отыруы 

қажет. Неғұрлым эффективтілік жоғары болса, соғұрлым сенімділік тӛмен болады немесе 

керісінше.  Бұл  екі  тенденцияның  антагонизмі,  олардың  ӛзара  шектеуіштік  бағыты 

қалыпты    (нормальный)  сӛйлеудің  жартылай  эффективті  және  жартылай  сенімді  болуы 

тиіс екенін білдіреді. Егер сӛйлеу тым эффективті болса, онда түсінуде қиындық туғызуы 

мүмкін. Мысалы, хабарды максималды түрде қысқарту сигналдың шамалы ғана кедергіге 

ұшырауында  түсініксіздікке  алып  келетін  телеграммаға  байланысты  белгілі  (анекдоттық 

немесе реальды) оқиғалар бар. Сенімділіктің қандай да стандартының басымдылығы кӛп 

сӛзділікке  алып  келеді.  Мұндай  адамды  тыңдау  жалықтырады,  ӛйткені  жаңа 

информацияны  білдірмейтін  сигналдармен  толығып  кеткен.  Демек,  эффективтілік  пен 

сенімділіктің  факторларының  ӛзара  әрекеттестігі  тек  қана  байланыстың  техникалық 

жүйесінде  кӛрініп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  адамдардың  тілдік  қызметі  үшін 

универсальды мәнге ие.  

Психолингвистика-54 ауызша сӛйлеуде бір мезгілде қолданылатын үш байланыс 

каналын  қарастырады:  вокальды-аудиторлық  (коммуникацияға  қатысушының  бірі 

сӛйлейді,  екіншісі  тыңдайды),  жестік-визиуалды  (коммуникацияға  қатысушының  бірі 

жесттер  жасайды,  екіншісі  тыңдайды),  маниппулациялы-ситуациялық  (сӛйлемді 

құрастыруда  қолданылатын  құралдарды  таңдау  тілдесу  жүзеге  асып  жатқан  ситуация 

ерекшелігіне тәуелді).  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет