Психолингвистика пәні бойынша


Тілді меңгерудегі  сындарлы (критикалық) кезең



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
4. Тілді меңгерудегі  сындарлы (критикалық) кезең 

 Кӛптеген  ғалымдардың  ескертуінше,  баланың  тілді  игеруі  спонтанды,  табиғи 

және  оның  (баланың)  ӛзі  жағынан  күш-жігер  жұмсамай-ақ  жүзеге  асады.  Балаларда  тіл 

мен  сӛйлеудің  қалыптасуының  мұндай  ерекшеліктері  орталық  жүйке  жүйесінің 

физиологиялық  жетілу  процесімен  және  бұл  кезеңдегі  оның  белгілі  бір  икемділігімен 

(пластичностью)  байланыстырады.  Жоғарыда  келтірілген  фактілер  тілді  игеруді 

қамтамасыз  ететін  жүйенің  қалыпты  түрде  дамуы  дер  кезінде  сӛйлеу  сигналдарының 

стимуляциясын (ынталандыру, дем беру, себепші болу) талап ететінін  кӛрсетеді. Мұндай 

стимуляцияның (мысалы, есту мүшесінің зақымдануы) жеткіліксіздігі сӛйлеуді меңгеруді 

тежейді.  

«Күш-жігерсіз»  тіл  игерілетін  жас  кезеңі  сындарлы  кезең  деп  аталады,  ӛйткені 

тілдік  тәжіребесі  жоқ  бала  бұл  кезеңнен  тысқары  тілді  үйренуге  қабілетсіз  болады. 

Сындарлы кезеңнің созылмалылығы әр түрлі айтылып жүр: туылғаннан бастап және 3-11 

жасқа шейін немесе екі жастан жыныстық жетілу кезеңіне дейін.  

Бұл  кезеңнің  созылмалығын  бағалаудың  бір  жолы  –  ерте  жаста  екінші  тілді 

меңгеру  барысында  акценттің  болу  мүмкіндігі  және  кӛрінісін  бақылау.  Зерттеулердің 



 

25 


нәтижесі  кӛрсеткендей,  12-13  жасқа  дейін  акценттің  болу  мүмкіндігі  прогрессивті  түрде 

жоғарылайды.  12  жастан  соң  шет  тілінің  интонациясын  имитациялау  (еліктеу)  қабілеті 

жойылады. Сондай-ақ айта кететін жай, тіл мен сӛйлеудің қалыптаса бастауының негізгі 

кӛрсеткіштері  динамикасы  12  жасқа  дейін  орын  алады  –  индивидуальды  артикуляция 

ерекшеліктері  жойылады,  антонимдерді  дұрыс  қолдана  біледі,  деректі,  сондай-ақ 

әлеуметтік-психологиялық  мағынаны  білдіретін  кӛп  мағыналы  сӛздер  мен  идиомдарды 

түсінеді. Бұл жас кезеңді кӛбінесе кекештікпен байланысты тілдік дамудағы ауытқулар да 

бақыланады.  

Кӛптеген ғалымдар Маугли-балалары егер 6-7 жастан аспаса қоғамға толыққанды 

адам  ретінде  орала  алады  деп  есептейді.  Психолингвистикада  бұл  жас  ана  тілін  игеру 

мүмкіндігі үшін сындарлы (критикалық) деп есептеледі. Мұнда баланың адам қоғамынан 

тыс  қалған  кездегі  жасы,  бұл  депривацияға  (тілдесуден  айрылу)  алып  келген  уақыты, 

кӛптеген  травмалар  (физикалық,  психологиялық,  әлеуметтік)  немесе  ақыл-есі  кем  болуы 

маңызды болып табылады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет