Сөйлеуді жасау процесі жалпы алғанда, сөйлеуші белгілі бір ережелер бойынша өзінің
түпкі ойын нақты тілдің сөйлеу бірліктеріне аударумен тұрады.
1. Тілдік қателер
Сӛйлеуді жасау тікелей бақылауға қолайсыз болуына қарай, тек оның аралық
және соңғы ӛнімі бойынша ғана ол жӛнінде талдауға болады. Алайда сӛйлеушінің түпкі
ойына соңғы ӛнім – мәтін және пікір айту сәйкес келе бермеуі мүмкін. Себебі сӛйлеу
барысында адам сӛйлеуде кідіріс жасайды, тоқтап қалады, сӛздерді алмастырады немесе
тіпті фраза құрылымын ӛзгертеді, ӛзін-ӛзінің қатесін түзейді және нақтылады. Табиғи
сӛйлеу процесі осындай жаңылуларға (сбоев) ие болғандықтан, кӛптеген зерттеушілер
сӛйлесім әрекетінің жасалу ережесі тілдік қателерді бейнелейді деп табады.
Психолингвистикада сӛйлесім әрекетінің жасалуы мен қабылдауына байланысты
орасан зор материал жиналған. Айталық, 1895 жылы тілдік қателердің атасы деп
саналатын Мерингер деген біреу ауызша және жазбаша тілдегі 8000-нан астам қателердің,
сондай-ақ дауыстап оқу барысында жіберілетін қателердің тізімін жариялаған.
Тілдік қателерге кідіріс (пауза), тербелу (колебания), түзетулер (исправления),
қайталамалар (повторы) және орнын басу (замещения), сондай-ақ жаңылыс айтылу
(оговорки). Виктория Фромкина жаңылыс айтылған сӛздерді (оговорки) 4 типке бӛледі:
ауыстыру (подстановка), орнын алмастыру (перестановка), қалдырып кету (опущение),
қосып алу (добавление). Оның пікірінше, бұл типтер фонема, буын, сӛз және
синтагмалардың психолингвистикалық шындыққа ие екенін растайды.
Фонологиялық деңгейдегі жаңылыс сӛздер айрықша ауыстырумен, яғни сӛздерге
қатар орналасқан бірінші және соңғы дыбыстарды алмастырумен байланысты. Кейінірек
болатын дыбысты алдын-ала болжап қою (предвосхищение звука) (1,2), айтылып
қойылған дыбысты қайталау (дыбысты қайталау) (3,4) ажыратылады. Сонымен қатар,
бір буынды келесі буынмен алмастыру да кездеседі (5,6).
Достарыңызбен бөлісу: |