16. Онтогенездегі тілдік сананың қалыптасу теориясы
Онтогенездің ең қарапайым моделін ресейлік педагог П.П.Блонский ұсынады, ол
сӛзді меңгерудің тӛрт сатысын бӛліп алады: 1) сӛзден кейін сӛз келеді; 2) іс-әрекеттен соң
сӛз келеді; 3) сӛзден кейін іс-әрекет келеді; 4) сӛз іс-әрекетті алмастырады. Осыған ұқсас
теорияны Л.Блумфилд те ұсынған.
Биологиялық пен әлеуметтіктің қарым-қатынасы жӛніндегі сұраққа Пиаже
негіздемесі бар деп жауап береді. Оның гипотезасының мәні «тілдің пайда болу шарты
сенсомоторлы интеллекттің түрлі кезеңдерімен дайындалған шарттардың кең
жиынтығының бӛлігін құрайтындығында». Пиаженің есептеуінше, бала ӛзінің дамуында
екі этапты басынан кешіреді. Сенсомоторлы логика кезеңінде кейбір логиканы- әрекет
логикасын меңгеруге кӛмектесетін сенсомоторлы интеллект дамиды. Бұл оған іс-әркетті
генерализациялау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пиаже бойынша, бала
дамуының екінші кезеңі - бұл іс-әрекет логикасынан концептуальды логикаға ӛту. Бұл
процес бала ӛмірінің екінші жылында жүзеге асады. Интелект дамуының бұл кезеңінде
бала тілді семиотикалық құрал ретінде меңгере бастайды. Бала үлкендердің жесттерін
еліктейді, іс-әрекет схемасын ойша белгілей бастайды және онда семиотикалық қызмет
дамиды. Сонымен қатар, Пиаже баланың ақыл-ой дамуының үш түрлі стадиясында айтып
кеткен.
Бірінші стадиясы (операцияға дейінгі) шамамен 6 жаста аяқталады (еуропалық
балаларда). Бұл жаста баланың ақыл-ой қызметі, негізінен, тәжірибе мен іс-әрекет
39
арасында сәйкестікті орнатудан тұрады: баланың қызығушылығы заттарға манипулация
жасауға тіреледі. Бұл стадияда балада «қайтымдылық» (обратимость) түсінігі жоқ –
математика және физика негізінде жатқан кейбір фундаментальды түсініктер олардың
қабылдауына қиын (мысалы, топтарға бӛлгенде элементтердің жалпы саны ӛзгермейді
немесе заттардың формасы ӛзгергенмен салмағы сол күйінде қалады).
Екінші стадияда (деректі операциялар стадиясы) баланың мектепке
қабылдануымен басталады. Енді бұл – қарапайым іс-әрекет емес, шындық болмыс
жӛніндегі мәліметтерді санаға енгізуге кӛмектесетін операциялар, яғни әдістер. Операция
қарапайым іс-әрекеттен немесе мақсатқа бағытталған мінез-қылықтан екі қасиеті
жағынан ажыратылды: ол ойша жүзеге асырылады және ол қайтымды (обратима). Кейде
бұл стадияда баланың қайтымдылық жӛніндегі аңқау сенімі соншалық - ӛртеніп кеткен
қағазды қалпына келтіруге болады есептейді. Бала деректі және ӛткен тәжірибесінде
таныс болған заттарды ретке келтіруге және жіктеуге қабілетті, бірақ жалпы алдында не
болатынын сипаттап бере алмайды. Ол әзірше тікелей кӛре алмайтын немесе бұрын
ешқашан кездеспеген ситуцияларға анализ жасай алмайды. Басқаша айтқанда, ол
Достарыңызбен бөлісу: |