мүмкіндігін жоғалтады деп есептеледі. Бірақ тарих беттерінде адамдар арасында
тәрбиеленбеген балалар қалыпты адамша ӛмір сүруге оралғаны жӛнінде мысалдар бар.
таныс. Шын мәнінде, повестің соңы жоқ: Маугли адам қоғамында ӛмір сүруге бейімделе
алды ма, қалыпты адам бола алды ма, белгісіз. Бірақ Маугли жайындағы оқиға – деректі
түрде дәлелденген фактілер қатарының Р.Киплинг тарапынан болған әдеби ӛңдемесі ғана.
Мысалы, Геродат баяндауындағы Псамметих патша жӛнінде айтатын болсақ, Египетті
б.э.д. ҮІІ ғ. билеген патша жер бетіндегі ең ескі халық кім екенін білгісі келеді. Ол
қойшыға жаңа туылған екі нәрестені адам аяғы баспайтын жерге апаруды бұйырады.
сӛзге ұқсайтын) сӛзді естиді. Қойшы екі баланы патшаға алып келеді, патша «бекос» сӛзі
қай тілде кездеседі және оның мағынасы қандай екенін білу үшін кеңесшілерін жинайды.
24
Ақылшыларының бірі бұл сӛз орталық Түркияда ӛмір сүрген фригийлердің тілінде бұл
сӛздің бар екенін және «нан» деген мағына беретінін айтады. Осыдан бастап египетіктер
фригийлер ең кӛне халық екенін мойындапты-мыс.
Осындай қатігез эксперимент жасаушылардың бірі - Үнді императоры – Ұлы
Ахбар және ІҮ Джеймс Шотландық (1473-1513). Соңғысы (ІҮ Джеймс) ұзақ уақыт бойы
қапаста ұсталған нәрестелердің алғашқы сӛздерін естіп, балалар таза иврит тілінде сӛйлеп
жатыр деп хабарлайды.
Ғылымда ең белгілі оқиғалардың бірі - Викторге – Авейрондағы жабайы балаға
байланысты оқиға. 1800 жылы Францияда Сант-Сернан ауылынан алыс емес Авейрон
провинциясында 11-12 жасар ұл-бала табылған. Оны Виктор деп атаған. Ол адамша бір де
бір сӛз айта алмаған, тек аңдарша ырылдай білген. Бала мадам Герин отбасына
тәрбиелеуге берілген. Бірақ бала сӛйлеуді үйрене алмайды, бірақ арнайы ӛзіне арналып
жазылған карточкадағы сӛздерді оқи алған, кейін тіпті жаза білген. Виктор 38 жасында
қайтыс болады.
1970 жылы АҚШ-та тағы бір 13,5 жасар «жабайы бала» табылған. Дженни есімді
қызды әкесі бір жарым жасынан бастап 12 жыл жабық бӛлмеде ұстаған. Психологиялық
тестердің кӛрстекіші бойынша, ол қыз екі жасар бала тілді меңгеру деңгейінде қалып
қойған. Дегенмен, Дженни тілді басқа балалармен ойнауға, оларды тіпті алдауға қолдана
білген. Бірақ Дженнидің тілдік дамуы тӛмен деңгейде қалып қойды және оған кӛп кӛңіл
бӛлгенмен де оның сӛйлеуі грамматикалық жағынан дұрысталмады.
Келесі бір «жабайы бала» Изабелла болды. 1938 жылы американдық зерттеуші
Мэри Мэсонге 6,5 жасқа шейін керең-мылқау шешесімен ӛмір сүрген қыз әкелінді. Жарты
жылдан соң интенсивті оқытудан кейін ғана Изабелла алғашқы сӛздерін және кейін
құрлымы жағынан күрделі сӛйлемдерді айта бастады.
Алайда ең ғажайып оқиға Элен деген американдық қызға байланысты. Бір жыл
жеті айында аурудан соң кӛзі соқыр, құлағы керең болып қалады. Психолог Анна Мэйси
оны қолын заттарға тигізе отырып тілге үйретті. Телефонды ойлап тапқан Александр
Беллдің арқасында, Элен сӛйлеуді үйренді (жоғары және монотонды дауыспен) және
Брайлдің соқырларға арналған әліппесі бойынша оқи білді. Нәтижесінде 1903 жылы тіпті
«Менің ӛмірім» деген кітап жазып шықты.
Жоғарыда келтірілген мысалдар бала тек адамдар қоғамында ғана адам бола
алатынын дәлелдейді. Егер ежелгі аңызға және «бекос» сӛзіне оралатын болсақ, мұнда
балалар фригид тілі былай тұрсын, ешқандай тілді де білмеген. Негізінде, олар
адамдардан емес, ешкі және қойлардан күнделікті естіп жүрген дыбыстарды қайталауға
тырысқан.
Достарыңызбен бөлісу: