Тілді игеру адамдармен тілдесу барысында және ойлаудың ішкі символдарына
айналатын тілдік белгілерді меңгерудің арқасында дүниені түсіну (тану) процесін
(процесс постижения мира) бейнелейді.
Қазіргі таңда тілді игеру теориясы (сӛйлеу онтогенезі) кең ауқымда
қарастырылатын дисциплина болып табылады. Психолингвистика аясында пайда
болғанымен, ол ертеден-ақ ӛзіндік ерекше, дербес статусқа ие.
1. Табиғаттағы жануарлар тілі
Адамның тілі шықылықтау, ысылдау, мӛңіреу, ысқыру, ызыңдау және т.с.с.
жануарлар әлемінде кездесетін коммуникативті құралдардың кішкене бӛлігі ғана. Жан-
жануарлар тілі сигнализацияның ӛте күрделі емес жүйесін құрайды. Түрлі модальдық
реңкке ие сигналдар арқылы (дыбыс, қимыл-қозғалыс, тұрыс (поза), иіс, түр-түс және т.б.)
жан-жануарлар бір-біріне маңызды биологиялық құбылыстар және жай-күйлер жайында
(қауіп-қатер, дабыл қағу, қорқыту сигналдары, қырындау (ухаживание) және т.б.)
информацияны жеткізеді. Сонымен қатар, жан-жануарлар азықтың орналасқан мекен-
жайын, ӛзінің кӛңіл-күйін және ниетін де сигналдар арқылы білдіре алады.
Жан-жануарлар тілінің адам сӛйлеу тілінен ең басты маңызды айырмашылығы –
семантикалық қызметтің болмауы. Жан-жануарлар тілінің элементтері сыртқы заттарды
дәл ӛздерін білдірмейді (не обозначает внешних предметов самих по себе), олардың
(заттардың) абстрактылы қасиеттері мен қатынастары әрқашан нақты (конкретті)
ситуацияға байланысты және конкретті мақсаттарға қызмет етеді. Сондай-ақ жан-
жануарлар тілінде адамдардың сӛйлеуінде маңызды рӛл атқаратын болымсыздық
21
функциясы жоқ. Жануарлар оқиға, құбылыстың ӛткен нақты уақытын кӛрсете алмайды,
шартты райлы конструкцияларды (егер де) құрастыра алмайды және т.б. Жануарлар мен
жәндіктердің әрбір сигналдарында белгілі бір мән бар. Күрделі құрылымдарды жасай
алатын сигналдар комбинациясы жануарларда мүлдем кездеспейді. Екі жасар балалардың
қарапайым екі-үш сӛзден құралған былдырлары жануарлар коммуникациясында
аналогтары (ұқсастары) жоқ. Тіпті жануарлардың эмоционалды күйін білдіретін кӛптеген
сигналдары логикалық түрдегі ұйымдасқан информация секілді емес, эмоционалды қозу
(заражения) механизмі бойынша әрекет етеді.
Жанурлар тілінің адам тілінен келесі бір ерекшелігі – генетикалық тұрғыдан
бекітілген, нәтижесінде жануарлар тілі шектеулі сигналдардың жабық жүйесіне айналады.
Әрине, мұндай сигналдардың мӛлшері үлкен болуы мүмкін (мысалы, аралар
информацияны таратуда тек қимыл-қозғалыстарды ғана емес, жанасуды да қолданады).
Жалпы алғанда, кез келген жануар дүниеге келгеннен ӛз түрінің (вид) тілін және
сигналдардың мәнін «біледі». Керісінше, адам тілі – ашық жүйе: ол генетикалық тұрғыдан
бекітілмеген және үздіксіз дамып және ӛзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |